Буға пісіру

Пісіреміз бе, әлде буға дайындаймыз ба

Пісірілген тағамдар, қуырғаннан гөрі жақсырақ екендігі сөзсіз, әрі пайдалы болып келеді. Бірақ, өз денсаулығыңызды қадағалап, қыздырып өңделген тағамнан пайдалы заттарды мейлінше мол алғыңыз келетін болса, қасқанды қолданыңыз.


Тағамдарды буда пісіру үрдісі жасалған тағамның «тұщылығымен» көп адамды үркітеді. Бұл қате пікір, өте дәмді тағамды қасқанда да пісіруге болады. Заманауи құрылғылар бірнеше тағам түрін бірден дайындауға мүмкіндік береді. Мысалы, қасқанда балықты көкөніспен бір уақытта пісіреміз. Бір деңгейіне дәмдеуіштер, маринад сеуіп, лимон бөліктерін, лаймды және әр түрлі шөптерді салуға болатындай балықты саламыз да, басқасына – оларға да дәмдеуіш себуге болатындай көкөністер саламыз. Қасқан қатарында тұздық дайындайтын арнайы бөліктер бар: оған арналған барлық құрам бөліктерді алып, араластырып, қажетті режимге қасқанды қосса болғаны. Соның ішінде, сондай-ақ, күрішті және үгілмелі ботқаны, мысалы қарақұмық ботқасын дайындауға болады. Буда пісірілетін тағамдардың пайдасы пісірілген және қуырылған тағамнан әлдеқайда мол. Олар пішімін, түрі мен түсін, сонымен қатар, барлық пайдалы дәрумендер мен микроэлементтерін сақтайды.

Қасқаныңыз болмаса, не істесе болады? Бұл буда тағам пісіруден бас тартуға сылтау емес! Ішіне азық-түлік салынған және қайнап тұрған суы бар кастрөл үстіне қойылған кепсермен алмастыруға болады. Буда пісірудің ең ұзақ уақыты – 50 минут (ет, күріш және қатты көкөністер). Балықты буда 15 минуттан 25 минутқа дейін дайындаймыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Буда дәмді, әрі салауатты тағамды дайындауды үйреніп алдыңыз ба? «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, басқа пайдаланушылармен рецепттеріңізді бөлісіңіз. 

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс