Брекет-жүйесі – тістемнің бұзылуына қарсы жүйе

Брекет-жүйесі – тістемді түзету құралы

Брекет-жүйелер — бұл ортодонттық стоматологияда қолданылатын, тістің қалпын түзетуге және тістемнің бұзылуын емдеуге арналған алынбайтын конструкциялар.


Инна Вирабова

Тіс дәрігері, жас стоматологтар ассоциациясының президенті

Брекеттер ересек адамдарда болатын патологияларды емдеу үшін ұсынылады, ал балалар үшін ортодонттық пластинкалар қолданылады.

Мұндай емді алу қажеттігі көптеген себептермен пайда болуы мүмкін: генетикалық бейімділік (мысалы, бір тіс қатарына сыймаған тым ірі тістердің тығыздалуы) немесе зиянды әдет. Көбінесе тістем емізікті ұзақ уақыт бойы сорғаннан немесе ерін мен ұртты тістегеннен бұзылады. Тістемнің бұзылғанын самайасты жақ буынындағы ауыру сезімі немесе адамның ұйықтаған кезде тісті шықырлатуы білдіреді.
Мұндай белгілерді байқаған жағдайда міндетті түрде тіс дәрігеріне қаралыңыз. Алуан түрлі ортодонттық құрылыстар оларды тіпті ересек жаста да тағып жүруден ыңғайсызданбауға көмектеседі.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Брекет тағатын науқастардың ауыз қуысы гигиенасын өте мұқият сақтау керектігін ұмытпаған жөн. Бұл құрылыстар тіс тазалаған кезде қиындық туғызатындықтан брекеттердің айналасында тіс қағы жиналып, тіс жегісінің пайда болу қаупі туындайды. Ауыз қуысы гигиенасының толық сақталмауы гингивиттің – қызыл иектің қанауға бейімділігінің пайда болуына, қызаруына және ісуіне алып келуі мүмкін.

Демек, брекет-жүйелері бар науқастардың құралдар жиынтығы толық болу керек. Бірінші кезекте, шұңқырлары бар және қылшақтары ерекше орналасқан арнайы тіс щеткаларын таңдау керек. Тіс тазалау рәсімін айтарлықтай жеңілдететін және тиімді ететін электр тіс щеткаларына көңіл аударып көріңіз. Брекеттердің айналасындағы тіс қағынан құтылуға көмектесетін тіс ысқыштарды міндетті түрде пайдаланып көріңіз. Сондай-ақ ортодонттық құрылыстар иелерінің барлығы үшін ирригатор таптырмайтын көмекші болып табылады. Ол тіс жегісі мен қызыл иек ауруына жол бермей, тістердің арасындағы қуыстардағы тамақ қалдықтарын кетіреді. Тіс пастасы мен шайғышты таңдап алған кезде мұқият болуға кеңес береміз. Олардың құрамында фтор, қалайы және полифосфаттар болу керек. Сонда сіздің тістеріңіз тіс жегісінен сенімді қорғалған, ал брекетпен емдеу зиянсыз болады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.