Шашқа арналған әдемі байлауышты өз қолымызбен жасаймыз

Шашқа арналған әдемі байлауышты өз қолымызбен жасайық

Біздің қарапайым нұсқауларымызды қолдансаңыз, жарты сағаттан аз уақыттың ішінде шаштарыңызға бапталған өң беретін шашқа арналған сәнді байлауыш жасап ала аласыз.


Кездесуге жиналған немесе достарымызбен уақытыңызды көңілді өткізуге дайындалған кезде біз, әдетте, ұсақ-түйекке дейін: көйлегімізді, туфлиімізді, макияжымызды және, әрине, шашымыздың сән үлгісін, бәрін ойластырамыз. Кейпіңізге ерекше бір нәрсе қосқыңыз келе ме? Біздің қарапайым нұсқауларымызды пайдаланыңыз, сонда жарты сағаттан аз уақыттың ішінде шаштарыңызға бапталған өң беретін және стиліңізді түрлендіретін шашқа арналған сәнді байлауыш жасап ала аласыз.







Сонымен, бізге мыналар керек болады: ұзындығы 20 және 40 см екі жұқа тері белдік, жалпақ резеңке, қайшы, желім, өлшеуіш, ине және жіп.



1. Алдымен бант жасаймыз: шамамен 20 см жолақты алып, үлкен ілмек етіп байлаймыз, сосын тағы одан кішірек біреуін жасаймыз да оларды бір-біріне жапсырамыз. Содан кейін дәл осындай ілмектерді екінші жағынан жасап, бір-біріне жапсырамыз. Белдіктің артық бөлігін кесіп тастап, ілмектер қабысқан жерлерді жабамыз. Міне, бант жасап болдық.





2. Бантты ұзын тері жолақтың өзімізге ұнайтын жеріне жапсырамыз. Бөлшектері мықтап жабысу үшін үстінен ауыр зат қоямыз.





3. Енді резеңкені тігіп қою қалды. Ол үшін белдікті маңдайыңыздың үстіңгі бөлігінен бастап желкеңіздің астыңғы бөлігіне дейін өтетіндей етіп басыңызға орайсыз. Осы ұзындықтан 13 см алып тастайсыз да, белдікті қиып жібересіз. Енді резеңкенің 10 см-ін кесіп алыңыз. Байлауыш бас шеңберінен сәл кішірек болу керек және шашыңызда мықтап тұру керек.Резеңкені белдікке ұқыптап тігіп қоямыз.





Міне, байлауышыңыз дайын! Әр түрлі жағдайларға және киімдеріңізге арнап бірнеше түстері әр түрлі байлауыш жасап қойсаңыз болады. Мысалға, қара көйлекке алтын түсті байлауыш жасасаңыз жарасып кетеді.






Бірақ байлауыш әдемі көрініп, тарқатылған бұрымдарыңыздың жарқылы мен күшін көрсетуі үшін шаштарыңыз әрдайым таза және сау болуға тиіс, бұл жағдайда қайызғаққа жол берілмеу керек. Сондықтан сіздерге Head&Shoulders сусабынын пайдалануды ұсынамыз. «Цитрус балғындығы» немесе балғындататын ментолы бар топтамасын пайдаланып көріңіз, сонда сіздің шаштарыңыздың саулығы жарқырап қана қоймай, хош иісі шығып тұратын болады!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Кейде, нағыз сәнді, әрі сырбаз болып көріну үшін бірер ұсақ-түйек нәрселер ғана жетіспей тұрады!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.