Қалай тартымды болуға болады

Тартымды болудың 7 тәсілі

Әйелдің тартымдылығы оның киімінде, гауһар тастарында, салмағында немесе шашының сәнінде емес. Бұл іштен шығатын және айналадағы әлемді жарқырататын әлдебір терең құбылыс. Қалай тартымды болуға болады?


Өзіңіздің бағаңызды біліңіз

Өзіңізді қандай да бір сұлудың стандарттарына келтірмей, табиғи күйіңізде жақсы көріңіз. Әйел өзінің барлық күшті жақтарын білуге және соларды ерекше білдіруге тиіс, өйткені әйелдің өзінде бағалайтын және ерекше көрсететін нәрсесін айналадағылар байқайтын болады. Егер әйелдің жан сұлулығы жарқырап тұрса және өзін сұлумын деп сезінсе, ол нағыз тартымды әйел!

Сіздің өміріңіз – сіздің құштарлығыңыз

Өміріңізді өзіңізге шынымен ұнайтын нәрселерге жұмсаңыз. Егер жасаған әрекетіңізге шын сезіммен сенсеңіз, сіз тартымдысыз! Егер сіз өзіңізді шынымен еліктіретін және күшіңізді, ақылыңызды, қуатыңызды салуға дайын әлдебір нәрсе туралы беріле айтатын болсаңыз, адамдар сіздің жаныңызда болуға ұмтылады. Құлшынысыңызбен еліктіріңіз, сонда сіз мақтан етуге лайық боласыз! Сүйікті ісіңізбен айналыса отырып, тартымды болу өте оңай.

Қозғалыңыз

Жаяу және велосипедпен серуендеудің сіздің сымбатыңыз үшін пайдалы екенін  ұмытпаңыз. Олар жүрек соғуын жылдамдатады, қан бетіңізге құйылады... Бетінің шырайы бар және көздерінен денсаулықтың ұшқыны жарқырап тұрған бақытты ширақ әйел – бұдан әдемі не бар?! Денеңізге қандай салмақ түссе де, өзіңізді балғын болып сезіну және өзіңіздің қорғалғаныңызға сенімді болу үшін күнделікті Discreet төсемелерін пайдаланыңыз. Сұлулықтың құпиялары олар туралы әйелдің өзі ғана білетіндіктен құпия болып есептеледі.

Адамдарға қызығушылық танытыңыз

dsadfaf
Discreet Normal Plus

енді табу

Адамдар оларды тыңдауға дайын адамдарға мұқтаж. Оларды тартымды деп есептегенді ұнатады, оның есесіне сіз туралы олар дәл солай ойлайтын болады. Егер сіз тыңдасаңыз, түсінсеңіз және бірге мазасыздансаңыз, онда сіз – ең тәкаппар ханзаданың өзі жаныңызда болғысы келетін ханшайымсыз!

Өзіңізге күтім жасаңыз

Күн сайын тәніңізге көңіл бөліңіз. Тартымды болу үшін пайдалы тамақпен қатар лосьондар, майлар және ванналар да қажет. Денеңізге күтім жасап болған соң айнаға қарап өзіңізге сүйсіне қараңыз. Иә, сүйсіне, өзіңізді сынамай қараңыз. Өз теріңізбен үйлесімділікті сезініңіз. Сіздің өз сұлулық құпияларыңыздың барына көз жеткізіңіз, сонда сұлу боласыз. Дәл осы көңіл-күймен шығыңыз. Сіз сондай тартымдысыз!

Қолдан жасаңыз

Интерьердің дизайны, қуыршақ, маркетингтік жоба – өзіңіз басынан бастап, өз ақылыңызбен жасаған нәрсенің барлығы – сіздің өнертабысыңыз. Өз қолыммен жаңадан бір нәрсе жасап шығардым деген ой шабыттандырып, қуат береді. Сізді бәрі байқайтын болады және өзіңізге лайық масаттануға ие боласыз.

Ойнаңыз

Әзіл мен жеңіл ойнақы көңіл-күйдің өзіне тартпауы мүмкін емес. Сіздің көңіл-күйіңіздің жақсы болуы, қалжыңдап күліп жүргеніңіз әрдайым адамдарды баурап алары сөзсіз. Сіз тартымды болудың барлық құпияларын аштыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.