Ашуланшақтықпен қалай күресуге болады

Ашуланшақтықпен қалай күресуге болады

Көңіл-күйді құтқарудың 5 шұғыл шарасы


Ашуланшақтық сияқты адам төзгісіз, жағымсыз және жеңуі қиын құбылыстың себептері әр түрлі болуы мүмкін. Медицинаның араласуын талап етпейтін себептердің ішінен ең бірінші ойға еттеккір алды синдромы, ұйқының қанбауы және дене жайсыздығы келеді. Әрине, дәрі ішіп, ұйқыны қандырып, киім ауыстырып ашуланшақтықтың себептерін жоюға болады, бірақ егер бұл күйге дәл қазір түскен болсаң және үйіңнен алшақ жерде жүрген болсаң, «бәрінен құтылудың» бірнеше жолын есіңе сақтап ал.

Өзіңді өзің күлдір. Кейде өзге адамға жағымсыз нәрсе айтқың келіп тілің қышитын кездер болады. Өйткені оның айтқаны дұрыс емес қой! Сонда ерік күшімізден айырыламыз. Ашудың толқынын сезіп, қайнай бастаймыз. Мұндай күйде өзіңіз бен жасаған ісіңізді адекватты бағалау қиын. Жәбір сөздер аузыңнан шығып кетуге дайын тұратын сәттерде өзіңді... құлағы мен тұмсығы бар қайнап тұрған қазан немесе көбікті ваннада қызғылт көйлек киіп жатқан Күлмес-ханшайым деп елестетіп көр. Өзің білесің. Ашуланған кезде ешқандай күлкілі бейне ойыңа келмесе де, сол туралы ойлану үрдісінің өзі ашуыңды басатыны сөзсіз!
Көңіліңді өзге нәрсеге аудар. Мысалға, шай ішіп болғанша немесе электрондық поштаңды қарап шыққанша ешкіммен ұрсыспауды әдетке айналдыр. Өзіңе: «Осыдан тоқтай тұрыңдар, бәлем! Қазір шай құйып алайын, сосын сендермен ұрсысамын!» – деп бұйыр. Үзілістен кейін біреуге айқайлап, балағаттауға зауқың болмай қалатынын байқайсың, себебі ашу мен ыза аяқ астынан қысатын және кейінге қалдырылмайтын құбылыс екені белгілі.
Өзіңе жайлылық сыйла. Кейде кішкентай бір кедергі болып отырған нәрсенің өзі сені долдандырып жіберуі мүмкін. Әсіресе артық күш салмай түзетуге немесе кетіруге келмейтін «әйелдер саласында» мұндай себептер көп. Балғынсыздық немесе нәзік терімен қажетсіз жанасу сезімімен жүрудің қандай жағымсыз екенін  және бұдан ашуланшақтықтың қаншалықты күшейетінін елестетіп көрші. Күн сайын Always Soft Like Cotton пайдалан, олар сенің жақсы көңіл-күйіңді сақтап қала алады: олардың бірегей, мақта сияқты нәзік беті, жұмсарыңқы пішіндері және сіңіргіш аймақтары сенің жағымды түйсіктеріңе қамқор болып, ашуланшақтықтың себептерін жояды.
Деміңді ішіңе тартып, рахатқа бөлен. Психологтар: қазір ашудан жарылатыныңды сезінсең, 10 рет деміңді терең ішіңе тарт деген кеңесін жиі береді. Бұл ретте хош иісті жұтқан жөн. Ең дұрысы, хош иістер терапиясында көңіл-күйді көтеретін болып есептелетін цитрустардың хош иісі. Грейпфруттың, лимонның, апельсиннің хош иісті майы бар әтірді немесе шыны сауытты өзіңізбен бірге алып жүрсеңіз болады. Тіпті хош иістер туралы мәселені шешетініне күмән тудыратын етеккір келген кезде де жағымсыз иістерді кетіріп, ешқандай кедергісіз хош иістер терапиясына рахаттануға болады: ол үшін бар болғаны Always Ultra төсемелерін пайдаланыңыз. Инновациялық жұмсақ жабынының арқасында төсеменің терімен жанасуы екі есе азайды, ал оның ауа өткізгіш қасиеттері жақсарды, ылғал сіңіргіш материалдарының көлемі 50% артты. Сондықтан етеккір келген күндердегі балғындық, құрғақтық және жайлылық көңіл-күйді жақсартудың тағы бір құралына айналды.
Бетке арналған жаттығу жаса. Бұл көңіліңді өзгеге аударудың тағы бір жақсы тәсілі, оның үстіне теріге пайдалы. Бетіңе массаж жасауды баста, қабағыңды саусақтарыңмен тарт, бетіңді шымшыла, ерніңді түтікше соз, құлақтарыңды тартқыла... Дәл осы кезде біреуге айқайлап көрші. Түк шықпайды! Ұмытпа – бет үшін ең жақсы жаттығу – бұл күлімдеу! Тіпті жылағың келіп, қозбаң ұстап тұрса да, өзіңді күштеп-зорлап езуіңді қисайтып, мейлі, өтірік болса да күлімсіре! Сол күйде 15 секунд тұрып көр! Сонда ол шынайы күлкіге айналады!

Always Әр күн нормал күнделікті гигиеналық төсемелері 60 дана
Always Әр күн нормал күнделікті гигиеналық төсемелері

енді табу
Тәулік бойы жақсы көңіл-күйде болуыңды және себептері көбінесе далбаса болатын ашуланшақтықты жылдам жеңуді үйренуіңді тілейміз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.