Пайдалы тамақ

Денсаулыққа зиян келтірмей далада қай жерде тамақтануға болады

Қолда бар таңдау өзіңізге түскі ас жасау мүмкіндігін бермесе, тіпті фаст-фудтың өзінде де дұрыс, салауатты тамақты таңдауға болады.


Әдемі дене мүсініне жетудің алғашқы кедергісі – жалқаулық. Өзімізге тамақ жасауға ерінеміз, мейрамхана, асхана немесе фастфудтарды құп көріп, үйдегі тамақ салынған ыдысты кеңсеге әкелуге ерінеміз. Жалқауларға жақсы жаңалық: зиянды деп есептелетін тамақтың өзінде кейде дене сымбатыңызға пайдалы бола алатын тағам түрін табуға болады. Тамақтанудағы салауатты азық-түлік  рационыңызда болуы тиіс.

Асхана

Әдетте, асханадағы барлық салаттарға, сорпаларға, компоттар мен өзге тағамдарға май, тұз және қант салауатты тамақтанумен үйлеспейтін мөлшерде салынады. Осындай мекемелерде дәмді етіп қалай жасауды білгеннің өзінде, әрдайым осыған талпына бермейді. Сондықтан ең қарапайым тағам түрлерін: көкөністерден жасалған салатты, пісірілген етті, күріштен немесе қарақұмықтан жасалған қарапайым гарнирді таңдауға тырысыңыз. «Оливье» және «Мимоза» деген күрделі үйлесімдегі салаттан аулақ болыңыз – құрамындағы калория мөлшері тым жоғары. Егер кілегей, майонез немесе май арасында таңдау тұрса, кілегейді таңдаңыз. Тазартылған май да майонез сияқты денсаулық пен дене сымбатына зиянды.

Мейрамхана

Кез келген дерлік мейрамханада тағамды тұздау, бұрыш салу, май немесе тұздық құю сияқты әрекеттерден аттап өтіп дайындауды сұрауды, сондай-ақ, дайындау әдісін таңдауға болады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы алғанда әрбір кафеде көкөністі турап, балық пісіре алады. Ас үй сапасын тексеру үшін көкөністен жасалған салатқа және балықтан немесе еттен жасалған, бұқтырылған немесе пісірілген күрделі емес тағамға тапсырыс беріңіз. Жапон мейрамханасында суши мен роллдар салауатты тамақтану концепциясына толықтай кіре алады, бірақ зімбір, соя тұздығы және васаби сияқты қоспаларды мүмкіндігінше қолданбаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Фастфуд

Салауатты тамақ пен фастфуд – екеуі екі нәрсе сияқты. Әрбір фасфудтың мәзірінде көкөніс салатын, туралған сәбізді немесе алманы табуға болады. Егер қолыңызға гамбургер түсетін болса, қандай құрам-бөліктерден жасалғанын қараңыз, ал қаласаңыз бутербродты ажыратып, ішіндегісін бөліп алыңыз. Тоқаш пен толықтырғыштарды бір жаққа қойып қойыңыз, ал котлетті, кептірілген нанға аунатылмаған болса, көкөніспен жеуге толықтай болады. Қуырғаннан кейін одан артық майды алып тастау үшін таза майлықты алып, шамалы күш түсіре отырып, екі жақтан котлеттің майын сорғызып алыңыз. Әрине, толықтай салауатты тағам деуге болмайды, бірақ, ең болмаса осылайша зиянды әсерін азайтуға болады.

Зияны жоқ бургер рецепті

Лаваш жаймасын алып, оған тауық төс етін, көкөніс пен аскөкті салып ораңыз да, үстінен йогурт құйыңыз, қатты ащы емес үй қышасының немесе кетчуптың орнына қызанақтан қолдан жасалған тұздықтың бір қасығын қосыңыз да, салауатты тағамды жеп, рахаттаныңыз!

Ал сіз кафеде және дәмханаларда жиі тамақтанасыз ба? Далада тамақ дайындау сапасын қалай бағалайсыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс