Етеккір күнтізбесі және тұрақсыз етеккір

Етеккірге дайындалу жөніндегі кеңестердің үздік бестігі

Етеккір сізді әбігерге салмас үшін етеккірдің келуіне алдын ала дайын болыңыз! Біздің кеңестеріміз сізге көмектеседі.


Күнтізбе көмектессін

Етеккір күнтізбесін бастаңыз. Ол барлық сақтық шараларды етеккірге дейін бірнеше күн бұрын қолдануға көмектеседі. Әрбір етеккіріңіздің басталатын болжамды күнін білу үшін 31-ге толатын барлық айларды, кібісе жылды және күнтізбенің өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, етеккірдің басталған және аяқталған күнін ұқыптап белгілеп қойыңыз.

Егер күнтізбе көмектеспесе
Тұрақсыз етеккір
— жиі болатын құбылыс. Бұл жағдайда етеккір күнтізбесі сізге етеккірге дайындалуға көмектесе алмайды, дегенмен оны қолдану қажет – гинеколог дәрігерге көрсету үшін. Сөмкеңізде күшейтілген қорғанысы бар күнделікті төсемелерді әрдайым салып жүру қажет, әрине. Олар етеккір басталған мезетті өткізіп алмауға мүмкіндік береді, сонда күніңіз ойдағыдай өтетін болады!

Барлық жердегі гигиена құралдарының қоры

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Гигиеналық төсемелер қорының сөмкеде ғана болуы аздық етеді. Бірнеше данасын кеңсе үстелінің жәшігінде, үйдегі ванна шкафында және жатын бөлменің комодында сақтауға болады. Сонда етеккір циклінің басталғанын өткізіп алмай, сонымен қатар, егер етеккір әбігерге салатын болса, көмекке зәру қызметкерлеріңізбен, құрбыларыңызбен немесе отбасыңыздағы әйел адамдармен бөлісе алатын боласыз.

Өзіңізді жақсы ойға бағыттаңыз

Егер етеккірдің жақын арада басталатынын білетін болсаңыз, олардың сізді абыржытатынын, «азапты аптаның» қайта келетінін дауыстап айтушы болмаңыз. Сізде жақында ЕАС болатыны және уақытша адам төзгісіз болатыныңыз жөнінде айналадағыларға айтып, ескертуші болмаңыз. Айтылған сөз осы жағдайларды жүзеге асырады. Керісінше, өмірде жақсы жаққа көп көңіл бөліңіз, денеңізге күтім жасау, дұрыс тамақтану және жақсы ұйықтау жөнінде ойлаңыз. Сонда қызметкерлеріңіз апта бойы «ЕАС-қа шалдыққан долы әйелді» көрмейтін болады.

Таза ауамен тыныстаңыз

ЕАС мен етеккір басталар алдында ең дұрысы белсенді өмір салтын ұстанып, керілу жаттығуларын жасау қажет. Қапырық фитнес-залын саябаққа, алаңға, орман жиегіне алмастыруға кеңес береміз: таза ауа жаттығуларыңызға тиімділік қосып, өзіңізді етеккір кезінде тамаша сезінетін боласыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс