Тамақ туралы аңыздар

Тамақ туралы аңыздар. Шын ба, әлде жалған ба?

Қазіргі уақытта тағам туралы және оның ағзаға әсері туралы көптеген ақпарат табуға болады. Бір азық таң қаларлық қасиетпен белгілі болса, басқаларын керісінше жамандап жатады. Тамақ туралы негізгі аңыздарды қарастырып, оларды бүге-шігесіне дейін талқылап көрейік.


«Кофе метаболизмді жылдамтады» — жалған
Кофеин шынымен жүрек жиырылу жиілігін ұлғайтады, бірақ салмақ түсіруге бұл, өкінішке орай, көмектеспейді. Бірақ одан шығатын амал бар: кофе ішіп күш жинап, дене жаттығуларын жасап, қажетті нәтижелерге қол жеткізе аласыз!

«Банан мен авокадода калория өте көп» — жалған
Көптеген қыздар семіріп кетеміз деп, банан мен авокадодан бас тартып жатуы бекер-ақ. Олардың құрамында басқа жеміс пен көкөніске қарағанда, шынымен калория көп, бірақ ең кішкентай шоколадтан аз. Одан басқа, банан мен авокадолар құрамдастырылған тамақтануға қажетті пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай.

«Қаражидек денсаулыққа пайдалы » — шын
Қаражидек ағзамызды зиянды бактериялар мен вирустардан қорғайтын антиоксиданттарға бай. Қаражидекте B, PP және C топтарының дәрумендері, пектинді және илік заттар, каротин, органикалық қышқылдар мен микроэлементтер бар. Қаражидекті тұрақты түрде тұтыну қартаюды баяулатады және көзге өте пайдалы.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

«Жұмыртқа холестерин құрамын арттырады» — жалған 
Жұмыртқада шынымен холестерин құрамы көп. Бірақ азықтағы холестерин мен қандағы холестерин екеуі екі нәрсе. Ғалымдар холестеринге бай азықты тұтыну қандағы холестеринге болмашы ғана әсер етеді деген пікірге келді. Одан басқа, жұмыртқа қоректік заттарға бай, олар жоғары сапалы ақуыздың көзі болып табылады және құрамында зиянды майлар мен калория аз.

«Жаңғақтар өте қоректі және пайдалы » — шын
Жаңғақтар дәмді ғана емес, сонымен қатар, пайдалы да. Олардың құрамында дәрумендер, пайдалы минералдар мен майлар көп. Жаңғақтың небәрі 100 грамы сізге толық түскі асқа тең келетіндей күш бере алады.

«Сағат алтыдан кейін тамақ ішуге болмайды » — жалған Барлығы өзіңіздің жеке биоырғағыңызға байланысты. Кешкі уақытта тамақ ішіп үйреніп қалсаңыз, аш болып жатудың және сағат алтыдан кейін тамақ ішпеудің еш негізі жоқ. Әдетте, көп қозғалатын және салауатты өмір салтын ұстанатын адамдарда заталмасу таңертең де, кешке де бірдей жүзеге асады. Ең жақсысы, күні бойы тамақ ішуді біркелкі етіп белгілеу қажет.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс