Gillette Fusion ProGlide Styler стайлер ұстарасы 0

Gillette Fusion ProGlide Styler стайлер ұстарасы

Ұстара

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

openӨнім туралы ақпарат

Сіздің сақал-мұртыңыз стильді әрі ерекше көрінгенін қалайсыз ба? Gillette Fusion ProGlide Styler – бірдей ұзындық, тегіс қырыну және айқын контурлар жасайтын сақал-мұртқа күтім жасауға арналған 1-де-3 стайлерді ұсынамыз. Әдеттегі эспаньолка немесе төменгі жақ бойымен жасалған а-ля Авраам Линкольн сақалы, немесе жұқа бакенбардтары бар теп-тегіс қырылған бет түріндегі қандай стильді таңдамасаңыз да — Сіз әрқашан да мінсіз бейне жасай аласыз. Gillette Fusion ProGlide стайлері су өткізбейді, сондықтан Сіз оны душта суға түсіп тұрсаңыз да, пайдалана аласыз.

1. Braun мамандарымен әзірленген қуатты триммер маневр жасауды қамтамасыз етеді және стайлердің еңіс бұрышына қатыссыз сақал-мұртты оңай әрі тез кесуге көмегін тигізеді: үш ауыстырмалы қондырғы бетіңіздің әлпетін қайталай отырып, қылдарға бірдей ұзындық береді. Сабының эргономикалық дизайнының арқасында стайлерді қырыну және тримминг кезінде ұстау өте ыңғайлы. Соңында тек триммердің қондырмасын шығарып алып, оны ағын судың астында жуу керек.

2. Ең жұқа* Fusion ProGlide Power жүздері мұқият және тегіс қырынуды қамтамасыз етеді, ал Микротарақтың инновациялық функциясы қылды жүзіне қарай бағыттап, ең түбінен кесіп тастауға көмегін тигізеді.

3. Ұстаралық кассетаның артқы жағында триммер-жүзі орналасқан, ол сақал-мұртқа айқын контур мен мінсіз пішін беруге көмектеседі. Керемет дәлдікпен беттегі шашқа стайлинг жасауға шын мәнінде кәсіптік жақтан қарауға мүмкіндік береді.
Барлық Gillette Fusion ProGlide стайлерлеріне арнайы тіреуіш-органайзер беріледі, оның арқасында барлық қажетті қондырғыларыңыз әрқашан қол астында.