Ер адамға айтылмауы жөн сөздер

Еркек көзқарасы: айтылған сөз - атылған оқ

Әйел мен еркек психологиясы арасында айырмашылық жер мен көктей, бұл өмірімізде жиі қиындық туындатады. Ең алдымен біздерге, еркектерге. Мысалы, көптеген әйелдер ойлағанын айтып, ойына не келсе соны жасай аламыз, кез келген әдіспен өз мақсаттарына жетеміз деп есептейді.


Еркек өз сүйіктісінің, егер аса шектен шықпаса, көптеген істерін кешіре алады. Шамалы артық кеткенде – көнгіш, әрі жұмсақ мінезді еркек өзіне ие бола алмай, айқайлай бастайды, ыдысты шағады немесе есікті тарс етіп жауып, үндемей шығып кетеді. Сондықтан аса бір себеппен болмаса, қарым-қатынаста әлдебір шекті сезіну маңызды.

«Біздерді, еркектерді, көбінесе не ренжітеді? – деп сұрайсыз. – Біздерді қалай шабыттандырса болады?» осындай «негізгі» сөздер аз емес, бірақ негізгісін айтуға тура келеді...

«Мұны қайтемін? Маған мұндай сыйлықтар керек емес!»

Танысқаныңызға 11 ай болған күні әдемі оралған сыйлықты ұсынған кезде айтылған осындай сөздер кез келген еркекті тез қалыптан шығарады. Осыдан кейін қандай да бір сыйлық жасау ниетінен айнып қалады. Осы зат сізге тіптен керек емес болса да (еркек сөмкенің ұнамайтын түсін алса немесе білезіктегі тастар өте ұсақ болса не түсі ұнамаса), жақтырмаған сыңай танытпай, көңіл бөлгеніне алғыс айтыңыз. Егер бізге ақырын жол сілтеп көрсетсе, біз мүлдем топас емес шығармыз, келесі жолы қажетті сыйлықты аса бір көңілмен жасайтын боламыз. Ең болмағанда, жылдық мерейтойға дұрыстап дайындаламыз.

«Сенің қолыңнан ештеңе келмейді, сен бұрынғы жігітімнен арысың!»

Еркектер – өте намысшыл адамдар, оларды басқалармен, әсіресе, теріс қасиеттерін баса көрсетіп, оның үстінен бұрынғы жігітпен салыстыру жеке қарым-қатынасты тоқтатуға әкеп соғуы мүмкін.

– Не тасбақа сияқты жыбырлап жүрсің? Барлығы бізден озып кетті! Міне, Стасты қарашы, қандай жылдам!

– Солай ма? Онда машинаны соқпа жолмен жүргізіп, Мәскеуге қайта салысымен оны жөндеуге іштей дайындалып, сені Воронежге «сүйікті» енеме апара жатқан неге мен, Стас емес?»

«Сенің анаң жынымды ұстатады!»

Кез келген еркекке ана – өміріндегі ең қымбат жан, ол ер жетіп өскелі қанша жылдар өтсе де, қаншама қатты ұрсысып қалса да, ана ол мәңгі ана болып қалады. Осындай тақырыпты көтеру – бумеранг етіп қайта қайтады: әлі де ол туралы ештеңе демесе де, оның да сіздің анаңыз жөнінде айтар сөзі бар. Ақыры, сізді Воронежге апара жатыр ғой, әйтпесе кафеде достарымен жиналып сыра ішіп, футболдан әлем чемпионатын көрмейтін бе еді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

«Әзірше, жақындасуды ұмыт...»

Қарым-қатынасыңыздағы ең қауіпті сөздер осы болар. Оған бір нақты себеп болған шығар: барда достарымен болған отырыстан кейін үйге төрт аяқтап келді, анаңыздың туған күнін ұмытып кетті (не деген сұмдық!) немесе кешкі отырыста құрбыңызбен қылымсып жүрді (масқара)! Бірақ сіз кімді жазалайын деп отырсыз және қандай нәтижеге жетесіз? Ит болып сіздің алдыңызға келіп, тізерлеп сізден кешірім сұрай ма? Қабағыңызды жұмсартатын сәнді үйден сатып алған сыйлыққа толы пакеттерді артына жасырып тұрады. Солай ма?

Өкінішке орай, олай болмайды. Ал, жалпы алғанда, еркектердің өз істерін ақтайтын әрдайым айтар сөзі болады: «Ішсем не бопты ал, бәрі ішеді ғой? Мен алқаш емеспін ғой!», «Енемді ұмытпадым, бірақ қалампырдың қай түсін ұнататынын ұмытып қалдым!», «Танямен сөйлестік, ода тұрған не бар? Мен сені сүйемін ғой!» Осындай түсіндірмелер сізге оғаш болып көрінгенмен, оны түсініп, кешіріп және сізді шынымен сүйетініне сену қажет шығар?

Еркектердің  ең қиын қасиеті эволюцияның миллиондаған жылдары оны түйсік деңгейінде кез келген өзіне бағытталған шабуылға немесе оны отбасы тағынан түсіру талпынысына агрессивті түрде жауап қайтаруға үйреткені болып табылады. Сондықтан сүйіктіңізді қажетті әрекеттерге шабыттандыру үшін шамалы икемділік және парасаттылық таныту жеткілікті болады.

«Қымбаттым, сен сондай кереметсің және ең жақсы адамсың!»

Мұндай сөздерден кейін еркектерде қуаныш сезімі пайда болып, өз жолындағы барлық кедергілерді жеңіп, сүйіктісінің алдына сыйын аямай, барын береді.

Сізге қажетті істі еркекке орындату үшін оның міндеттерін нұқып көрсетпей, сізге не қажет екенін ғана айтып қойыңыз. «Ажыратқыш сынып қалды. Тез жөнде!» және «Бізде ажыратқыш сынып қалды. Сен оны жөндейсің ғой?» деген сөздердің арасындағы айырмашылықты көріп тұрсыз ба? Мұндай сөзден кейін жөндеуден кім бас тартады. Ажыратқыштың тілін білмейтін өзім де жөндеуге кірісіп кетемін. Ал егер бас тартса... түсінесіз ғой.

Еркектермен  жұмсақтау, сабырлы болыңыз және оның күшіне сеніңіз – сонда сіз өміріңіздің қалай өзгергенін көресіз. Міне, сондықтан әйелді табиғат әртіс болуға, биязылыққа, бауырмалдыққа, жанымен түсінуге, аяуға және қоса уайымдауға бейімдеген.

Сіз бәрібір де әлемдегі ең сұлу жансыз, біз де сізді жақсы көреміз! Бізге сеніңіз – біз де қарап қалмаймыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс