Жеңіл тамақ ішетін күнді қалай ұйымдастырса болады?

Жеңіл тамақ ішетін күн

Бір мерекенің артынан екіншісі келеді және өзіңді ең сұлу және ең сымбатты болып сезіну үшін кейде жеңіл тамақ ішетін күндерді өткізу өте қажет. Жеңіл тамақ ішетін күннің ең басты ережесі – оны жақсы көңіл-күймен өткізу керек. Сонда ғана бір тәуліктен кейін айнаға қарап нәтижесін көре аласыз. Теріңіз жарқырап, көздеріңіз бал-бұл жанады, ішіңіз тегіс күйде қалады, көңіл-күйіңіз жоғары және салмағыңыз кемінде 1-2 кг азайған болады.


Әрине, ой шабытының дұрыс болуы өте маңызды, бірақ тағы екі негіз болатын идеяны ұмытпаңыз. Біріншіден, жеңіл тамақ ішетін бір де бір күнді денсаулығыңызға қатысты күмәніңіз бар кезде өткізуге болмайды. Ол үшін алдымен өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Екіншіден, есіңізде болсын, таңдап алған жеңіл тамақ ішетін күніңізге ең болмағанда тағы екі дене шынықтыру сағатын қоссаңыз, нәтижесі сізді таң қалдырады. Сондықтан лифт пен машинадан ең болмағанда бір күн бас тартып, бір сағатқа спорт залына барып келіңіз.

Ал енді жеңіл тамақ ішетін күндердің қандай болатындығы, оларды қалай өткізу керектігі және алдымен не істеу керектігі жөнінде сөз қозғап көрейік.

Ең кең тараған жеңіл тамақ ішетін күндердің бірі – бұл, әрине, айран мен қарақұмық күні. Ол үшін кештен бастап 250 грамм қарақұмықты екі стақан қайнаған сумен бұқтырып қою керек. Піскен ботқаны бес бөлікке бөліп, артынан минералды су (бір күннің ішінде кемінде екі литр ішу керек) және айран (жарты литр) ішіп күніне 5 рет қабылдаймыз.

Бұл да кеңінен тараған екінші түрі – алма күні. Оларды жиі жесеңіз, ішегіңізде шіру үрдісін тоқтататын және тамақтың толық сіңуіне себеп болатын ерекше бактериялар түрінің көбеюіне жағдай жасайды. Және соның салдарынан салмақтың көбеюіне алып келетін тамақ қоқысы пайда болмайды.
Мұндай күні қышқыл сұрыпты 1,5 кг алма сатып алыңыз да, күні бойы жеп жүріңіз. Кішкентай құпияны айта кетейік: егер күні бойы кәдімгі алма жеуден жалықсаңыз, кешкісін пісірілген алма сияқты десерт жесеңіз болады!

Қиярға негізделген жеңіл тамақ ішетін күн керемет нәтижеге жетуге мүмкіндік береді – 3 килограмға дейін салмақ түсіруіңіз мүмкін. Бұл жеңіл тамақ ішетін күндерге арналған ең калориясыз азық-түліктің бірі, сондықтан мұндай күні күш жаттығуларын емес, массаж бен орануға көбірек көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
1,5 килограмм жаңа піскен қатты қиярдан сатып алыңыз, оларды 5-6 рет қабылдау үлестеріне бөліңіз де, майсыз айран немесе кебек қосып тұзсыз және дәмдеуіштерсіз жеңіз.

Көкөністі жеңіл тамақ ішетін күн көбіне ұнап, тура келуі мүмкін. Оның үстіне, көкөністердің құрамында асқазан-ішек жолы үшін пайдалы жасұнық, сонымен қатар дәрумен көп. Көкөністерді салат микстері түрінде жеген және термиялық өңдеуге салмаған дұрыс. Жапырақты салат, сәбіз, қиыр, жас саумалдық жапырақтары, ақжелкен, аскөк, насыбайгүл сияқты жаңа піскен хош иісті шөптер пайдалы. Көкөністі жеңіл тамақ ішетін күнге арнап 250-300 грамнан ас үлестерін дайындап қойыңыз да, бес рет қабылдаңыз.

Сізді қанағаттандыратын нәтижеге жету үшін мұндай күнді бір рет өткізу жеткіліксіз екені түсінікті. Тазартуды аптасына ең болмаса бір рет өткізуді әдетке айналдырыңыз және бұны үздіксіз жасап отырыңыз. Сонда сіздің ағзаңыз сізге үлкен алғысын білдіріп, нағыз швейцариялық сағат сияқты жұмыс істейтін болады! Ал осыған қоса моншаға барсаңыз немесе массаж немесе орану сияқты қандай да бір косметикалық процедуралардан өтетін болсаңыз, нәтижесі сізді көп күттірмейді!

Ал сіз жеңіл тамақ ішетін күндерді өткізесіз бе? «Тарихын жазу» батырмасына басып, өз тәжірибеңіз туралы айтып беріңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс
Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
Camomile

Әйелдерге арналған Натурелла Классик Нормал Кэмомайл қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер, Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер
nat

Әйелдерге арналған Натурелла Ультра Кэмомайл Нормал қанатшалары бар хош иістендірілген гигиеналық төсемелер , Әйелдерге арналған гигиеналық төсемелер