Пилатес — жақсы дене бітімін жақтаушы!

Күнді жаттығудан бастаймыз!

Жаттығуға таңертең 15 минут бөле отырып, күні бойына қалай күш жинауға болады? Қарапайым спорт кеңестері.


Жеңіл таңғы гимнастика ұйқыны ашып, әлсіздікті жеңіп, күннің қажетті тәртібін бастауға көмектеседі. Жаттығуды жақсы желдетілген бөлмеде немесе таза ауада таңғы асты ішер алдында жасау қажет. Оған көп уақыт кетпейді, бар жоғы 10-15 минут қана.

Осы бірнеше жаттығуды барлық кәсіби спортшылар қолданады. Бұл дене шынықтыру таңғы жаттығуды әуен ырғағымен жасауға тамаша келеді. Әрбір жаттығуды 4-7 рет қайталау қажет. Барлық қозғалысты баяу және біркелкі етіп орындаңыз.
Мойын
Тік тұрыңыз. Аяқты иық енімен қойыңыз. Қолды белге қойыңыз. Иыққа қарай, кейін кеудеге және артқа еңкейіңіз. Осы бастапқы жаттығуды кезекпен екі жаққа бірнеше рет айнала қозғалып аяқтаймыз.

Иық пен қол
Иықпен бірнеше дөңгелете қозғалыс жасаңыз. Созылып тұрған қолмен қозғалысты қайталаңыз. Кейін сол қолды бүйірге тіреп, оң қолды жоғары көтеріңіз. Солға қарай еңкейіңіз. Қолдарыңызды ауыстырып, оңға қарай еңкейіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Қолды еденге параллель етіп екі жаққа созыңыз да, жұдырық түйіңіз. Алдымен білезік буынын, сосын шынтақты, сосын тұтас қолды айналдырыңыз. Осылайша біртіндеп қол сүйектерінің белдеуін жазып аласыз, содан кейін денеге көшуге болады.
Дене
Аяқты иық енімен қойыңыз. Қолды еденге параллель етіп созыңыз. Дененің жоғарғы жағын кезекпен оңға, солға бұрыңыз. Жамбас қозғалмауы тиіс. Екі қолды белге қойып, жан-жаққа еңкейіңіз. Жаттығуды қолды қозғалту есебінен күшейтуге болады: солға қарай еңкейгенде оң, оңға қарай еңкейгенде сол қолды созыңыз. 
Аяқ
Аяқты қолды жазған сияқты жазу қажет – алдымен тобықты, кейін тізені, соңында тұтас аяқты айналдырыңыз. Еденге отырып, аяқты жан-жаққа қойыңыз. Қолды табанға ұмтыла созып, алдыға қарай еңкейіңіз. Аяқты бүкпеңіз.

Табан
Өкшеңізден аяқ ұшына қарай теңселіңіз. Кейін бір аяқты шамалы көтеріп, тізені бүгіп, осы аяқтың табанымен айналдыра қозғалыс жасаңыз. Осыны басқа табанмен де қайталап жасаңыз.
Тыныс алуды қалпына келтіру
Аяқты иық енімен, ал қолды дене бойымен қойыңыз. Демді ішке тартқанда тік қолды құлаштап жоғары көтеріңіз. Өкшеңіз көтерілгенше бүкіл денеңізбен жоғары ұмтылыңыз. Демді шығарғанда қолды түсіріп, табанға толық тұрыңыз.

Душ қабылдап, сүлгімен ысқыланып сүртініңіз!
Ал сіз жаттығу жасайсыз ба? Шынымен күнде жасайсыз ба?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.