Толықсытуы мүмкін пайдалы азық-түлік

Диетаға лайық емес 5 пайдалы азық

Ұлы балерина Майя Плисецкая өзінің сымбаттылығының құпиясына қатысты сұраққа: «Тамақ жемеу!» – деп қысқа жауап қайтарады екен. Бірақ шын мәнінде диеталық тамақтану бұл ашығу және тамақ жеуден толығымен бас тарту емес. Алайда, кейде ас үлесінен ұннан жасалған және майлы тамақтарды алып тастасаңыз да, салмағыңыздың азаймайтын кездері болады. Оның себебі, ең пайдалы азық-түліктің өзі де салмақ қосуға жағдай жасайтындығында.


Қандай азық-түлік салмақ қосады

1. Жаңғақ. Бір уыс жаңғақ аштық сезімін бірден басады, бірақ онымен бірге ағзаңыздан холестеринді шығаруға көмектесіп, жүрекке пайдалы әсер тигізеді. Бірақ бұл бір уыс жаңғақтың құрамында күндізгі калориялар нормасының жартысына жуық бөлігі және майлар болады. Жаңғақтар сымбатыңызға зиян әкелмеу үшін оларды жасыл салаттарға аз мөлшерде қосып отырыңыз.

2. Күріш. Күріш диеталары арықтап жүргендердің арасында кеңінен танымал, бірақ олардан да семіруге болады. Тіпті өзіңізді күн сайын ешқандай дәмдеуіш, бір де бір тамшы қосылмаған күріш жеуге үйреткен болсаңыз да, салмағыңыздан өзіңіз қалағандай жылдам құтыла алмайсыз. Себебі тегістелген ақ күріштің құрамында арықтауға кедергі болатын крахмал бар. Сондықтан диетаңыз тиімді болсын десеңіз, күріштің қоңыр сұрыптарын пайдаланыңыз.

3. Жүзім. Иә, шырынды жидектердің құрамында калория аз болғанымен, қанттың мөлшері тым көп. Сол себептен пайдалылығына қарамастан, бір түп жүзім кішкентай бума печенье сияқты зиян әкелуі мүмкін.

4. Кептірілген жемістер. Әрине, қақ өрік немесе қара өрік кәмпиттен әлдеқайда пайдалы, бірақ олардың да зияны бар. Бір уыс кептірілген жемістің құрамында артық салмақ тастауды қиындатуы мүмкін 50 грамға жуық қант болады. Сондықтан тез арықтағыңыз келсе күндізгі нормаңызды екі кептірілген өрікпен шектеңіз немесе құрамындағы қанттың мөлшері аз жаңа піскен жемістерге, мысалы, алманың жасыл сұрыптарына және грейпфрутқа көшіңіз.

5. Жаңа сығылған шырындар.
 Әрине, 100-пайыздық шырындар – 100 грамм жемістерге қарағанда, 100 грамм шырында көп болатын дәрумендер мен микроэлементтердің нағыз қоймасы. Шырынның құрамында калориялар мен қанттың да мөлшері көп, ал оларды қорытуға жағдай жасайтын пайдалы жасұнық жоқ. Жаңа сығылған шырыннан пайдасының бәрін алу үшін және онымен қатар ағзаға зиян келтірмеу үшін мамандар оны 1:1 арақатынасымен сумен араластыруды ұсынады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Және есіңізде болсын, кез келген диетада және кез келген тамақ жегенде ең бастысы – мөлшерін сақтау. Артық тамақ жеу де, ашығу да ағза үшін бірдей зиян.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс