Сары уайым торығуға алып келсе

Сары уайым торығуға алып келсе

Уайымыңыз үш күнге созылса – ештеңе емес. Бірақ бұл күйіңіз одан да созыла түссе немесе ауырлап кетсе, көмекке жүгінгеніңіз жөн.


Сүйкімді, дені сау баланы дүниеге әкелген болсаңыз – өмір қандай керемет, солай емес пе? Бірақ неге көңіл-күйіңіз жоқ? Босанғаннан кейінгі жабырқаңқылық, жылауықтық сезімі және күйгелектік – бұл қалыпты жағдай. Әдетте, бұл бірнеше күннен кейін тыйылады. Содан кейін жаңа туылған нәрестемен қатынасу қуанышына бөленесіз (өмірдің жаңа кезеңі алып келетін жаңа эмоциялар жиынтығы). Бірақ үмітсіздік, мазасыздық және жамығу сезімі сіздің тұрақты серіктеріңізге айналса, уақытыңызды босқа кетірмей, босанғаннан кейінгі торығуға ұшырағаныңызды тексеру үшін дәрігерге жүгініңіз. Әйелдердің көбі босанғаннан кейін орын алатын эмоциялық жабырқаңқылыққа ұшырайды. Бірақ олардың 30 %  нағыз босанғаннан кейінгі торығудың азабына түседі. Мамандардың айтуы бойынша бұл көрсеткіш әдейі төмендетілген, шын мәнінде, бұған ұшырағандардың саны 50% дейін жетеді.

Босанғаннан кейінгі торығу деген не?

Босанғаннан кейінгі торығу – әдеттегі эмоциялық көңілсіздіктен ұзағырақ созылатын ауыр жабырқаңқылық күйі. Белгілі бір уақыт өткен соң босанған әйел ауыр торығуға ұшырап, өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Торығуға шалдыққандар әдетте уайымға салынады, тыныштығы бұзылады, қорғалмағандық сезіміне ұшырайды, сезгіштігінен айрылады, тіпті себепсіз ашуланшақтық пайда болады. Мұндай күйге көбінесе өзінің жағдайын жасыратын және сол жағдайын жеңе алмайтынын айтуға қысылатын А тұлға типіне жататын аналар шалдығады. Сондықтан көп жағдайда жас анаға осы қиын кезеңнен өтуге тек қана отбасы мен достарының қолдауы көмектесе алады.

Босанғаннан кейінгі торығудың түрлері көп және ол туралы неғұрлым көп білсек, онымен күресу соғұрлым оңай болады. Әйелдер бұдан қысылмау керектігін немесе сезімдерін жасырмау керектігін білуі керек. Ең бастысы – көмекті дер кезінде алу. Жаныңызда сізге сенетін адамның болғанын қалайсыз ба? Сізге дәрі-дәрмек керек болуы мүмкін.

Қауіпті санаттағы әйелдер:

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  • Торығу/алдыңғы босанғаннан кейінгі торығу
  • Қолдаудың болмауы
  • Сенімді қатынастардың болмауы
  • Жұбайының жұмыссыз болуы
  • Қиын өмірлік жағдайлар
  • Анасымен қарым-қатынасының нашарлығы

Босанғаннан кейінгі торығудың белгілері:

  • Нашар көңіл-күй және өмірге деген құштарлықтан айрылу
  • Мазасыздық
  • Ұйқының бұзылуы және асқазанның бұзылуы
  • Зейін қою қабілетінің нашарлығы
  • Өзін өзі төмен бағалау
  • Күш пен қуаттың болмауы
  • Либидодан айырылу

Босанғаннан кейінгі торығудан жазылу үшін уақыт пен шыдамдылық қажет – бұл ұзақ үрдіс. Бірақ сіз қайткенде де жазыласыз. Бұған кінәлі сіз емес екендігін, және күйзелістер үшін кінәламау керектігін түсіну қажет. Аналық міндеттеріңізге құлшына кірісіңіз және өзіңіздің – нәрестеңіз үшін ең жақсы ана екеніңізді ұмытпаңыз. Ол, әрине, сізді жақсы көреді, өйткені сіз – оның анасысыз.

Егер осы тақырыпқа орай бірнеше пайдалы кеңестеріңіз бар болса, «Мақала жазу» батырмасына басып, сайтты пайдаланушылармен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.