Дұрыс ұйықтаудың құпиялары

Дұрыс ұйқының құпиялары

Дұрыс ұйқы хал-жайыңыздың жақсы болуының, сергектіктің, сұлулықтың және жақсы көңіл-күйдің кепілі екенін бәріміз білеміз. Бірақ бұған қалай жетуге болады? Түнде қалай оянбай тыныш ұйықтауға болады?


Біз сіздер үшін іс-қимыл жоспарын дайындадық!

Бізге қажеттісі:

• Шөп шайы
• Хош иісі жағымды ваннаға арналған косметика
• Ауа өткізетін матадан тігілген жұмсақ іш көйлек
• Ыңғайлы кереует

Бірінші қадам: дайындық
Кештен бастап ертең киюді көздеп отырған киіміңізді дайындап қойыңыз. Бұлай істесеңіз таңғы алтын уақытыңызды үнемдейсіз, қажетсіз асығудан, қарбаластан, ойланудан құтыласыз.

Екінші қадам: босаңсытатын ванна
Тұз, көпіршік және хош иісті сабын қосылған босаңсытатын жылы ванна қабылдаңыз. Бұл ұзақ күннен кейін тынышталып, жайбарақат қалыпқа бағытталудың және ұйықтауға дайындалудың мінсіз тәсілі. Су барлық уайымдарыңызды шайып әкетіп, тыныштық сыйласын.
Май мен тұзды таңдағанда лаванданың, ванильдің, ақгүлдің, иланг-илангтың және раушанның хош иістері барын таңдаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Үшінші қадам: ұйықтар алдында шөптен жасалған шай ішіңіз
Ваннадан кейін бір шынаяқ шөп шай ішіңіз. Ол міндетті түрде шөптен, мысалы, жалбыздан немесе түймедақтан жасалу керек. Бұл сізге тек денеңіздің босаңсуына көмектесіп қана қоймай, иммундық жүйеңізді күшейтеді. Кешкі уақытта кофе немесе қою шай ішуден бас тартқаныңыз жөн.

Төртінші қадам: ұйқыңыз тыныш болу үшін не істеу керек
Жатын бөлмеңіздің жабдықтары жанға жағымды болсын. Қажетсіз электр құралдардың барлығын сөндіріп тастаңыз, бөлмені желдетіп алыңыз. Матрас мейлінше жайлы, ал төсек орын — әрдайым таза, әрі жұмсақ болу керек. Әдемі шілтер іш көйлектеріңізді ерекше жағдайлар үшін қалдырыңыз, әдеттегі күндерде мақта матадан тігілген және ыңғайлы іш көйлекпен ұйықтағаныңыз абзал.

Міне, айтайын дегеніміз осы. Енді жағымды бір нәрсе туралы ойлап, ұйықтаңыз.

Жақсы түс көріңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс
Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Макси қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Макси қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемдер

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Макси қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер, Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер