ирригатор

Ирригатор деген не?

Кезінде ауыз қуысына күнделікті күтім жасау үшін тіс щеткасы мен пастасы жеткілікті деп есептелген. Алайда өрлеу бір орында тұрмайды ғой – бүгінгі күні көбі тісті жай щеткаларға қарағанда тиімдірек тазалайтын электр тіс щеткаларын таңдайды. Сонымен бірге ауыз қуысына үй жағдайында күтім жасаудың сапасын арттыратын тағы бір техникалық жаңалық – ирригатор танымал болып келе жатыр.


Бұл құралды Америкада жарты ғасыр бұрын екі дос – дантист және инженер жасап шығарып, патенттеді. Құрылғы тым үлкен болды және сырт көрінісіне қарай оны «сегізаяқ» деп атап кеткен. Содан бері оны бірнеше рет жаңартты, бірақ жұмыс істеу принципі өзгерген жоқ: бұл су ағынымен ауыз қуысын тазалауға арналған гидромассажер. Ирригатор тістердің арасындағы тамақ қалдықтарын тиімді кетіріп қана қоймай, қызыл иекті ұқыптап уқалайды.

Оның басты міндеті – ауыз қуысының бір де бір щетка жете алмайтын қиын қуыстарын тазалау болып табылады. Егер мұндай жерлер ұзақ уақыт бойы дұрыс тазаланбаған күйде қалса бұл бірқатар проблемалардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Мысалы, тамақтың өте ұсақ бөлшектері бактериялар үшін қолайлы орта болып табылады және ауыздан жағымсыз иістің шығуына, тістің жылтыр қабығының күңгірттенуіне, тіс жегісінің дамуына және гингивитке, пародонтитке және пародонтозға, кейде тіпті тістің түсіп қалуына алып келетін қызыл иектің қабынуына себеп болады. Осылардың бәрінен ауыз қуысын мұқият тазалаған жағдайда құтылуға болады. Ол үшін тіс дәрігерінің кабинетіне барсаңыз да болады – кәсіби тазалау ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді. Бірақ бұл процедура аптасына ең болмағанда бір рет жасатсаңыз да қымбатқа түскелі жатыр. Оның үстіне кейде жағымсыз сезінуіңізге алып келуі мүмкін. Ал ирригаторды пайдалану толығымен қауіпсіз – су ағыны тамақ қалдықтарын кетіре отырып және қызыл иектеріңізді уқалай отырып, бактериялармен және қақпен күреседі.

Сонымен қатар: ирригатор ортодонттық құрылмаларды тиімді тазалай алады. Тіс протездерін, тіс қаптамасын және тістемді түзетуге арналған аппараттарды қарапайым тәсілмен тазалау қиын – жай тіс щеткасымен барлық түйіспелер және олардың тіс пен қызыл иекке жанасқан жерлері әрдайым сапалы тазалана бермейді.

Көптеген ирригаторлар WaterJet технологиясының негізінде жұмыс істейді — жұмыстың барлығын қысыммен ағатын су ағыны жасайды.
 Oral-B Professional Care OxyJet ирригаторы OxyJet микрокөпіршік технологиясын пайдаланады. Су және ауа көпіршіктері бұл құралда бір ағынмен 95:5 пайыздың қатынасында беріледі. Су ағынындағы микрокөпіршіктер тісті қақтан және қызыл иекті қабынудан сақтай отырып, ауыздағы бактериялар мен микробтар санын азайтады. Моноағын режимінде бұл ирригатор тістің арасындағы қуыстар мен брекет-жүйелерді тазалайды, ал турбоағынға ауысқан соң қызыл иекті уқалап, тамақ қалдықтарын кетіреді.
Ирригаторға жай суды да, ауыз қуысына арналған шайғышты да құюға болады.

Ирригатор пайдаланып көріп пе едіңіз? Сізге ауыз қуысын онымен тазалаған тиімді болып көріне ме?

irrigator

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.