Бетке арналған зәйтүн майы – тиімді рецепттер:

Бетке арналған зәйтүн майы – тиімді рецепттер

Бет терісін тазалауға арналған зәйтүн майы.


1. Бет терісін күнделікті тазалап тұру үшін бетке аздап қыздырылған зәйтүн майын жағып тұру пайдалы. Бұл тәсілді беті қабыршақталып құрғап кете беретін адамдар қолданса болады, себебі май оны жұмсақ, әрі  жылтыр етеді. Майды бетіңізге жағып жиырма минутқа қалдырыңыз, содан кейін ағып тұрған жылы сумен немесе түймедақ тұнбасымен жуып жіберіңіз.

2. Құрама бетке арналған зәйтүн майы. Бет терісінің құрама түріне күтім жасау үшін оның күрделі жерлерін күніне бірнеше рет зәйтүн майымен сүртіп тұру керек.

3. Барлық тері түрлеріне арналған зәйтүн майы қосылған маска. Бұл емдік масканы дайындау үшін шыны немесе керамикалық ыдысқа ботқа болғанша уатылған барлық жидектердің немесе жемістердің бір үлкен қасығын және сапалы зәйтүн майының бір ас қасығын салып араластырасыз. Содан кейін дайындалған қоспаны бетіңіздің терісіне біркелкі қабатпен жағып, он бес – жиырма минутқа қалдырасыз, кейіннен қалдықтарын жылы сумен жуып жібересіз. Құрғақ бет үшін қызылжидек, қарақат, қарлыған, өрік, қауын, құрма және банан сияқты жемістер мен жидектердің жұмсағы таптырмас маска. Оған қоса аталған жеміс-жидектер жұмсағының орнына кәді, болгар бұрышы, қырыққабат, сәбіз, шалғам, қияр және картоп сияқты көкөністерден жаңадан жасалған езбесін пайдалануға болады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

4. Бет терісін ылғалдандыруға және жұмсартуға арналған зәйтүн майы қосылған маска. Бір үлкен қасық майлы үй ірімшігін екі үлкен қасық сапалы маймен (сондай-ақ бір шикі жұмыртқаның сарысын бір үлкен қасық зәйтүн майымен араластырсаңыз болады) араластырып, дайын қоспаны жиырма минутқа бетіңіздің терісіне жағып қоясыз. Масканың қалдықтарын жылы судың немесе косметикалық мақталы тампонның көмегімен кетіруге болады. Солғын теріні тарту үшін рецептке тағы бір шай қасық сұйық бал қосқан пайдалы.

5. Бет терісін құнарландыруға арналған зәйтүн майы. Келесі халық құралын дайындау үшін бір үлкен қасық күріш, сұлы немесе бидай ұнына дәл сондай мөлшерде сапалы зәйтүн майын қосу керек. Енді осы құрауыштарды біркелкі паста тәрізді қоспа болғанша араластырып, бетіңізге он бес – жиырма минутқа жағып қойыңыз. Бұл масканы аптасына екі-үш реттен кем емес жасау керек.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс