Маскарадты қалай ұйымдастырса болады

Пилатес — жақсы мүсінге ниеттес!

Қыста көп қозғалғымыз келмей, үйде жайлы жатып, дәмді тоқашты жегіміз келген кезде ұнататын джинсының оңайлықпен киілмейтінін, ал денеге жабысып тұратын көйлектің мүлдем сыймайтынын жақын арада байқайтын боламыз. Қорытынды біреу — өзімізді қалпына келтіретін кез келді. Спорт залында қалжырататын жаттығу жасау сізге ұнамайтын болса, онда пилатесті игеріп көріңіз!


Пилатес — бұл тез танымал болып бара жатқан көне жаттығу жүйесі. Пилатеске күш жұмсайтын да, қозғалысты үйлестіруші де, тепе-теңдік, тыныс алу мен керілу жаттығулары да жатады. Егер пилатеспен тұрақты айналысып тұратын болса, онда жақын арада жинақы, иілгіш және шымыр денеге қол жеткізуге болады. Ал ең бастысы – осыны үйден шықпай-ақ жасай алатын боласыз.
Барлық жаттығуларды тыныс алуға аса көңіл бөле отырып, өте баяу жасау қажет.
Аяқ.
Шалқаңыздан жатыңыз, қолды дене бойымен созыңыз. Аяғыңызды дем шығарғанда 90 градусқа баяу көтеріңіз, дем алғанда түсіріңіз, кейін екінші аяқпен қайталаңыз. Әр аяқпен 5 рет қайталаңыз, бір минут демалып, жаттығуды қайталаңыз.
Бөксе.
Шалқаңыздан жатыңыз, қолды дене бойымен созыңыз, аяғыңызды бүгіңіз. Демді ішке тартып алып, дем шығарғанда бөксеңізді көтеріңіз. Сосын бір аяқты көтеріп, екіншісінің үстіне салыңыз. Бастапқы күйге оралыңыз да, тура осыны басқа аяқпен орындаңыз. Әр аяқпен 5 рет қайталап жасаңыз, бір минут демалып, жаттығуды қайталаңыз. 
Іш.
Шалқаңыздан жатыңыз, қолды желкеге қойыңыз, ал аяқты 90 градус деңгейіне көтеріңіз. Белдің еденге тақалып жатқанын қадағалаңыз. Демді ішке тартыңыз да, дем шығарғанда бір уақытта жауырынды шамалы көтере отырып (белдің тақалып жатуын қадағалауды ұмытпаңыз), аяқты баяу 45 градусқа түсіріңіз, сосын бастапқы күйге оралыңыз. Жаттығуды 8 рет жасаңыз, бір минут демалып алыңыз да, барлығын қайталаңыз.
Қол.
Етпетіңізден жатыңыз да, бүкіл денеңізді соза отырып, қолды алдыға созыңыз. Одан кейін қолды еденге тірей отырып, іш бұлшық етінің созылуын сезбейінше дененің жоғарғы бөлігін баяу көтеріңіз. 5 рет орындаңыз, бір минут демалып алып, қайталаңыз.
Жүйелі түрде жаттығыңыз, аптасына ең болмағанда 4-5 рет. Әр жаттығу жасағаныңыз 30-40 минуттан артық уақытыңызды алмайды. Өзіңізге кесте жасап, көрінетін жерге іліп қойыңыз немесе телефонға ескерту орнатыңыз. Жақсы әуенді қосып қойып, құрбыңызбен немесе қызыңызбен айналысуға болады. Сонымен қатар, пайдалы ас пен күн тәртібін де ұмытпаңыз. Байқап көріңіз, нәтижесі ұзақ күттірмейді!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
nat

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер , Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
Camomile

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер, Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер