Етеккір алды синдромы (ЕАС) — белгілері және емі

Етеккір алды синдромын қалай танып, жеңуге болады

Етеккір алды синдромыңыз қалай байқалады деген сұраққа жауаптар әр түрлі болады. ЕАС кезінде әйелде байқалатын белгілер мыналар


Етеккір алды синдром сізде бола ма?

Әйелдердің көбі: «Иә, мен ай сайын ЕАС-нан азап шегемін!» – деп ойланбастан жауап береді. Алайда етеккір алды синдромыңыздың белгілері қандай деген сұраққа жауаптары әр түрлі болады.

ЕАС-ң негізгі белгілері мыналар:

  • Іштің астының толғақ тәрізді ауыруы
  • Сүт бездерінің ауыруы
  • Бас ауыруы
  • Арқаның ауыруы
  • Іштің кебуі
  • Метеоризм
  • Жүрек айну
  • Бас айналу
  • Шектен тыс ашуланшақтық
  • Ашудың қысуы
  • Депрессиялық жағдайлар
  • Терімен байланысты аурулар

Егер ай сайын бір уақытта (етеккір басталғанға дейінгі 3-5 күн және одан кейінгі 3-5 күн) өзіңізді нашар сезінсеңіз, бірақ ешқандай аурумен ауырмасаңыз, бұл етеккір алды синдромның анық белгілері. Дәрігердің кеңесіне жүгініп, денсаулығыңызға байланысты ешқандай проблемалардың жоқтығына және науқасыңыздың – ЕАС белгілері екеніне көз жеткізіңіз де, онымен батыл күресуді бастаңыз!

1. Тамақтану

Дұрыс тамақтанудан бастаңыз. Күніне 3 рет көп мөлшерде тамақ жегеннен гөрі, шамамен күніне 6 рет кішкенеден тамақ ішкеніңіз дұрыс. Күні бойы жиі және аз мөлшерде тамақ ішсеңіз қанның құрамындағы қанттың деңгейі тұрақталады, және бұл әйелдердің ЕАС белгілерімен күресуге көмектеседі.

Күнделікті тамағыңыздан майлы тағамдарды, қантты, тұзды шығарып тастауға тырысыңыз немесе ең болмағанда олардың мөлшерін азайтыңыз. Бұл кофеин мен алкогольге де қатысты.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Күрделі көмірсулар адам ағзасы үшін өте пайдалы және олар да ЕАС белгілерін жоюға көмектеседі. Үстеліңізде бүтін дәнді нан, бұршақты дақылдардан жасалған тағамдар, қоңыр күріш, жасымық болсын. Кальцийге бай азық-түлік те әйелдердің ЕАС-мен күресінде өте пайдалы.  

2. Жаттығулар

Міндетті түрде спортпен шұғылданыңыз! Аэробика, шейпинг, йога, велосипедпен серуендеу, жүзу – жаныңыз қалайтын кез келген нәрсе болуы мүмкін! Спорт және дене шынықтыру көңіл-күйіңізді көтереді, тыныш ұйықтауға көмектеседі және ішіңіз бен арқаңыздағы «созылмалы» ауруларды айтарлықтай азайтады. Егер етеккір алды синдром кезінде бөлінділер көптеп келсе, Naturella сияқты күнделікті төсемелерді пайдаланыңыз. Оларды пайдалана жүріп, спортпен шұғылдансаңыз, қорғаныш пен жайлылықты сезінесіз, көңіліңізді жаттығудан ешнәрсе бөлмейді. Түймедақтың немесе қырмызының хош иісі көңіл-күйіңізді көтеріп, спортпен шұғылдану үшін қажетті ширақтық береді.

3. Демалыс

Жалпы денсаулық үшін, әсіресе ЕАС белгілері анық байқалған кездерде толыққанды 8-сағаттық ұйқы таптырмайтын ем! Ұйқының қанбауы және сергектіктің болмауы – ЕАС жиі кездесетін себептері. Күн сайын ұйқыны қандырып ұйықтау керек, сонда тәніңіз қуаттанып, шаршаңқылық, ашуланшақтық, торығулар және ЕАС өзге де белгілері бірден басылады!

4. Дәрумендер мен микроэлементтер

Дәрігермен кеңесіңіз: ЕАС емдеу сияқты істе көмектесе алатын кальцийді, магнийді немесе Е дәруменін қосымша қабылдау керек болуы мүмкін.

5. Достарың мен дәрігерлердің көмегі

ЕАС белгілерін құрбыларыңызбен немесе анаңызбен талқылаудан қысылмаңыз. Тәжірибе бөлісіңіз және кеңес сұраңыз. Әр әйелдің етеккір алды синдромын жеңілдетудің өз сырлары табылады. Дәрігермен кеңесіңіз. Ол сізге ЕАС белгілерін басу үшін ауыру сезімін жоятын немесе өзге дәрілерді тағайындауы мүмкін. Бірақ бұны құрбылармен емес, дәрігермен талқылау керек!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс