Өзгелердің пікіріне мән беруді қалай тоқтатса болады

Өзгелердің пікіріне тәуелді болмауды қалай үйренуге болады?

Өзгелердің пікірінен қорықпауды және оған тәуелді болмауды қалай үйренуге болатынын білгіңіз келе ме? Адамдардың мінеушілігінен қорқу сезімінен қалай құтылуға болатыны туралы айтып береміз. Ырым-жырымды қойыңыз!


Айналаңыздағы адамдарға ұнағыңыз келетін болса, оның несі жаман? Бірақ бұл ниетті біреуге ерумен шатастырмау керек. Өзіңізге өзіңіз және өзгелерге сіздің пікіріңіз бойынша қоғамның мінеушілігін тудыруы мүмкін нәрсені мойындаудан қорықпау керек. Адамдардың саны қанша болса, пікірлердің саны да сонша және олардың ішінде ең жақсысы қайсысы екенін  тек сіз ғана білесіз. Айналаңыздағы адамдардың қалай қателесуі және қате қорытынды жасауы мүмкін екенін  мына мысалдармен көрсетіп көрейік.

Үшінші баламды туғаныма өкінемін
Бұны айналаңдағылар үшінші баласын өзге балаларынан азырақ жақсы көреді және өзінің аналық міндеттерін орындауға шамасы келмейді деп түсінуі мүмкін. Ал шын мәнінде не болып жатыр? Сіз өз армандарыңыз бен кеудемсоқтығыңызды іске асыруға үлгере алмай жүргеніңізге, жұбайыңыздан алшақтап бара жатқаныңызға өкініп жүрсіз, және үш балаңыздың бәрінің лайықты болашағын қамтамасыз етуге қаражатыңыздың жететініне сеніміңіз жоқ.

Күйеуімді сүйкімді деп айта алмаймын
Айналаңыздағылар бұны: ол өзінің күйеуін онша қатты жақсы көрмейді деп түсінуі мүмкін. Ал шын мәнінде, сіз ер азаматтың бойындағы ең басты қасиет – сұлулық деп есептемейсіз, және күйеуіңізді сіз үшін бағалы болып табылатын өзге қасиеттері үшін жақсы көресіз.

Ғаламдық жылымық мені уайымдатпайды
Айналаңыздағы адамдар бұны: ол тек өзінің қамын ғана ойлайды, Жеріміздің болашағы оны мүлде уайымдатпайды деп ойлауы мүмкін.
Ал шын мәнінде: сіздің күнделікті күйбелең тірліктеріңіздің көп болғаны сонша, тіпті бұл туралы ойлауға уақытыңыз жоқ. Дегенмен, әрине, бәрі жақсы болады деп сенесіз.

Маған өзімнің «бірсарынды және жалықтыратын жұмысым» ұнайды
Бұны айналаңыздағылар: ол еріншек және шамшыл емес деп есептеуі мүмкін.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Шын мәнінде: сіз үшін мансап басымдылық болып табылмайды, бірақ сіз өз мүмкіндіктеріңізді өмірдің өзге аспектілерінде қалай іске асыруға болатынын білесіз.

Негізінен, бірнеше килограмнан құтылуға қарсы емеспін
Айналаңыздағылар бұл туралы: өзінің салмағы туралы айтқан кезде, өтірік риза болғанын біліп едік деуі мүмкін.
Шын мәнінде: мінсіздіктің шегі жоқ, сіз қазіргі күйіңізде де өзіңізді жайлы сезіне аласыз, бірақ өзіңізге өзіңіз армандаған мүсін сыйласаңыз артық болмас еді.

Ақшамның көп болғанын жақсы көремін
Айналаңыздағылар бұны қалай түсінуі мүмкін: ол сондай есепшіл және пайдақор, тіпті ақшадан басқа ештеңеге қызықпайды.
Ал шын мәнінде бұл нені білдіреді: балаларымды немен тамақтандырамын деп күн сайын уайымдап, ұлыма бәтеңке әперейін бе, әлде шәйнек алайын ба деп таңдай алмай басың қатып жүрмесең, әрине, бір сәт тоқтап, раушан гүлдердің иісі қандай екеніне көңіл бөле аласың.

Өзгелер не ойласа, оны ойласын, шешім қабылдаған кезде, ең алдымен, өз сезімдеріңіз бен түйсіктеріңізге сүйеніңіз!
Адамдардың мінеушілігінен қалай құтыламын деп ойламаңыз. Бәрібір олай істей алмайсыз. Өзгелердің пікірінен қорқуды қашан қоямын деп ойлаңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
nat

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер , Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
Camomile

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер, Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер