Еркелететін лақап аттардың мәні

Еркелейтін лақап есімдер нені білдіреді?

Қарым-қатынаста ондаған сүйкімді және еркелейтін лақап есімдерді ойдан шығара отырып, біз бір-бірімізді атымен атайтын жағдайлар сирек кездеседі. Бұл ешбір мағынасы жоқ сөздер деп ойлайсыз ба?


Психологтар бұнымен келіспейді. Өйткені сүйіктіңіз сізді қалай атағанына қарай, оның шынайы қарым-қатынасы жөнінде көп нәрсені білуге болады.

 

Демек, сіздің еркелеп айтылған лақап атыңызды қалай түсіндіруге болады?

Әр түрлі тәттілер

 Әр түрлі тәттілерге теңеген атаулар көбінесе бастапқы кездегі қарым-қатынаста кездеседі және рухани жақындыққа қарағанда, физикалық жақындық жөнінде көбірек айтады. Ер адамыңыз сізді десерт ретінде көріп, әр түрлі ессіз амалдарға баруға дайын.

 

Сүйкімді аңдар

Әр түрлі аңдарға теңеп, еркелете айтқан сөздері психологтар пікірінше жақын, әрі нәзік сезімдерді білдіреді. Ойдан ойлап тапқан сайын жақсы болады.

 

Аспан шырақтары және абстрактілі сөздер

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бақытым, күнім, жаным менің, қуанышым, жұлдызым деген сөздер шынайы сезімдер мен құрметті көрсетеді. Ер адамыңыз сізбен өзін жайлы, тыныш және жақсы сезінуі мүмкін. Қарым-қатынасқа құштарлық сезімін қосудың амалын ойластыру қажет.

 

Балаға теңеп айтылған лақап есімдер

Бопатайым, кішкентайым т.б. айтылған сөздер өзін қорғалған және ештеңеге алаңдамайтын сезімде жүруге болатынын білдіреді, өйткені сіздің ер адамыңыз сізді қамқорлыққа алды. Бірақ ойынның қызығына түсіп кетпеуге тырысыңыз және кейде кішкентай баладан қауіпті азғырушы әйелге айналып жүріңіз.

 

Ойдан шығарған сөздер

Егер сүйіктіңіз сізге ғана қатысты жаңа ерекше сөздерді ойлап тапса, онда сізге шынайы сезімі бар және өзінің нәзік сезімдерін ерекше айтқысы келеді.

 

Осыған ұқсас түсіндірулерді сөзбе-сөз тура қабылдамау керек. Ер адамдардың сөздеріне қарағанда істеген істері көп нәрсені білдіреді.

Әрдайым сүйіктілеріңіздің жанында ең сүйікті де, қалаулы болып қала берулеріңізді тілейміз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.