Күнді қалай бастау керек және таза болып қалу үшін не істеу керек  —  Discreet күнделікті төсемелері

Күні бойы өңді, әрі сергек болу үшін не істеу керек?

Бет ажарының жас болып көрінуі әйелге өз сұлулығын сезінуге көмектеседі. Таңертеңгілік душ пен жаңа іш киім күні бойы сақтап қалғың келетін сезімдерді сыйлайды. Ол үшін не істеу керек?


Күні бойы өзіңді жас болып сезіну үшін таңертең не істеу керек

Сағат шырылдады, төсектен тұру керек. Сіздің бүгінгі күніңіз таңертеңгі уақытыңызды қалай өткізетініңізге байланысты. Өзіңізге өзіңіз өң беріп, сергіп алыңыз, бүгінгі күніңізді жақсы көңіл-күймен бастаңыз! Сергіп алу үшін душқа түсіңіз, өзіңіз ұнататын таза іш киімді киіп алыңыз, күнделікті төсеме туралы ұмытпаңыз – онсыз балғындық сезімі тез кетіп қалады. Discreet күнделікті қолдануға арналған хош иістендірілген және жай төсемелерді шығарады. Discreet  көлемі мен қалыңдығы әйелдердің әр түрлі қажеттіліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Өзіңізге ыңғайлы болатын күнделікті төсемелеріңізді таңдап алсаңыз, балғындық сезімі сізбен бірге болады.

Сонымен қатар таңертең ояна салысымен міндетті түрде аш қарынға бір стақан су ішіңіз – ол зат алмасу үрдісін іске қосады, астың дұрыс қорытылуына көмектеседі және күні бойына жететін күшпен қуаттандырады.

Аяқтарымызға кірісейік

Жұмысқа барар алдында жылдам жүріспен жүрудің пайдасы зор. Жеке көлігіңіз бар болса да, оны жұмыстан қайтып келгенде таңертең оған жету үшін 15-20 минуттай жаяу жүретіндей үйіңізден алшақтау жерге қойыңыз. Егер жұмыс орныңыз онша алыс болмаса, көлікке мінбей-ақ қойыңыз, аяқтарыңызбен жұмыс істеңіз. Бұл ағзаңыздағы қанның айналысын жақсартады, тонусыңызды және теріңіздің әдемі көрінуін қамтамасыз етеді. Онымен қоса жылдам жүруіңіздің арқасында санаңыз оянып, күні бойы өзіңізді сенімді, әрі  мақсатқа жетуге қабілетті болып сезінесіз.

dsadfaf
Discreet Normal Plus

енді табу

Қалай тамақтансақ, солай көрінеміз

Жемістер мен көкөністердің пайдасын асыра бағалау мүмкін емес. Жүрек жалғайтын алма мен апельсинді өзіңізбен бірге ала кетіңіз. Жидектер піскен мезгілде оларды тоя жеу рахатынан бас тартпаңыз. Жидектер теріңіздің жұмсақтығы мен жастығын сақтауға көмектесетін коллагеннің шығарылуына жағдай жасайды. Теріңіздің құрғап кеткенін байқап қалдыңыз ба? Онда сәбіз бен өрікті көбірек жеңіз – бета-каротин теріңіздің табиғи жылтыры мен тегістігін қалпына келтіреді!

Жарқыным, ұйықтай ғой

Балғындық, сергектік сезімін және ақылыңыздың айқындығын сақтап қалу үшін ұйқыңызды қандырып демалғаныңыз жеткілікті. Бұл өзіңізге жасаған ең жоғары қамқорлық. Тіпті күніңіз ауыр болған болса да, оң эмоциямен ұйықтаған жөн. Сол күніңіздің жағымды сәттерін есіңізге түсіріп көріңіз. Егер ұйқыңыз келмесе, таза ауаға шығып серуендеп келсеңіз болады. Бөлмеңізді желдетіп алыңыз, себебі қалай ұйықтасаңыз, таңертең ұйқыдан сондай көңіл-күймен оянасыз. Ұйқыңыздың тыныш болуы, бөлме ауасының салқын болуы, жағымды ойлар ұйқыдан оянып, жаңа күніңізді сергек және қуаттанып бастауға мүмкіндік береді!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
nat

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер , Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
Camomile

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер, Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер