Нағыз еркек қандай болуы тиіс?

Нағыз еркек деген қандай болады?...

Барлық назар еркектерге бөлінетін Отан қорғаушылар күнінде нағыз еркек қандай болуы керек деген көкейтесті сұрақ туындайды.


Нағыз еркек темекі шекпейді, ішімдік ішпейді, дөрекі сөйлемейді, қызғанбайды және мүлдем жоқ. Осылай белгілі анекдот айтады. Әр қалжыңның бір бөлігі қалжың...

Бірақ бір бөлігі ғана. Осы жөнінде қаншама сөз айтылса да, осы әлемде нағыз еркектер жоқ емес, бар! Бірақ бұған әрбір әйел өзінше бір мағына береді. Әрбір еркек те солай.

Демек, нағыз еркекті олар және өзгелер қалай көреді? Бұл сұраққа (қалғандарына да) барлығын білетін социологтар жауап бере алады. Ресейліктер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес: «Еркектерде нені жоғары бағалайсыз?» деген сұрағына жауап бергенде еркектердің көбі «ақыл!» деп айтты. Ал әйелдер еркектің ең бағалы қасиеті сенімділік деп есептейді.

Әрине, жауаптарда бірнеше ондаған оң қасиеттер аталды. Бірақ, барлығына нағыз еркектердің ішінен ең мінсіз еркектің өзі де ие емес – анекдоттағыдай, ондай еркек шынымен де өмірде жоқ. Сондықтан нағыз еркектің басты қасиеттерінің «керемет жетеуін» атап өтейік.

Еркектер өздерінің ең құнды қасиеттері деп келесілерді атады: ақыл, әдептілік, тәуелсіздік, шаруашылдық, ауыртпалықпен күресе білу, адалдық, қамқорлық. Ал әйелдер пікірінше: сенімділік, мейірімділік, ақыл, әдептілік, шынайылық, ер жүректілік, қамқорлық. Топ-7 «еркектердің» жауаптарынан айырмашылығы, «әйелдердің» жауаптарында тәуелсіздік деген қасиет айтылмаған. Бірақ, онда шаруашылдық, адалдық деген қасиеттер неге аталмаған? Бұған бір-ақ қана жауап бар: барлық осы қасиеттерді әйелдер «сенімділік» түсінігіне қосады. Шынымен, адал емес еркек сенімді бола ма? Не бір шеге қаға алмайтын ше?

 

Ал оларда қалай?

Шетелде мамандар нағыз еркек деп қандай еркекті атауға болатын сұраққа жауап таба алмай дал болуда. Ұлыбританиядағы социологтар одан да алысқа кетті: оның портретін жасады! Демек, 2000 адамнан сұрағаннан кейін нағыз еркек келесідей болуы қажет:

-  бойы шамамен 180 см;

-  темекі шекпейді, бірақ сыра ішеді (оның ашық түрін ғана);

-  джинсы, V тәрізді мойны бар жейде мен жемпір киеді;

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

-  таза қырынған;

-  өткір тілді, қалжыңбас және күліп жүреді;

-  жақсы ақша табады;

-  жоғарғы білімі бар;

-  футболды жақсы көреді;

-  мотоцикл айдауды біледі;

-  дүкен аралағанды ұнатады;

-  сериалдар қарайды;

-  анасына тұрақты түрде қоңырау шалады.

Ал сіз үшін нағыз еркек кім? Оның қандай қасиеттері болуы керек? Талқылап көрейік!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.