ӨЗІҢІЗГЕ КҮТІМ ЖАСАУДЫҢ 10 АЙЛА-ӘРЕКЕТІ

ӨЗІҢІЗГЕ КҮТІМ ЖАСАУДЫҢ 10 АЙЛА-ӘРЕКЕТІ

ӨЗІҢІЗГЕ КҮТІМ ЖАСАУДЫҢ 10 АЙЛА-ӘРЕКЕТІ


1. Құрғақ сусабын. Кейбір фирмалар майды сіңіріп алатын және шашты балғын күйде қалдыратын ұнтақ тәрізді «құрғақ сусабындарды» ұсына бастады. Бұл заттың орнына соданы пайдалануға болады. Егер басыңды дұрыстап жуып алуға уақытың болмаса, бір шымшым ас содасын шаштарыңның түбіне сеуіп, тарақпен соданың түйіршіктерін жайлап қайта тарап түсір. Кейбіреулер соданың орнына ұнды пайдаланады, бірақ бұл жағдайда шашың ашық түсті болу керек және өте ұқыпты пайдаланғаның жөн.

2. Көзіңдегі макияжды жылдам кетіргің келсе мақталы таяқшаны макияж кетіретін құралға батырып алып, тушь түсіп қалған немесе сызық дұрыс салынбаған, болмаса далап тым көп жағылып кеткен жерді сүртіп шық. Уақытың тығыз кезде бүкіл макияжды қайта жасағаннан гөрі осы амал әлдеқайда оңай.

3. Қажалған жерді (құрғақ күсті) жұмсарту үшін ұйықтар алдында табаныңдағы қажалған жерлерге вазелинді қалың қабаттап жақ та, шұлық киіп ал. Таңертең теріңнің қатқыл қабаты жұмсарып қалған соң, оны оп-оңай алып тастай аласың.

4. Шаштарыңнан хош иіс шығып тұру үшін тарағыңның тістеріне аздап парфюм сеуіп жібер. Шаштарыңды түбінен ұшына қарай тара. Енді олардан күні бойы әтірдің иісі аңқып тұратын болады, өйткені шаштың иісті ұстап тұратын қасиеті бар.

5. Жасанды күнқақтылықты тез жуып таста. Кейде жасанды күнқақтылықты пайдаланғаннан кейін теріміздің түсі әркелкі ашыла бастап, дақтар қалып кетеді. Жөкеге немесе ысқышқа (люфадан жасалған жөкені қолданған дұрысырақ болады) аздап ас содасын сеуіп, күрделі жерлерді жай ғана «ысқылап жібер», сонда күңгірт жерлер жоқ болып кетеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

6. Лак себілген тарақ. Фенмен сәндеп болған соң шаштарыңды лакпен бекіту үшін лакты тараққа сеуіп жібер де, шаштарыңды түбінен ұшына қарай тез тарап жібер. Сәндеп алған шашыңның көлемі артады, ал шаштарың жылтырай түседі, бірақ лақты тікелей шаштың өзіне шашқандай артық қаттылық пен шашың цементтелген тәрізді сезім болмайды.

7. Денеге арналған лосьонды жетілдіреміз. Егер терің тез құрғап түлейтін болса, күнделікті қолданып жүрген лосьоныңды балаларға арналған майдың аздаған мөлшерімен араластырып жібер. Бұл теріңе айтарлықтай ылғалдылық қосады.

8. Құрғақ күстердің пайда болуына жол берме. Әдетте дәріханаларда сатылатын өрік майы жаңадан пайда болған күстердің қатаюына жол бермеуге қабілетті: оны күстелген жерге тамызып, майдың сіңуін күтсең болғаны.

9. Көзге арналған мінсіз сүрмелеуіш. Егер көзге арналған сүрмелеуіш үгітіліп, шимайлап жатса, оны тоңазытқыштың мұздатқышына 15 минутқа қойып қой. Сонда ұшы қатайып, салған сызығың жіңішке, әрі  түзу болып түседі.

10. Безеулерден құтыл. Кішкентай безеуге бұршақтың көлеміндей тіс пастасын жақ та, паста оны кептіріп, тесікті бітеп тұрған майын сіңіріп алу үшін 15 минутқа қойып қой. Сосын жуып таста.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.