Оның назарын қалай аудартуға болады?

Оның назарын қалай аудартуға болады?

Әдеттегі сөздер: маған мына ер адам ұнайды, бірақ ол маған қарамайды. Не істесе болады? Назарды қалай аудартса болады? Бірнеше кеңес.


Әдеттегі сөздер: маған мына ер адам ұнайды, бірақ ол маған қарамайды. Не істесе болады?

 

Қайғыға батып, отыра беруге болады, немесе жағдайды қолға алып, шабуыл жасауға көшу қажет. Әрине, кейін сіздер туралы «бірге баянды да, бақытты өмір сүрді» деп айтатынына ешкім кепіл бола алмайды, бірақ сіз құр отырмай әрекет жасағаныңызды білесіз.

 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  • Қызығушылық танытыңыз. Ер адамдар бас тартудан қорқады, сондықтан шешімді әрекеттерге бармас бұрын оларда сенім барын сезінуі тиіс. Ер адамдар біз сияқты аса сезімге бой алдырмайтынын ескеру қажет. Тіпті осы туралы анекдот та бар: «Егер сізге әйел сізді ұнатып тұрғандай көрінсе, онда назарыңызды аудартамын деп оның бар күш-жігері таусылған болар».
  • Жабысып мазасын алмаңыз. Қызығушылық таныту мен жабысып алудың арасында шек барын түсіну аса маңызды. Жеңіл қылымсу мен назды болу сіз оңай олжа дегенді білдірмеуі тиіс. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз және өзіңізді бағалаңыз. Көзқарасыңыз «Иә, сен маған ұнайсың, бірақ менің сенімімді ақтай аласың ба, мен оны әлі білмеймін!» деп тұруы тиіс.
  • Өзіңізді жасанды етіп ұстамаңыз. Жасандылық көзге бірден түседі және кері итермелейді. Табиғилық пен жеңілдік тартымды болады.
  • Ортадан бөлініп шыға біліңіз. Сізді ерекше және ешкімге ұқсамайтын етіп көрсететін әлдебір нәрсеңіз болуы тиіс. Сіздің хош иісіңіз, қандай да бір қызық әшекей затыңыз немесе кез келген басқа ұсақ-түйек оның есінде қалуы тиіс.
  • Енді ең бастысы. Өзіңізден осы қарым-қатынастан не күтетініңізді сұраңыз.

Ер адамды қызықтыру тым жеңіл болуы мүмкін, бірақ ұзақ та, терең қарым-қатынас орнату әлдеқайда қиын. Сондықтан, алдымен сіз нені қалайтыныңызды біліп алуыңыз керек. Шынайы сезімді қалайсыз ба? Онда сабырлы болыңыз да, жақын қатынасқа түспес бұрын бір-біріңізді жақсылап біліп алыңыз. Өткінші сезімді қалайсыз ба? Онда әйел айлаларының бәрін қолданыңыз – биік өкшелі туфли, декольте және көз қиығымен қарау.

 

Есіңізде болсын, барлығы өз қолыңызда. Сәттілік тілейміз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс