Өмірімізді қалай өзгертіп, жақсартуға болады?

Өмірді өзгертуге 5 қадам (Сізге өмірде өзгеріс керек екенін қалай түсінуге болады)

Психологтар бір ауыздан: «Егер сізге өміріңізде бір нәрсені өзгерту керек сияқты көрінсе, онда сіз қателескен жоқсыз!» дейді. Бірақ айтуға оңай, ал оны қалай жасау керек? Өз өміріңізге өзгеріс лебін жіберуге шешімді қалай қабылдайсыз?


Асықпай, бірте-бірте әрекет етіңіз.

1-қадам. Қалауыңызды анықтаңыз

Өмірге қанағаттанбау сезімін жиі бастан өткереміз, бірақ «сіз нені қалайсыз?» деген сауалға жауап таба алмай қиналамыз. Сондықтан қағаз алып, оған: «Менің қалауым...» тізіміңізді жазыңыз. Қалауыңызға қарай, тармақтары көп болуы мүмкін, алайда оларды алдымен басты тілектеріңізден бастап орналастырғаныңыз жөн.

2-қадам. Өз қорқынышыңыздың бетіне тура қараңыз

Өзгерістер жолында қашанда біздің қорқынышымыз тұрады. Бірақ, олар шынымен күшті ме? Мүмкін, оларды айналып немесе аттап өту керек шығар? Тағы бір қағаз алып, неден қорқатыныңызды жазыңыз. Сіз өз қорқынышыңызды сөзге ауыстырған сәтте ол кескінсіз алып құбыжық болуын доғарып, ниет болса, оңай жеңетін әдеттегі жайтқа айналады.

3-қадам. Өз қабілетіңіз бен мүмкіндігіңіз туралы ойланыңыз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Тағы да бізге қағаз бен қаламсаптың көмегі қажет. Енді бізге қандай қабілет пен мүмкіндіктерге ие екенімізді жазу керек. Тек, тым сыпайыланбаңыз! Өз дәрежемізді түсіріп, өзімізді шын мәнінен нашар деп санау – еңсені тіктеп, кең тыныс алуға мүмкіндік бермейтін жаман әдет. Егер сіз қаласаңыз, қолыңыздан бәрі келетінін ұмытпаңыз!

4-қадам. Соңғы мақсатты кішкентай бөліктерге бөліңіз

Кез келген арман, егер біз оны көптеген кішкене кезеңдерге бөлсек, жай арман болуын доғарып, әрекет жоспарына айналады. Тек бастаңыз, қажетті жол аяғымыздың астынан өзі табылады. Бұл ретте, егер сіздің тілегіңіз ауысып және түрі өзгеріп жатса, үрейленудің еш қажеті жоқ. Бастысы – әрқашан өзіңізді тыңдау!

5-қадам. Айналаңызды пікірлес жандармен толтырыңыз

Сізге сенетін және әрқашан қолдайтын адамдарды табу – бұл өте маңызды. Айналаңызға жолыңыздың неге болмай қалатынын толық баяндап беретін адамнан гөрі, «Әрине, сенің қолыңнан келеді! Сенен басқа мұны ешкім істей алмайды!» деп жігерлендіретін жандарды жинаңыз.

Ал сіз өзгерістерден қорқасыз ба? 

8march_flowers
Құттықтаймыз, Сіз екінші гүлді таптыңыз!

Бес гүлден гүл шоғын жинаңыз да, тест сұрақтарына жауап беріңіз және жүлде алыңыз!

Келесісін гүлді жазға қарсы қалай арықтайтынымыз туралы мақаладан табыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс