Арқаңыз ауырып жүрсе не істесе болады? Арқадағы ауырсынуды қалай басуға болады? Профилактика

Арқаңыздың ауырғаны артта қалсын!

Арқасы ауырмайтын және тырыспайтын адам жоқ шығар. Бірақ іздеу жолдарына: «Арқам ауырады, не істеймін?» деп жазып, біреудің кеңесін іздегенше алдын ала шара қабылдап, осындай проблемалардың пайда болу қаупін мейлінше азайтуға болады.


Арқаңыздың ауыруының алдын алу
1. Көбірек қозғалыңыз 
Жүзу, жүру, велосипед тебу және басқа да дене белсенділігі арқаңызды жарақаттанудан сақтай отырып, оның бұлшық ет белбеуінің нығаюына жағдай жасайды.

2. Мүсініңізді бұзып алмауға тырысыңыз
Айнаның немесе дүкен әйнегінің жанынан өтіп бара жатып әрдайым өз бейнеңізге қарап мүсініңізге көз салыңыз. Бүкіреймеңіз, арқаңызды тік ұстауға мүмкіндік беретін ыңғайлы орындықта отырыңыз.

3. Сөмкеңіз ыңғайлы болсын
Ауыр сөмкелерді бір иығыңызда ұстап жүрмеуге тырысыңыз. Егер үнемі ауыр заттарды көтеріп жүруге мәжбүр болсаңыз, салмақ арқаңызға біркелкі түсу үшін арқа қоржын ұстап жүргеніңіз жөн.

4. Ыңғайлы матрас таңдап алыңыз
Сапалы матрастың денсаулыққа тигізетін пайдасы зор. Оған жұмсалатын ақшаны үнемдемеңіз. Матрастың ұзындығы сіздің денеңіздің ұзындығынан кемінде 20 см-ге ұзынырақ болу керек, ал ені – бір адамға арналған төсекте 80 см кем емес және екі адамға арналған төсекте 160 см кем емес болуға тиіс. Бір жамбастап ұйықтайтын адамдар жұмсақ матрас төсеп жатса болады, жұмсақтығы орташа матрастар шалқасынан ұйықтауды ұнататындар үшін қолайлы, ал қатты матрастарды етпетінен жатып ұйықтайтындар немесе мүсіні бұзылған я остеохондрозға шалдыққан адамдар пайдаланса болады.

5. Салмағыңызды қадағалап жүріңіз
Салмағыңыз неғұрлым ауыр болса, омыртқаңызға соғұрлым көп салмақ түседі. Сондықтан салмағыңыздың тиімді мөлшерін сақтауға тырысыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

6. Биік өкшеден демалыңыз
Әрине, биік өкшелі аяқ киіммен біз көзтартарлықтай, әрі  ұтымды көрінеміз. Бірақ оларды үнемі киіп жүрудің зияны бар екенін  ұмытпау керек. Аяқтарыңызға демалыс беріп тұрыңыз.

7. Бұлшық еттеріңізді ширатыңыз
Арқаңыз ауырмау үшін омыртқаны ұстап тұратын бұлшық еттерді ширату керек. Ол үшін етпетіңізден жатып, қолдарыңызды маңдайыңыздың астына қойыңыз. Денеңізді еденнен жайлап көтеріп жоғарғы қалыпта бірнеше секундқа кідіріп тұрыңыз, сосын жайлап бастапқы қалыпқа оралыңыз. Осы жаттығуды күніне 15-20 рет қайталаңыз.

Соңында бір қарапайым кеңес берейік. Бала кезіңізде шеңберді белімізге салып айналдырғаныңыз есіңізде ме? Бұл денеңіздің тонусын сақтауға көмектесетін қарапайым, әрі  көңілді жаттығу. Ендеше соны есімізге түсіріп күнделікті рационымызға қосайық! Бұл жаттығуды жалғыз өзіңіз немесе балаларыңызбен бірге жасасаңыз болады.

Деніңіз сау болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс