Жазға қарсы қалай арықтауға болады: 5 тиімді идея

Жазға қарсы қалай арықтауға болады: 5 тиімді идея

Өкініштісі, артық салмақ жай күннің жылы сәулесінен көктемгі қармен бірге еріп кетпейді! Бірақ, ештеңе етпейді, әлі жазға дейін уақыт бар. Біз жағажай маусымына қарай пішінді келтіріп, шомылу киімінде, жұқа сарафан мен белдемшеде мінсіз көріну тәсілін табамыз!


1. Біртіндеп әрекет етеміз
Егер қыс бойы бірқалыпты өмір салтын жүргізсек, ал дүйсенбі күні таңертең бірден жүгіруді бастап, біркелкі көкөністермен қоректеніп және аэробикаға, жүзуге, қандай да бір биге барсақ, біздің ағзамыз әзілді ұқпай, бүлік шығаруы мүмкін! Сондықтан өзіңізді қинамаңыз және біртіндеп әрекет етіңіз.

 2. Еш қатаң диетасыз

Егер сіз ұзақ мерзімді нәтижені қаласаңыз, ең бастысы өз ағзаңызды тәуекелге тікпеу, керемет атқа ие сәнді диеталар туралы ұмытыңыз. Сіздің міндетіңіз – өзіңіз үшін әрқашанда қолданатын ыңғайлы тамақтану мөлшерін түзу. Кері жағдайда, өзіңізді аштықпен қинауды тоқтатқан кезде артық салмақ бірден оралады. Онымен қоймай, жанына тағы достарын ерте келеді!

 3. Дұрыс тамақтану 

Дұрыс тамақтанудың қағидасы біршама қарапайым:

  • Жиі тамақтаныңыз, бірақ аз-аздан (ақиқатында сіз 4-5 рет тамақтануыңыз керек).
  • Соңғы ас қабылдау ұйықтаудан 3 сағат бұрын болғаны дұрыс (әсте кешкі сағат 6-да емес).
  • Тамақтану рационынан зиянды азықтарды: пісірмені, тәттіні, тұздықты, ысталған және қуырылған тамақты, газды тәтті сусындар мен қаптамалы шырындарды алып тастаңыз.
  • Көбірек балғын көкөніс пен жемістерге, буға піскен тамақтарға аңсарыңыз аусын. Бұл ретте жемістерді түске дейін, ал көкөністерді кешке жақын жеген дұрыс.
  • Жай судан көбірек ішіңіз. Біріншіден, ол пайдалы, ал екіншіден, ашығу сезімін бәсеңдетеді. Әдетте, біз өте жиі аштық сезімін әдеттегі шөліркеумен шатыстырып жатамыз. Сондықтан алдымен су ішіңіз, ал тамақтанғыңыз келе ме, жоқ па, оны содан соң шешіңіз.
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 4. Серуен мен жақсы ұйқы

Дәрігерлердің айтуынша, ұйқы мен таза ауаның жеткіліксіздігі зат алмасудың бұзылуына өте жиі итермелеп, нәтижесінде, артық салмаққа алып келеді. Сол себепті күн тәртібін сақтауға тырысып, әрқашан белгілі бір уақытта жатып, тәулігіне кемінде 7-8 сағат ұйықтағаныңыз жөн. Сонымен қатар, табиғат аясында болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

 5. Дене белсенділігі

Өкінішке орай, денеге күш түсірмей әдемі мүсінге жете алмайсыз. Дене қалпына келуі үшін бізге көп қозғалу және спортпен айналысу қажет! Егер сізде спортзалға баруға немесе қандай да бір секцияға жазылуға мүмкіндік болмаса, «спортты» күнделікті өмірден іздеңіз: эскалатормен жоғары көтеріліңіз, лифтті сирек пайдаланыңыз, көбіне жаяу жүріңіз.

 

Ал сізде сымбаттылықтың жеке құпияларыңыз бар ма? Жазға қарсы арықтауды ойлап жүрсіз бе? 

8march_flowers
Құттықтаймыз, Сіз үшінші гүлді таптыңыз!

Бес гүлден гүл шоғын жинаңыз да, тест сұрақтарына жауап беріңіз және жүлде алыңыз!

Келесісін гүлді жылдам жиыстыру құпиялары туралы мақаладан табыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Оқу құндылығы, керемет мақала.

  • Шағымдану

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс