Мереке күндері қалай  сымбатты болып қалуға  болады

Мереке күндері сымбатты болып қалуға көмектесетін 7 амал

Мереке күндері дастархан сыяпатынан бас тарту қиын. Сымбатыңыз бен жақсы көңіл-күйіңізді сақтай отырып, мерекелік дастарханнан құр қалмаудың 7 қарапайым амалын ұсынамыз.


1. Құнарлы таңғы ас
Мереке күні көбі думан-тойды күтіп тамақ жемейді. Бірақ сонда да тамақтан арнайы жеңіл тамақ желінетін күндері тартынған жөн. «Тойға барсаң, тойып бар» деген. Егер сауық-сайран түскі уақытқа белгіленген болса, таңертеңгі асты жақсылап ішіп алу керек. Ал егер кешкі асқа белгіленген болса, онда таңғы және түскі асты тойып ішкен дұрыс. Сонда асқазаныңызды мерекелік дастарханнан есеңгіреп қалудан құтқарып қаласыз.

2. Алдымен жеңіл тамақ
Егер мерекелік дастарханға сіз жауапты болсаңыз дәстүрлі тағамдармен қатар бірнеше жеңіл салат дайындаңыз. Ет пен балықтың майы аз түрлерінен жасағаныңыз дұрыс. Майонезді табиғи йогуртпен араластырыңыз. Қонаққа барғанда алдымен көкөністерден бастаңыз, содан кейін тойымды тағамдарға көше берсеңіз болады.

3. Бір стақан су
Отырыстың алдында бір стақан су ішіп алсаңыз тез тоюға мүмкіндігіңіз болады. Судың үнемі үстелдің үстінде болғанын қадағалаңыз. Алкоголь ішімдіктерін (калориясы көп болады) минералды сумен кезектестіріп ішкеніңіз жөн.

4. Тамақ жеуден рахат алыңыз!
Тамақты баяу, жақсылап шайнап жеңіз. Әр тағамның дәмінен рахат алыңыз. Сонда асқазаныңызда ауырлықтың пайда болуынан құтыласыз.

5. Қонымды киім
Мерекеге жиналған кезде кең туникалар мен көп қабатты киімдерден бас тартқаныңыз жөн. Мүсініңізді көрсететін қонымды көйлек немесе шалбар киіңіз. Сонда өзіңізді шектен шығармайсыз және не үшін екені көрініп тұрады!

6. Сыпайы бас тарту
Өз дегенінен қайтпайтын меймандостарға абайлап және күлімсірей отырып «жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Артық көңіл аудартпау үшін тәрелкеңізде тамақтан кішкене қалдырып қойыңыз. Таңдап алған ас үлестеріңіз көп болып көріну үшін кішірек тәрелкені алыңыз.

7. Күліңіз! 
Көбірек қозғалып, белсенді ойын-сауықтарға қатысуға тырысыңыз. Билеңіз, жұмбақ сөз табу ойындарына қатысыңыз, ең бастысы – күліп-ойнаңыз. Өйткені күлкі өмірді ұзартып қана қоймай, калорияларды да жояды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 Ал сіз дастархан басында отырғанда өзіңізді тоқтатасыз ба? Мерекелік отырыстар сізге қалай әсер етеді?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.