Күн сайынғы кішкентай қуаныштар

Бақытты адам болу жолдары қандай, немесе Күн сайынғы кішкентай қуаныштар

Бақытты адам болу жолдары қандай? Мұнда бізден қандай да бір күш жұмсауды қажет етпейтін оңай және барлығына да қол жетімді «үйдегі» рахаттанудың бірнеше мысалы бар.


Бақыт деген — өмірде бір рет қана басымызға топ етіп түсетін нәрсе емес, керісінше күнделікті болып тұратын мыңдаған жағымды ұсақ-түйек. Бірақ оларға көңіл бөлуге қалай үйренуге болады? Жай ғана тоқтай салып, гүл иіскеуге, батқан күнге сүйсіне қарауға немесе бүкіл отбасымен жайлы кеш өткізуге қалай уақыт табуға болады? Бізден қандай да бір күш жұмсауды қажет етпейтін оңай және барлығына да қол жетімді үйдегі рахаттанудың бірнеше мысалы міне.

Жеке бақша

Егер Сіздің бау-бақшаңыз болса, табиғатпен етене екеніңізді сезе отырып, тура және ауыспалы мағынада еңбегіңіздің жемісті болғанын бақылай отырып, рахаттана аласыз. Балаларды тура жүйекшеден алынған жеміс-жидектермен марапаттай отырып, оларды да осы іске баулыңыз. Егер Сіздің өз бақшаңыз болмаса, терезенің алдында оның кішкене ғана көшірмесін жасай аласыз.

Интерьерді жаңартып тұрыңыз

Егер жөндеу жұмыстарына моральдық тұрғыдан дайын болмасаңыз, үйдегі декорды тұрақты түрде жаңартып тұрыңыз. Мысалы, жаңа перде немесе дастархан көңіл-күйіңізді бірден көтереді. 

Отбасылық кешкі ас

Lenor Гүлденген Жібек Қараған
Lenor Гүлденген Жібек Қараған

енді табу

Бүкіл отбасымен дастарханда жиі жинала бермейміз, ал ол болса, өте маңызды бас қосу! Ең болмаса аптасына бір рет кешкі аста бас қосып көріңіз, көмекке ата-әжелеріңізді шақырыңыз, жаңа тағамдарды ойлап табыңыз, алған әсерлеріңізбен бөлісіңіз.

Денені босаңсытатын ванналар

Ұзақ күннен кейін өзіңізбен, арман-ойларыңызбен оңаша қалу үшін міндетті түрде уақыт табыңыз. Жуынатын бөлмеде хош иісті майшамдарды қойыңыз, көбік немесе тұз қосылған денені босаңсытатын ванна қабылдаңыз.

Ұйықтар алдында кітап оқу

Егер балаларыңыз бар болса, ұйықтар алдында оларға міндетті түрде кітап оқып беріңіз, бұл сізге туыстық пен қуаныштың ұмытылмас сәттерін сыйлайды. Ал одан кейінгі ұйқы жайлы әрі тәтті болу үшін төсек-орын жабдығын Lenor кондиционерімен жуыңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.