Жүктілікке дайындалу

Жүктілікке дайындалу – бұны білуге тиіссіз

Жүктілікті әйел өміріндегі ең ғажайып кезең деп атайды. Ол сізге көбірек қуаныш сыйласын десеңіз, оған дайындалудың қарапайым ережелерін біліп алыңыз. Бала тууды жоспарлаған болсаңыз ерекше көңіл бөлінуі тиіс нәрселерді біліп алыңыз.


Жүктілікке дайындық 3-4 ай бұрын басталады. Алдымен денсаулығыңыздың жалпы жағдайын бағалау және жалпы талдамаларды тапсыру үшін терапевтке бару керек. Одан кейін гинекологқа тексерілу керек, ол бірқатар қосымша талдамалар мен тексерулерді тағайындауы мүмкін. Олардың ішінде міндетті түрде қызамық вирусына қарсы денелерді анықтайтын талдама болуға тиіс. Егер бұл ауруға иммунитетіңіз жоқ болса, дәрігер екпе жасауды ұсынады. Тағы бір маңызды тұсы – резус-факторды анықтау. Егер сіздің қаныңыздың резусы теріс, ал баланың болашақ әкесінің қан резусы оң болып шықса, сізге резустар шиеленіспеу үшін жүктіліктің барысын мұқият бақылау туралы ұсыныс жасайды.

Егер қандай да бір созылмалы ауруыңыз бар болса, соның дәрігеріне (кардиологқа, эндокринологқа немесе гастроэнтерологқа) қаралып, жүктілік кезінде ерекше режимнің қажет я қажет еместігін анықтауыңыз керек. Міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралыңыз: тіспен байланысты проблемалардың барлығын жүктілікке дейін шешкен жөн.

Жүктілік – ауру емес, бұл ағзаның табиғи күйі, сондықтан оған дайындаламын деп өміріңізді толығымен қайта пішудің қажеті жоқ. Бірақ өзіңізге әдеттегіден көбірек көңіл бөлу қажет-ақ. Өйткені жүкті болуға дайындалу – маңызды іс.

Сонымен:

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  • Ұйқыңызды қандырып демалыңыз. Ағзаның жалпы жағдайы қалай және қанша ұйықтайтыныңызға байланысты. Ересек адам 6-8 сағат ұйықтауға тиіс, осы ережені сақтауға тырысыңыз. Көбірек қозғалып, спортпен шұғылданыңыз. Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін ағзаңыздың күші жеткілікті болу керек. Жүгіру және күш жаттығулары сізді төзімді етеді, ал йога мен жүзу бұлшық еттеріңізге иілгіш болуға көмектеседі – бұл босанған кезде өте қажет.
  • Таза ауада көбірек жүріңіз. Серуендеу кезінде ағзаңыз оттегіге белсенді байытылады, ал хал-жайыңыз жақсара түседі.
  •  «Біз не жесек – солмыз» деген кең тараған ақиқат сөзді жадыңызда ұстаңыз. Жүктілікті жоспарлау кезеңі – фаст-фудтан бас тартып, күнделікті тамағыңызға пайдалы тағамдарды қосып түрлендіру үшін ең қолайлы уақыт. Пайдалы ас үлесінің негізін көкөністер, жемістер, балық, майлы емес ет, жаңғақ және сүт өнімдері құрау керек. Темекі мен алкогольден бас тартыңыз, дәрі-дәрмектерді шамадан көп ішпеңіз. Оған қоса, жүктілікті жоспарлаған уақытқа дейінгі жарты жылдың ішінде контрацептивтерді пайдалануды тоқтату қажет.

Жүктіліктің қаншалықты тез пайда болуы сіздің ағзаңызға байланысты. Кейде бұл контрацептивтерді қолдануды тоқтатқаннан кейінгі алғашқы айларда орын алуы мүмкін, кейде жүкті болу үшін жарты жыл немесе тіпті бір жыл қажет болады. Мұндай қуанышты сәттің пайда болғанын анықтау үшін сізге Clearbluе жүктілікті анықтау тесті көмектеседі. Бұл үйде қолданылатын тестінің дәлдігі зертханалық зерттеулердің сенімділігіне сәйкес келеді. Оны алдағы етеккір басталатын күнге дейін 4 күн бұрын пайдалануға болады. Демек, сіз өз ағзаңызбен тікелей қатынаста бола тұра, көптен күткен жүктілік туралы мейлінше ерте біле аласыз.

Ал сіз жүктілікке дайындалудың қандай құпияларымен бөлісе аласыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.