epilation

Аяқ және бикини аймағын эпиляциялау: жақсысын таңдайық

Түкті алудың қай тәсілі тиімдірек – эпилятор, ұстара, крем я балауыз ба? Ең тиімдісін және ыңғайлысын таңдаймыз.


Эпилятор

Қазіргі эпиляторлар ұзындығы бар болғаны 0,5 мм құрайтын қысқа түктерді де алуға және арнайы саптамаларының арқасында ауыру сезімдерін азайтуға қабілетті.

Қалай әрекет ету керек

Түктер оңай алыну үшін ыстық ванна қабылдасаңыз болады: буда жұмсарған теріні эпиляциялау әлдеқайда жеңіл өтеді.

Жанама әсерлер

Көбінесе эпиляциядан кейін кіре өскен түктер проблемасы пайда болады. Оны скрабтар мен жөкенің көмегімен шешу мүмкін. Егер теріні түлету процедурасын жүйелі түрде жасап жүрсеңіз, бұл проблема көп ұзамай сізді мазалауын тоқтатады.

Қорытынды: эпилятор қажетсіз түктермен күресудегі әмбебап шешім болып табылады. Олар 3-4 апта бойы сізді мазаламайды.

Крем

Эпиляцияға арналған крем – егер теріңіз тітіркенуге бейім болса, эпиляторлардың таптырмайтын баламасы осы.

Қалай әрекет ету керек

Депиляцияға арналған кремдер құрғақ теріге жағылады, арнайы қалақшамен мұқият үлестіріледі, содан кейін сол қалақшамен кетіріліп, сумен шайылады.

Жанама әсерлер

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Процедурадан кейін түктер өте жылдам, бар болғаны 1-3 күннің ішінде қайта өсіп шығады, бірақ бұл жағдайда теріңіз мүлде тітіркенбейді.

Қорытынды: депиляцияға арналған кремдер – бикини аймағындағы түктерді кетірудің таптырмайтын құралы, өйткені оны тіпті қол жеткізу қиын жерлерге жағуға болады.

Балауыз

Балауыз жылы және ыстық болып бөлінеді, бикини аймағына ыстық балауыз лайық. Алайда бұл тәсіл ерекше ептілікті қажет етеді.

Қалай әрекет ету керек

Қыздырғышта алдын ала қыздырылған балауызды теріңізге түктердің өсу бағытымен жағасыз. Оның үстіне қағаз жолақ саласыз да, денеңізге қатты басасыз. Бұл арада жолақты түктің өсу бағытына қарсы дұрыс және жылдам жұлып алу кезінде ептілік қажет.

Жанама әсерлер

Түктер түбімен бірге алынады, ал жаңасы әлсіздеу болып өсіп шығады және көбінесе теріге кіре өседі. Бұл проблемадан құтылу үшін эпиляциялаудың алдында және одан кейін бір апта өткен соң теріңізге пилинг жасатыңыз.

Қорытынды: балауызбен эпиляциялаудан кейін түктер 2-3 аптаның ішінде өсіп шығады. Мұндай процедураны ұзақ демалысқа дейін жасаған жөн.

Ұстара

Түктерді кетірудің ең қарапайым және танымал құралы ұстара болып табылады. Оған таң қалудың қажеті жоқ, өйткені бұл қарсы көрсетілімдері жоқ жалғыз тәсіл. Әрине, түктеріңіз келесі күні-ақ өсіп шыға бастайды, бірақ процедурадан кейін теріңіз бірден тегіс, әрі  жылтыр болып шыға келеді.

Ал сіз түктеріңізді қалай кетіресіз? Эпиляторды қалайсыз ба, әлде балауызды ма?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс