Қыста өзіңіз бен балаңызға жақсы ұйқыны қалай қамтамасыз етуге болады

Қыстыгүні ұйқының пайдасы

Қараңғы ерте түсетін қыстың суық мезгілінде жиі ұйқысырап және шаршап жүрген кездерде жылы жамылғының астына кіріп алып тәтті ұйқыға батып кеткің келіп тұрады. Тіпті кейде аюға ұқсап көктемге дейін ұзақ ұйқыға батып кеткің келеді.


Бірақ ауа райының ырқына көніп кетпеуге тырысу керек, сарапшылар қыс мезгілінде әдеттегі уақыттан асыра ұйықтаудың қажеті жоқ деп есептейді.

Орта есеппен адам жыл мезгіліне қарамастан тәулігіне 7-9 сағат ұйықтау керек. Ал ұйқының тым қысқа немесе тым ұзақ болуы ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Көптеген жануарларға қарағанда адамдардың қыс мезгілінде ұзағырақ ұйықтауына ешқандай себеп жоқ. Сондықтан қысқы ұйықтау тәртібіне ауысудың қажеті жоқ. Алайда сыртта аяз басып қараңғы болып тұрған кезде, аула тазалаушылардың қар күреп жатқаны естіліп жатқан уақытта қыста таңертеңгісін ұйқыдан оңай тұруды қалай үйренуге болады?

Ең алдымен, ұйқыңыздың сапасы туралы ойлауыңыз керек. Ағзаңыз бір түннің ішінде толығымен қалпына келетіндей ұйықтау жағдайларын жасауға тиіссіз.
• Қатаң тәртіпке бағынып бір уақытта ұйықтап тұруға дағдыланыңыз. Тіпті демалыс күндері де солай болу керек. Егер сенбі мен жексенбі күндері 12:00-ге дейін ұйықтайтын болсаңыз, дүйсенбі сайын ағзаңыз күйзеліске ұшырайды.
• Күннің жарық мезгілінде көбірек таза ауаға шығып тұруға тырысыңыз. Қыста күннің сәулесіне мұқтаж болатынымыз белгілі. Қажетті D дәруменінің жеткілікті мөлшерін алу мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз.
• Тамақтанудың тәртібін сақтаңыз – қатаң теңдестірілген диета сақтаңыз, көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз.
• Жатын бөлмеңіздің жайлы болуын қадағалаңыз. Бөлмеңіздің іші тым салқын да, тым жылы да болмау керек. Матрасыңыз бен жастығыңызды таңдаған кезде мұқият болыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Баланың дұрыс ұйықтауын қалай қамтамасыз ету керек?
Өзіміздің сақтауға тиіс ережелерімізді балаларға да қолдануға болады.
• Балаңыздың төсегінің ыңғайлы екендігіне, көрпесінің жылы, ал жұмсақ пижамасының ауа өткізетін материалдардан тігілгеніне көз жеткізіңіз.
• Бөлме температурасының 16–20 °C жуық қолайлы болуын қадағалаңыз.
• Балаңыздың бөлмесінде тек қана өзі ұнататын және сүйікті заттары ғана болсын. Мысалға, егер ол өзінің доқаба аюын қатты жақсы көретін болса, сонымен бірге ұйықтауына тыйым салмаңыз.
• Ұйықтар алдында қимылды көп қажет ететін ойындарды ойнаудан бас тартыңыз, балаңыздың ұйықтар алдында сабырлы болуына жағдай жасаңыз. Ұйықтар алдында шомылғаннан және басқа да қажетті рәсімдерден кейін оны ешнәрсе толғандырмау керек. Оған соңы жақсы аяқталатын ертегі айтып беріп, тәтті түс көрсін деп тілек айтыңыз.

Қысқы ұйқыңыз тыныш болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.