Сұлу болуға арналған ұйқы

Ұйқыдағы ару. Сұлу болуға арналған ұйқы

Қандай керемет болар еді: ұйықтап жатып аяғымыздың ұшынан бастап шашымыздың ұшына дейін сұлуланып кете берсек! Алайда бұлай болуы мүмкін. Таңқалдырарлық нәтижеге жету үшін ұйықтар алдында өзіңізге күтім жасауға қатысты бірнеше кеңес берейік.


1. Шаштарыңыз
Сәнделген шаштарыңыз шатасып кете бермеу үшін жылтыр атлас немесе жібек жастыққапта ұйықтауға тырысыңыз. Шамамен аптасына бір рет шашыңызға түнгі құнарлы маска жасап тұрыңыз. Ол масканы кез келген дүкеннен сатып алуға болатын азық-түліктен өзіңіз жасасаңыз болады. Блендерге жұмыртқа, банан, кокос майын, лимон салып араластырыңыз. Масканы шашыңызға уқалап отырып жағып, басыңызды сүлгімен ораңыз да ұйықтай беріңіз. Егер мұндай күрделі масканы жасауға уақытыңыз болмаса, шашыңызға зәйтүн майын жағып, таңертеңге дейін қалдырыңыз. Шашыңыз жылтырап тұру үшін таңертең сусабыныңызға сірке суын қосыңыз.

2. Бетіңіз 
Ұйықтар алдында қабыршақтанып кеткен жасушаларды кетіру және бетіңізді тазалау үшін қант пен зәйтүн майының негізінде жасалған скраб жасаңыз. Шамамен аптасына бір рет дәл осылай қарапайым маска жасап алсаңыз болады. Ол үшін көпіртілген жұмыртқа сарысын жарты лимонның шырынымен араластырасыз. Масканы бетіңізге жаққан соң 15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз да, бетіңізге күнделікті қолданып жүрген түнгі креміңізді жағыңыз. Құрғақ теріні 3 шай қасық зәйтүн майы мен 3 шай қасық бадам майын бір шай қасық лимон шырынымен араластырып жасалған маскамен ылғалдандыруға болады. Ерніңізге де ылғалдандырғыш бальзам жағып тұруды ұмытпаңыз.

3. Көздеріңіз
Көздеріңіздің асты қарайып және күлдіреп тұрмау үшін көз айналасына жағатын кремді пайдаланыңыз. Қанның алмасуына себеп болатын массаж жасаңыз. Сонымен қатар көздеріңізге біраз уақытқа дөңгелектеп кесілген қиярды қойсаңыз болады.

4. Тырнақтарыңыз бен қолдарыңыз
Қантталған бал мен аздаған судан жасалған скрабты қолдарыңыз бен тырнақтарыңызға жағып тұрыңыз. Кутикулаға зәйтүн майын жағып, қолдарыңызға ылғалдандырғыш кремді қалың етіп үйлестірген соң мақтадан тігілген қолғап киіп, таңертеңге дейін қалдырыңыз. Таңертең теріңіз нәрестенің терісіндей жұмсақ, әрі  нәзік болады.

5. Денеңіз
Раушан немесе лаванда майы қосылған ванна қабылдаңыз да, арнайы ысқышпен массаж жасаңыз. Ваннадан кейін денеңізге жақсы көретін сүтше немесе лосьон жағыңыз.

6. Аяқтарыңыз
Аяқтарыңызды шамамен 5 минутқа тұзды су құйылған ваннаға батырып отырыңыз. Қабыршақтанып кеткен теріңізді қырып түсіретін қолғаппен немесе пемзамен кетіріңіз, содан кейін ылғалдандырғыш кремді (ащы жалбыз майын қоссаңыз тиімдірек болады) молынан жағып, таңертеңге дейін мақтадан жасалған шұлық киіп жатыңыз.

Сиқырлы сұлулық түсін көру үшін ұйықтар алдында байсалды әуен тыңдаңыз, кітап оқыңыз!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.