Ер адаммен қарым-қатынастағы әйел қателіктері  фото

Еркектермен қарым-қатынастағы әйелдің әдеттегі қателіктері

Кейде сүйікті адамымызбен болатын қарым-қатынаста қателіктерге бой алдыратынымыз рас. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ, осындай жағдайлардың ұдайы болуы қауіпті. Біз бір жасаған қателікті қайта жасаймыз, сүйікті адамның ашуын нақты не қоздыратынын түсінбейміз. Еркектермен қарым-қатынаста болатын әйелдердің ең кең таралған қателіктері жөнінде сөйлесейік, бұған жол бермеуге де болады, соны түсініңіз.


Болмасаң да, ұқсап бақ. Сүйікті ерімізге ең жақсы болып көрінгіміз келеді, бұл жерде ешқандай әбестік немесе бұрыс бір әрекет жоқ. Бастысы орынды болса болғаны. Біріншіден, барлық еркектерде мінсіз қыз жөнінде пікір әр түрлі: әлдебіреуге шаруашыл және ұқыпты қыздар, ал басқалары пәтердегі тазалыққа және пісіп тұрған борщке мән бермейді. Өзіңізді әлдебіреулерге ұқсатуға тырыспаңыз, өзіңіз болып қала беріңіз. Уақыт өте нақты және «ойдан шығарылған» бейне арасындағы айырмашылық көзге басқандай айқын болып,  сүйікті адамыңыз өзінің алданғанын сезіп, жоқ дегенде ренжіп қалады.

Менің бұрынғы жігітім ... Тоқтаңыз, әрі қарай жалғастырмаңыз! Бұрынғы жігітіңіз жөнінде оны мақтайсыз ба, әлде даттайсыз ба, не айтып бергіңіз келіп тұрғаны маңызды емес. Еркектер  осыған ұқсас әңгімелерді ұнатпайды. Егер қалаған адамыңыз сіздің бұрынғы  жеке өміріңіз туралы білгісі келсе, ол жөнінде өзі сұрап алады. Бірақ бұл жағдайда да әсіре айта көрмеңіз, ең дұрысы «бұл бұрын болған оқиға, оны ұмытып та қалдым» деп қана қойсаңыз болғаны.

Қашан тағы кездесеміз? Еркекпен әлі де бірге тұрмайтын болсаңыз, «сен қоңырау шаласың ба», «сені енді қашан көрем», сондай-ақ, «достарыңмен танысқым келеді», «мені қонаққа шақыршы» деген сөздерден аулақ болғаныңыз дұрыс. Мұндай әңгімелерді ерлер бостандығына қол сұққандық деп біледі, ал олар үшін бостандық қымбат дүние. Осыған ұқсас сөздер қарым-қатынаста бастаманы алып қойған болып көрінеді. Сіз барлығын да өзіңіз шешіп, жоспарлап, ал оның еш қатысы жоқ болып қалады: өзінің еш қатысының жоқтығын сезіну айтарлықтай ренжітіп, дәрежесін төмендетеді. Сондықтан өзіңізді қолда ұстап, ер адамыңыздан келесі кездесуге шақыруды күтіңіз.

Сенімсіздік. «Мен қатты толып кетпедім бе?», «Бұл шаш үлгісі маған жараспай тұрған сияқты?», «Менің түрім жаман болып тұр», «Сен мені бұрынғыдай әлі де сүйесің бе?» – деген сұрақтарды сүйіктімізге жиі қойып, мазасын аламыз. Біз әлі де жап-жас, әдемі екенімізді естігіміз келіп тұрады және басында шынымен қалаған сөздерді естиміз. Ер адам сіздің сұрақтарыңызға құлақ асқан сайын, ол да сізге: толып кетті ме не, шашы да үрпиіп кетіпті деп, күмәндана қарай бастайды. Кезінде сүйген көңілді қыздан қазір ондай қызды көріп тұрған жоқ. Әйелдердің  ішінен ең жақсы әйелді сізден көрсе дейсіз бе? Мұндай сұрақтарды онымен талқыламай, құрбыларыңызбен бөлісіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Суық жүз. Ерлер көңілді және өмірге риза әйелдерді жақсы көретіні табиғатпен жасалған. Сіздің сүйіктіңіз мүлдем ақымақ адам емес: егер шынымен көңілсіз болсаңыз немесе жаныңызда ауыртпалық бар болса, ол, әрине, сізді жұбатып, көмекке келеді. Бірақ күнделікті қайғырып жүру, ұдайы өмірге наразы болу және айналадағыларды артығымен сынап жүру ең сүйікті деген адамыңызға ауыр тиеді. Өшпенділікті жеңе біліңіз, әйтпесе бір күні ол сізге міндетті түрде қарсы келеді.

Тыңдай білмеу. Еркекке өз әйеліне қызығарлықтай болу өте маңызды, бірге болған сайын, бұл қажеттілік күшейе түседі. Сіздердің елгезек қатынасыңыз – оның жайлы сезіну кепілі. Немқұрайды бас изеу, әрдайым сөз бөлу және әңгіменің басын басқа жаққа бұру білінбей бір-біріңізді алшақтатады. Ақыры сізбен өз жаңалықтарымен бөліскісі келмей, оған сәйкес әңгімелесетін адамды іздейтін болады. Сізде айтатын қызық жаңалығыңыз бар болса да, сүйіктіңіздің сөзін бөлмей, не айтып тұрғанына құлақ салыңыз. Әдетте бұл айтарлықтай қызық болады.

Оның достарымен танысу жөніндегі өтінішті қарым-қатынасыңыз үшін сындарлы деп санайсыз ба? Қарым-қатынаста негізгі қателіктер сізге қалай көрінеді?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс