Ер адамға киім стилін таңдау – Ерлер стилінің ережелері

Еркек стилінің ережесі

Еркекке киім стилін қалай сәйкес етіп алуға болатынын білгіңіз келе ме? Сізге ерлер сәнінің соңғы тенденциялары мен еркек стилінің басты ережелері жөнінде айтып береміз.


Ерлер сәні әйелдердікі сияқты сондай алуан түрлі емес. Еркектер сымды көйлекпен, ал шолақ шалбарды белдемшемен алмастыра алмайды. Сондықтан оларға киім таңдауға аса ұқыптылықпен қарау керек. Егер кейбір еркектер өз стилін бұрыннан тауып, оларға не керектігін өздері білсе, онда басқаларына әйелдің араласуы қажет болады.

Ерлер сәнінің үрдісін зерттедік, сіздерге ер адамға стильді таңдай алатындай 20 негізгі қағиданы жинадық.


1.    Дүкенге бірге барыңыздар
Ер адамға сіздің кеңесіңіз және сырт көзқарасыңыз қажет болуы мүмкін. Тек алдымен өзіңізге белдемше қарайтын он шақты әйел дүкендерімен мазасын алмаңыз, тек ерлер бөліміне тікесінен тура барыңыз.
2.      Костюмі қымбат болуы тиіс

Негізгі іскерлік костюм сапалы материалдан және жақсы тігілген болуы тиіс. Бұл үнемдейтін  заттардың бірі емес.

3.      Киімі өлшем бойынша болуы тиіс

Әйелдер өз кемшіліктерін жасыра отырып, әдемі жерлерін көрсететін дене пішімімен өзіне киім таңдай біледі. Ал ер адамдар көбінесе өз өлшемдерін де білмей жатады. Күрте мен жейделерде артық жиырылған жерлер түзілмей, ал жеңі алақан басындағы сызықтан шықпауы және пиджак астынан 1-2 см шығып тұруы тиіс.

4.      Жейдені таңдау

Дұрыс өлшемдегі жейдені таңдау үшін мойын айналасын шамамен саусақ сыятын орын қалдыра отырып, өлшеу қажет.

5.      Сәтті пиджак

Сәтті таңдалған пиджак дене пішімінің барлық кемшіліктерін жасырып тұрады және ер адамды сырбаз етіп көрсетеді. Иық еніне сәйкес келіп, ал арқасында жиырылған жерлер болмауы тиіс. Гардеробта сыммен және жейдемен ғана емес, сондай-ақ, джинсымен және футболкамен де киюге болатындай пиджак болғаны дұрыс.

6.      Галстук ұзын болуы тиіс

Классикалық іскерлік стилімен алғанда галстук сым белі сызығына дейін жетуі тиіс.

7.      Стильді күнқағар көзілдірік

Әдемі қара көзілдірікті күннен қорғайтын зат ретінде пайдаланып қана қоймай, оны енді сәнді аксессуар ретінде пайдаланатын болды.

8.      Шомылатын шолақ шалбар

Демалу үшін ұзынырақ шомылатын шолақ шалбар алған дұрыс. Оларда қалта бар, оған қонақ үйдің кілтін және өзге ұсақ-түйектерді салып қоюға болады.

9.      Ашық майкалар

Ашық майкаларды тек демалғанда немесе тренажер залына барғанда ғана киюге болады.

10.  Ыңғайлы табанды аяқ киім

Егер әйел туфлиін қалып ыңғайлығы бойынша таңдайтын болса, ер адам аяқ киімінде табанға көңіл аудару қажет. Кеңседе кию үшін жұқа, ал шетелдік саяхаттарға – қалың табанды бәтеңке жарайды.

11.  Спорттық аяқ киім

Кроссовка сәйкес киіммен үйлесе отырып, спортпен шұғылдануға ғана жарайды. Оны классикалық сыммен кию керек емес.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

12.  Ыңғайлы іш киім

Ер адамның іш киімі алдымен ыңғайлы болуы тиіс. Табиғи материалдарға және классикалық тігілген түрге көбірек көңіл бөлу қажет.

13.  Әшекей заттар аз болуы тиіс

Егер ер адамыңыз рок-музыкант немесе фотомодель не футболшы болмаса, онда ол өте көп әшекей заттарды тақпағаны дұрыс. Кеңсе жұмысына сағат пен неке сақинасы жеткілікті болады.

14.  Мінсіз шаш үлгісі

Ер адамдарға шаш үлгісі әрдайым ұқыпты және күтілген болу үшін шаштаразға төрт аптада бір рет бару ұсынылады.

15.  Қасқа бас – имиджді ауыстыру сылтауы

Қасқабастану – ер адамдардың ең басты мәселелерінің бірі. Оған қамықпаңыз, оны әлдебір затпен жасырмаңыз, әйгілі денелі ер адамдарды мысалға алып, имиджді ауыстырыңыз.

16.  Қырынайын ба, қырынбайын ба?

Екі күндік түк әлдебіреулерге жарасып кетеді, ал кейбіреулерін ұқыпсыз және күтілмеген етіп көрсетеді. Егер сақалы біркелкі өспесе, үнемі қырынып жүру ұсынылады.

17.   Жақсы хош иіс

Сәтті таңдалған парфюм ер адамға аса бір сәндік береді. Оған қоса дезодорантты ұмытпаған жөн.

18.  Таза тері

Әйелдерге қарағанда ер адамдар терінің ұсақ кемшіліктерін декоративті косметикамен жасыра алмайды. Сондықтан олар теріге аса жақсы күтім жасауы тиіс, тазартатын лосьонды және кремді қолданғаны дұрыс.

19.  Өкшенің орнына

Әйелдер шамалы биік және сымбатты болып көріну үшін биік өкшелі туфли кисе болғаны. Ал ер адамдар басқа амалды қолдана алады: қара түсті киім киіп, бүкіреймей, тік жүрулері қажет.

20.  Имиджді ауыстыру

Әйелдерге сияқты ер адамдарға да кейде өз стилін өзгертіп, киімнің жаңа түрлерін киіп көріп, шаш үлгісін ауыстыру қажет.

 

Бар болғаны осы. Есіңізде болсын, көңіл бөліп, шамалы күтім жасау ер адамыңызды керемет ханзадаға айналдырады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс