Жыныс мүшесінен шығатын иісті қалай жеңуге болады? Тазалық сезімін сақтау және иісті «шектен шығармай» ұстау үшін күн сайын тазалық ережелерін сақтау қажет.

Жыныс мүшелерінен шығатын иісті қалай жеңуге болады? Балғындық ережелері

«Әйел иісі» — бұл тек әтір және косметиканың жағымды хош иістендіргіштері ғана емес. Тазалық сезімін сақтау және әйел иісін «өз шегінде» ұстау үшін күн сайын балғындық ережелерін сақтау қажет.


Құрғақтық және кеңдік

Жыныс мүшелерінің терісі өте нәзік және сезімтал болады, оған, әсіресе етеккір келген күндері ұқыптап күтім жасау керек. Тітіркенуге және бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін не істеу керек?

  • Шомылуға арналған суланған киімді шомыла салысымен шешу керек. Мүмкіндігінше ылғал киіммен, оның ішінде фитнес жаттығуларынан кейін мейлінше көп жүрмеуге тырысқан жөн.
  • Тар киім кимеуге тырысыңыз. Ежелден әйелдердің белдемше мен көйлек киіп жүргені бекер емес: арасына желдің кіруі оңай болған. Ал қазіргі тар джинсылардың әйелдердің жыныстық жерлері үшін мүлде пайдасы жоқ: теріге жеткілікті дәрежеде оттегі келмейді, қан ағымы бұзылады және әйелдердің бөлінділерінен жағымсыз иістің шығуына себеп болатын бактериялардың көбеюін күшейтеді.

Тазалық және күтім

  • Күнделікті душ әйел денесінің нәзік жерлеріне де қажет. Оларды жылы сумен, жұмсақ ысқыштың көмегімен, саусақпен немесе душтың ағын суымен өте мұқият жуу керек.
  • Қынап ортасында рН деңгейін бұзуы мүмкін жуғыш заттардан аулақ болыңыз. Мұндай бұзылыстардан жыныс мүшелерінен шығатын иіс күшейе түседі.

Балғындық, табиғилық және жаңалық

dsadfaf
Discreet Normal Plus

енді табу
  • 100% мақтадан тігілген таза іш киім киіп жүріңіз. Етеккір келген кезде синтетикалық іш киім әйелдердің бөлінділерінің иісін тек күшейте түседі.
  • Кір жуып болған соң іш киімді және жыныстық мүшелеріңізбен жанасатын киімнің барлығын 2 рет шайған дұрыс. Кір жуғыш ұнтақтың тіпті өте ұсақ түйірлерінің өзі нәзік теріні тітіркендіруі мүмкін.
  • Етеккір келген уақытта ауыстыратын іш киімді өзіңізбен бірге алып жүріңіз. Іш киім сататын сүйікті дүкеніңізге баруға тағы бір себеп табылды!

Иісті жою

Етеккір келмеген кездері жыныстық мүшелерінен иіс шықса – бұл қалыпты және табиғи жағдай. Алайда әйелдердің көбі бұл хош иістен де құтылғанды жөн көреді. Сол кезде күнделікті пайдаланылатын Discreet сияқты төсемелер қолданысқа енгізіледі. Олар «әйел иісін» шығаратын барлық сұйық бөлінділерді сіңіріп алады. Төсемелердің көбінің құрамына ағзаның табиғи иістерін алмастыратын хош иістендіргіштер қосылады.

Гигиена құралдарын жүйелі ауыстырып тұру

Етеккір қанының ешқандай өз иісі болмайды. Иіс қан ауамен немесе бактериялармен ұшырасқанда пайда болады. Сондықтан да төсемелерді жиі ауыстырып тұру керек: олар шыққан қанның ішінде бактериялардың көбеюінен қорғай алмайды. Ең қолайлы және ең гигиеналы құрал Tampax тампондары болып табылады. Олар терең орналасатындықтан қанды сыртқа жібермейді, пішіні қанша бөлінді бар болса, соның барлығын сіңіріп алуға мүмкіндік береді және бұл иісті жоюдың ең тиімді жолы. Тампондарды жүйелі түрде ауыстырып (әр 4-8 сағат сайын), оларды пайдаланудың барлық ережелерін сақтасаңыз, әйел иісінің не екенін ұмытып, толыққанды белсенді өмір сүре аласыз.

Дәрігердің көмегі

Егер терінің жыныстық мүшелер орналасқан жерлерінде тітіркену сезімі пайда болса, егер күнделікті бөлінділердің түсі, мөлшері және құрылымы өзгерсе, жағымсыз сезімдердің себебін анықтау үшін дәрігерге жүгінген жөн. Дәрігер қажет болған жағдайда тиісті ем тағайындайды. Сонда балғындық, тазалық және жеңілдік қайта оралады!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс