Халықаралық қол жуу күні: қолды қалай дұрыс жуу керек?

Халықаралық қол жуу күні: қолды қалай дұрыс жуу керек?

15 қазан – Халықаралық қол жуу күні


15 қазанда бүкіл әлемде қол жуу күнін – осы қарапайым гигиеналық рәсімнің балалар мен ересектерде кездесетін бірсыпыра қауіпті аурулардың күшті профилактикасы екенін тағы да еске салуды мақсат еткен мерекені атап өтеді.

Алғаш рет осы мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған Тазалық жылы аясында 2008 жылы атап өтті. Содан бері ол танымал болып кетті. Бүгінгі таңда оны 70 астам елде атап өтеді және де олардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Осы мерекені тойлау аясында бүкіл әлем бойынша қолды қалай және не үшін жуу керектігін түсіндіретін жеңіл ойын түріндегі қызықты әрі танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Арнайы мереке үшін қала алаңдарына көптеген ашық түсті шұңғылшаларды орнатады, ал денсаулық сақтау қызметкерлері арнайы үйретілген ерікті көмекшілермен бірге не істеу керектігін айтып беріп, көрсетіп тұрады.

Қол жуу сияқты ұсақ-түйекке толық бір күн бөлудің қажеті қаншалықты дейсіңдер ме? Бар мәселе бүкіл жұқпалардың шамамен 80% қол арқылы берілетіндігінде жатыр, ал қолды сабынмен мұқият жуу сияқты қарапайым шара ауырып қалу қауіпін күрт азайтады. Демек, бұл жайында ескертіп отыру ешқашан артық болмас!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Қолды қай кезде жуу керек?

  • Тамақтану алдында.

  • Тамақ дайындау алдында.

  • Шикі етті немесе балықты ұстағаннан кейін.

  • Дәретханадан кейін.

  • Даладан кіргеннен кейін.

  • Түшкіргеннен кейін.

  • Жануарларды ұстағаннан кейін.

  • Жұқпаларды таратушылармен қарым-қатынастан кейін.

  • Үй жинаудан соң.

  • Жараны таңғанға дейін және кейін.

  • Қоқыс шығарғаннан кейін.

Қолды қалай дұрыс жуу керек?
Зерттеулердің деректері бойынша адамдардың бәрі бірдей қолды дұрыс жуа бермейді. Оны былай жасау қажет:

  • Шүмекті ашыңыз және суды жайлы температураға келтіріңіз.

  • Қолыңызды қатты немесе сұйық сабынмен сабындаңыз.

  • Егер қолыңызды қоғамдық жерде жусаңыз, шүмектің тұтқасын сабындаңыз. Әйтпесе, Сіз қайтадан кір шүмекті ұстайсыз да, бактериялардың көп бөлігі қолыңызға қайта келеді. Шүмектің тұтқасындағы сабынды жуып тастаңыз.

  • Қою көбік шығатындай қолыңызды тағы бір рет сабындаңыз.

  • Саусақтардың арасына, алақандарыңыздың ішкі және сыртқы жақтарына, сондай-ақ тырнақ астындағы теріге көңіл бөліп, қолыңызды кем дегенде 30 секунд жуыңыз.

  • Сабынды жуып кетіріңіз.

  • Шүмекті жабыңыз.

  • Таза орамалмен қолыңызды құрғата сүртіңіз.

Бүкіләлемдік Таза Қол Күніне қатысыңыз! Осы күні және күн сайын бактериялармен емес, қорғанышпен бөлісіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.