Қыста өзіңізді тонусқа қалай келтіруге болады

Ал күннің орнына – жалынды зімбір!

Әлсіздік, селқостық, солғындық – ақпанның айнымайтын серіктері. Сонша уақыт күн мен жылу болмаса, әрине, солай болады. Алайда ол үшін қайғыратын біз емес! Тіпті осы «құрыған» айдың ішінде де сергіп алуға көмектесетін қарапайым амалдар көп.


Әлбетте, адамды біржолата сергек ететін жаттығу жоқ. Кез келген күш ерте ме, кеш пе азаяды, сондықтан өзіңізді күні бойы: таңертең, күндіз және кешке «қуаттандырып тұру» керек. Сөйтсек, бұның бәрі оңай ғана емес, жанға да жайлы екен. Сонымен, Ресей, ақпан, кезекті бұлыңғыр таң сәрісі...

Жаттығу, ыстық-суық душ және «дұрыс» таңғы ас – қысқы сергек таңның негізі, міне, осылар. Бірақ өзіңізді өзіңіз күйретпеңіз! Гантель тартып, серпіліс жасағанды ұнатпайсыз ба? Онда жай денеңізді керуге арналған жаттығуларды жасаңыз, секіріп, сүйікті әніңізді қосып билеп алыңыз.

Ыстық-суық душ туралы ойлағаннан-ақ денеңіз түршіге ме? Онда өзіңізді өзіңіз үсітпей-ақ қойыңыз: судың температурасын жылыдан салқынға және керісінше баяу өзгертіп отырыңыз. Әйтпесе жай қолыңызды ағып тұрған суық судың астында ұстап тұрыңыз. Тамақ туралы айтар болсақ, өзіңізге қажетті мөлшерді таңдап алуыңыздың маңызы зор. Жұмысқа апарар жолға көп күш жұмсайсыз ба? Онда ет қосылған тойымды тамақ жегеніңіз жөн. Егер жол онша ауыр болмаса немесе демалыс күні болса, онда асқазаныңызды тым толтыра бермеңіз: ботқа, йогурт және бутерброд жеткілікті. Осының бәрінің артынан жаңа сығылған шырын, зімбір немесе көк шай ішіңіз.

Осылайша, таңғы сергектік мөлшерін алдық. Бірақ оны бір күннің ішінде қалай ысырап етіп алмауға болады? Оның бірнеше қарапайым амалдары бар.

Жарық көбірек болсын. Бірақ жасанды жарық емес. Күн батқанша перделеріңіз ашық тұрсын.

Таза ауаны көбірек жұтыңыз. Тіпті қатты аяз болған күндері де арасында терезеңізді ашып тұрыңыз.

Көбірек қозғалыңыз. Күніне ең болмағанда екі рет дене шынықтыратын жаттығуларды жасаңыз. Егер әріптестеріңізден қысылсаңыз, сізді ешкім көрмейтін бір жерді тауып, сол жерде бірнеше рет отырып-тұрып, еңкейіп жаттығу жасаңыз.

Жұмысқа тым беріліп кетпеңіз. Араларында үзіліс жасаңыз, өзгелермен сөйлесіп, қалжыңдап, ән тыңдаңыз. Селқостықты бірсарындылықтан артық күшейтетін ештеңе жоқ. Айтпақшы, бұл қыс мезгіліне ғана қатысты емес.

Киіміңіз әдемі болсын. Киіміңіздің түстері көзге ұнамды болғаны жақсы.

Мезгіл сайын бірнеше рет деміңізді терең ішіңізге тартыңыз, самайыңыз бен құлақ сырғалықтарыңызды уқалап тұрыңыз.

Сергітетін зімбір шайын дайындаудың рецептісі

Ұсақ үккішпен үгілген 1 ас қасық зімбірге қайнаған су (0,7 л) құйып, 2-3 ас қасық қант қосамыз да, 20 минутқа қойып қоямыз. Сосын бұны ұсақ елеуіштен немесе дәкеден өткізіп, 1 ас қасық лимон шырыны мен бір шөкім қара ұнтақталған бұрыш қосамыз. Қарапайым, дәмді және сергітетін шайыңыз дайын! Оны суытпай ыстық күйде ішу керек. Айтпақшы, шайыңыз өзгешелеу болсын десеңіз қант пен бұрыштың орнына жалбыз бен бір ас қасық бал қоссаңыз болады.

Ал өзіңіз қыстыгүні күш-қуатыңызды қалай арттырасыз? Сергек болудың өзіңіз ойлап тапқан амалдарымен бөлісіңіз!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс