Бұлшық ет созылған кезде көрсетілетін алғашқы көмек

Бұлшық ет созылған кезде көрсетілетін алғашқы көмек

«Созылу» деп әдетте бұлшық еттердің немесе сіңірдің толық немесе жартылай үзілуін айтады. Мұндай жарақат алу өте оңай. Алдын ала қыздырылған бұлшық етке кенеттен салмақ түсірілген, епсіз қимыл жасалған немесе жай денеге мөлшерден асыра салмақ түсірілген кезде зақым келтірілуі мүмкін.


Денеміздің ең көп қозғалатын мүшелері болғандықтан көбінесе созылудан аяқ-қолдарымыз зардап шегеді. Сонымен қатар ауыр көтергеннен немесе ауыр салмақпен спорттық жаттығуларды дұрыс жасамағаннан пайда болатын арқа бұлшық еттерінің созылуы да өте ауыр жарақат болып табылады. Оның үстіне, арқаңызды ыңғайсыз қалыпта ұйықтап қалған жағдайда да байқаусызда жарақаттап алуыңыз мүмкін.

Жарақаттың алғашқы белгісі ауыру сезімдері болып табылады. Сонымен қатар ісік немесе тіпті қанды ісік пайда болуы мүмкін. Бұлшық еттің созылуы ауыр салдарға алып келмеу үшін дер кезінде және дұрыс көмек көрсетілу керек. Бұлшық ет жарақаттанғаннан кейінгі ең басты екі дауа – бұл тыныштық және суық. Созылған жерді уқалап сылауға мүлде болмайды. Жарақаттанған жер жайлы және қозғалыссыз күйде болу керек. Ол үшін оны иілгіш жаратаңғышпен немесе қол астыңызда жаратаңғыш болмаса кез келген матамен қысып байлап қою керек.

Ауырған және ісінген жерге суық компресс жасау керек. Мұндай ем-домдар орта есеппен әр төрт сағат сайын 30 минут бойы жасалу керек. Қанды ісік бар болған жағдайда жарақаттанған аяқты немесе қолды қанның келуіне жол бермеу үшін аздап жоғары көтеріп ұстау керек.

Жарақат ала салысымен қыздыратын майларды жағуға мүлде болмайды. Оларды жарақаттанған жердің айналасындағы қан тамырлары жазылғаннан кейін, яғни бірер күннен кейін пайдалануға болады. Дәріханалық жақпамайлардың орнына құм немесе тұз салынған жылы компрестер мен қолдан жасалған, мысалы үгітілген кір сабыннан (1 ас қасық), судан (2 ас қасық) және жұмыртқаның сарысынан жасалған компрестерді пайдаланғаныңыз жөн. Ең оңай жолы – дәкені ыстық сүтке батырып басу.

Жалпы бұлшық ет тез жазылады, олар созылған кезде қатты ауырып немесе қозғалысыңыз шектеліп қалмайды, бірақ мұндай жарақаттарға тиісті көңіл бөлінбеген жағдайда ауруыңыз асқынып, ұзаққа созылуы мүмкін. Сондықтан кейін бірнеше ай бойы жарақаттың салдарынан азап шеккеннен гөрі компрестерді үйіп қойып алған науқастың рөліне кіріп бір апта бойы қозғалыссыз күйде жатқаныңыз дұрыс.

crick

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бұлшық еттеріңіз созылған жарақатқа душар болып көріп пе едіңіз? Дәрігерге жүгіндіңіз бе, әлде үйде емделдіңіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс