Арманға қалай қол жеткізсе болады

Өзгеріс жасауға ұмтыламыз!

Егер сізге қойылған «Жағдайың қалай?» деген сұраққа көбінесе «Жаман емес» деп жауап беретін болсаңыз, онда қанаттарыңызды жазып, әлемге өзіңізді танытатын кез келді деген сөз!


Көп жағдайда біз өзіміздің өміріміз үшін жауапкершілікті сыртқы жағдайларға, оқиғаға және айналадағыларға аудара саламыз. Бірақ жағдайды қолға ала салысымен бәрінің өзіміз қалағандай болуы мүмкін екенін  байқаймыз, және өзімізді өзіміз күшті, әрі  еркін сезінеміз.
Өзіңізге өзіңіз сырт көзбен қарап, өзіңіздің қандай қасиеттеріңіздің ұнайтыны, ал қайсысының ұнамайтыны туралы ойланып көріңіз. Сонда өзге адамдарға төзімділікпен қарап, олардың әлсіздіктерін кешіре білетін боласыз.

Алдымен өзіңізден бастаңыз. Егер әріптестеріңіздің сізге мейірімді болғанын қаласаңыз, алғашқы қадамды өзіңіз бастаңыз. Достарыңыздың сізге көбірек көңіл бөлгенін қалайсыз ба? Алдымен оларға өзіңіз көбірек көңіл бөліңіз.

Өзіңе белгіленген міндетіңді тап
Сізге нағыз ләззат әкелетін нәрсені ғана жасауға тырысыңыз. Әрине, бұл оңай бола бермейді. Өйткені көбінесе жұмысты біз өкінішті қажеттілік деп қабылдаймыз. Бірақ әрдайым өзіңізді қызықтыратын нәрсеге бар күшіңізді салуға әрекеттеніңіз. Жұмысыңызда жаңа ерекше шешімдерді ұсынып, бастамашылық көрсетуден қысылмаңыз. Жақын арада бір қарағанда жалықтыратын болып көрінетін жұмысқа шығармашылық бастау беруге болатынын байқауыңыз мүмкін. 

Бірақ егер бәрібір қуанышқа бөлене алмасаңыз, бір нәрсені өзгертетін кез келді. Армандарымызға жету жолында тұратын жалғыз кедергі – бұл қорқыныш. Бірақ қуаныш сезімі пайда болмаса, әлдебір нәрсені өзгертетін кез келді деген сөз.  Ең қиыны – алғашқы қадам жасау. Алдымен тілектеріңіздің барлығын қағазға жазып шығуға тырысып көріңіз. Оларды жүзеге асыру үшін сізге ненің жетіспей тұрғаны туралы ойланып көріңіз, мақсатқа апарар жолды көптеген кішкентай қадамдарға бөліп тастаңыз. Тілектеріңізді міндетті түрде көз алдыңызға елестетіңіз. Егжей-тегжейлерін қаншалықты толық елестетсеңіз, соншалықты тиімді болады! 

Өзіңізді кім ретінде көре алсаңыз тек қана сол болуға тиіс екеніңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдарға жалтақтап, өзгенің мақұлдауын күтудің қажеті жоқ. Өз жүрегіңізді тыңдаңыз, арманыңызды қалай орындау керектігін тек сол ғана біледі. Шынайы болудан қорқуды тоқтатқан сәттен бастап өміріңіз жаңа реңктерге боялып шыға келеді!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.