Өзіңе деген сенімді қалай дамытуға болады

Өзіңе деген сенімді қалай дамытуға болады

Өзіне сенімді адамдар өзгелерді тартады. Оларға мансапқа жету, қарым-қатынас орнату, орасан зор жоспар құру оңайға түседі. Өзіңе деген сенім пайда болу үшін не істеу керек?


Сымбат

Жақында жүргізілген зерттеулер адамның арқасының тік болуы өзін жоғары бағалаумен және өзіне сеніммен тікелей байланысты екенін  растады. Тік тұрып, тік отыратын адамдар жағымды пікір туғызады. Сымбаттың жақсы болуы өзіңді еркін және сенімді болып сезінуге көмектеседі, адамның өзіне ұқыпты екенін, өзін бағалайтынын және аяғында нық тұрғанын білдіреді. Арқасын тік ұстап презентация жүргізіп жатқан жас қызметкер оның бүкірейген әріптесінен гөрі көбірек сенім туғызып, біліктірек көрінеді.

Түстермен ойнау

Киіміңіздің кез келген ашық түсті бөлігі, мойын орауыш, шаш қыстырғыш немесе білезік болсын, көз тартады. Өзіңізді сенімдірек сезінуге және сыртқы әлеммен оң байланыс орнатуға көмектесетін түсті дұрыс таңдап алсаңыз болғаны. Сары түс қуаныш пен оптимизм, сарғылт түс – жайлылық пен әлдебір ойнақылық сезімін сыйлайды. Тек сізге ғана жарасатын түсті тауып алыңыз, сонда сіздің өңіңіз бен сыртқы келбетіңіз бұрынғыдан да тартымды бола түседі.

Өзіңізді салыстырмаңыз

«Менің шашым соныкіндей болса ғой... Аяғым соныкіндей ұзын болса, шіркін!...» – деп жылтыраған журналдарды көріп күрсінгенді қойыңыз. Суреттер өзіңізге сенімді болуды үйрете алмайды: олардың өмірге қатысы аз. Өзіңізді толығымен қабылдасаңыз ғана, барлық кемшіліктеріңізбен қоса өзіңізді дұрыс сезінсеңіз ғана тартымды бола аласыз. Сізге кімнің тартымды болып көрінетіні туралы бір сәт ойланыңызшы: торыққаннан айықтыратын дәрі ішетін және өзіне сүйкімсіз болып көрінетін фотомодель ме, әлде бет-жүзі оптимизм мен қуаныш шашып тұрған және бес минут сайын: «Мен семізбін! Мен ұсқынсызбын!» деп шағымдана бермейтін толықтау әйел ме?

Дос таңдаудан қорықпаңыз

dsadfaf
Discreet Normal Plus

енді табу

Өзін өзі қазбалаудан, өзін өзі ойран етуден немесе өзін өзі мінеуден бір минутқа да көңіл аудара алмайтын адамдар айналасындағы адамдарды орға тартады. Әрине, құрбыңыз мұңға батып жүрсе, онымен бірге кафеге барып, аз уақыт оның мұңын тыңдап, жылауына серік болуға болады, бірақ бес минуттан кейін мұңаюды ұмытып, хош иісті шай ішіп отырып күлетін болыңыз. Ең бастысы – тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел жәрдемге» айналып кетпесеңіз болғаны. Оптимисттермен қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз, мінезі ауыр, өзіне және қоршаған әлемге риза емес адамдармен араласудан аулақ болыңыз.

Күлімдеп жүріңіз!

Күлімдеп жүретін әйел әрдайым тартымды болып көрінеді. Күлімсіреуге көмектесетін бұлшық еттер жиырылған кезде миға күшті «бақыт импульсы» жіберіледі. Күлімсіреген бақытты адам өзіне 100% сенімді. Оған қоса, оң көзқарас адамға қайта оралады.

Киім мен іш киімді таңдаған кезде мұқият болыңыз

Киіп жүрген киіміміз біздің даралығымызды көрсетеді. Алайда жария және жария емес дресс-кодтардың бар екенін  ескеру керек, сондықтан рок-топтың суреті салынған майка әрдайым орынды бола бермейді. Өмірдің барлық сәттеріне арналған алуан түрлі киім табуға тырысыңыз, ең бастысы – бұл киімдердің бәрі сізге жарасу керек, ал айнадан көрген кеңселік киімдегі де, жаздық киімдегі де бейнеңіз сізді қуантуға тиіс. Егер костюміңіздің сізге жарасып тұрғанына сенімді болсаңыз, демек, сіз өзіңізге де сенімдісіз.

Ал іш киім болса – бұл табыстың жеке құпиясы. Ол айналадағыларға көрінбейді, бірақ оның әсері зор. Өзіңе деген сенімді қалай дамытуға болады? Тек қана сізді қуантатын – одан кем емес – іш киім киіп жүріңіз және оған көп ақша жұмсаудан қысылмаңыз. Сүйікті іш киіміңізбен қоса одан алатын әсеріңіз бұзылмау үшін міндетті түрде күнделікті қолданылатын төсемені пайдаланыңыз. Discreet төсемелері күні бойы балғындық сезімін сақтайды, ал балғындық бар жерде, сенімділік те бар!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.