Салмақты азайту үшін қалай жүгірген дұрыс

Салмақты азайту үшін қалай жүгірген дұрыс?

Кез келген іске ақылмен кірісу керек. Бұл спорттық жүгіріске де қатысты. Бір қарағанда, оп-оңай сияқты: көшеге шық та, шамаң жеткенше жүгір. Бірақ осындай қарапайым жаттығудың өзінде де белгілі бір ережелерді сақтау керек. Олай болмаса, жүгіріс сізге пайда емес, зиян әкеледі.


Жүгіру жаттығулары жүрек бұлшық еті мен тыныс алу жүйесіне салмақ түсіреді. Бұл дені сау адамдарды төзімді болуға тәрбиелейді, бірақ жүрек-тамыр жүйесінде ақауы барларға бұл зиян әкелуі мүмкін. Сонымен қатар буындары мен омыртқасы ауыратындарға жүгірумен айналысуға болмайды.

Жүгірумен таңертеңгілік уақытта айналысқан тиімді. Біріншіден, бұдан ағзаңыз ұйқыдан тез оянады және сергиді. Екіншіден, таңертеңгілік уақытта біздің ағзамыздағы бос көмірсулар деңгейі өте төмен болады, сондықтан жүгіруге майларды кетіруден алынатын энергия жұмсалады. Ал бұл арықтауға себеп туғызады. Үйден шығар алдында, әрине, таңғы ас ішпеуге тиіссіз. Тек бір стақан су ішуге болады.

Жүгірмес бұрын ұйықтап жатқан бұлшық еттерді оятып, жаттығуға дайындау үшін жеңіл жаттығу жасау қажет. Енді жүгіруге көшейік. Негізінде, біздің денеміз генетикалық деңгейде қалай дұрыс жүгіру керектігін өзі тамаша біледі, бірақ егер сіз оған сенбесеңіз, онда бұл үрдісті ақыл-ойдың көмегімен бақылап шығыңыз. Аяқтарыңыз бүгілуге, арқаңыз түзу болуға, қолдарыңыз бүгіліп тұруға тиіс. Аса көп күш салмауға тырысыңыз. Ауаны ішке мұрынмен тартып, ауыздан шығарыңыз. Аяғыңызды жерге өкшеңізден аяғыңыздың ұшына қарай салмақ салып қойыңыз, сонда денеңіздің салмағы бүкіл табаныңызға бірдей үйлестіріледі. Жүгіруге арналған арнайы аяқ киім сатып алыңыз.

Жүгірудің тиімділігі жылдамдықта емес, қозғалыстардың дұрыстығында, сондықтан спринтердік жылдамдықпен қозғалуға тырыспаңыз. Бесік арба итеріп жүрген аналардан, итпен серуендеп жүрген әжелерден озып жатқан болсаңыз, бұл дұрыс жылдамдық деген сөз. Бірер минутқа жылдамдықты жүгірістің соңында арттыруға болады. Жүгіру жаттығуларын аяқтаған соң кенеттен тоқтамаңыз. Жүрек соғысы мен қысымын қалпына келтіру үшін 300-500 метр асықпай жүріп өтіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жүгірістен кейін душ қабылдау міндетті болып табылады. Термен бірге ағзадан зәр мен уыт шығады. Оларды бірден жуып жібермесеңіз, олар теріңізге сіңіп кетіп, жүгірістен алынған пайданың жартысы зая кетеді.

Жүгіруге қанша уақыт жұмсау керектігі туралы айтайық. Жаттығудың ең төменгі ұзақтығы 20 минутты құрау керек, әйтпесе пайдалы үрдістер іске қосылып үлгермейді. Жүгіруді аптасына ең болмағанда үш рет қайталау керек. Нағыз жанкүйерлер жүгіруге күн сайын жарты сағаттан кем емес уақыт бөледі.

Таңертең жүгіру үшін бір сағат бұрын ұйқыдан тұруға дайынсыз ба? Арықтау үшін қалай дұрыс жүгіру керек деген сұрақ туралы ойланып көріп пе едіңіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.