Жүктілік кезінде тіске күтім жасау

Жүкті әйелдер мен болашақ нәрестенің тіс ауруларының алдын алу

Баланың денсаулығына жүктілік кезеңінен бастап көңіл бөлу керек. Ол үшін болашақ ата-аналар салуатты өмір салтын ұстанып, созылмалы инфекция ошақтарын, оның ішінде ауыз қуысындағы инфекция ошақтарын анықтап емдеу қажет. Сондықтан отбасының барлық мүшелері тіс жегісін және қызыл иек ауруларын емдеп, алдын алу үшін тіс дәрігеріне қаралу керек.


Профессор А. М. Хамадеева

м.ғ.д., СамММУ бала жасындағы стоматология

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

кафедрасының меңгерушісі

Өзінің стоматологиялық денсаулығын адам өзі қалыптастырады. Жиі жүрек жалғау, тәтті сусындар мен тамақ тіс жегісінің пайда болуына және дамуына жағдай жасайды: ауыз қуысының микробтары бұл азықтарды тістің жылтыр қабығын ерітетін қышқылдарға айналдырады. Сондықтан тістеріңізді тамақ қалдықтарынан пайда болатын тіс қағынан мұқият тазалап отыруыңыз керек. Тіс жегісі мен қызыл иек ауруларының алдын алу үшін бүкіл отбасы мүшелері мыналарды жасау керек:

Тістерін ұйықтар алдында және таңғы астан кейін құрамында фторы бар тіс пастасымен мұқият тазалау. Мектеп жасына дейінгі балалар фтордың мөлшері бар болғаны 0,05% құрайтын фторы бар балалар тіс пастасымен, ал қалғандары фторының мөлшері 0,145–0,15% құрайтын тіс пастасымен тазалау керек. Ересек адамдардың тістері мен қызыл иектеріне құрамында Pro-Expert топтамасының фторлы қалайысы бар Blend-a-Med тіс пастасы жақсы әсер етеді. Үздіксіз пайдаланған жағдайда бұл паста тіс жегісінің пайда болуының алдын алып қана қоймай, оның бұрынғы және қайтымды кезеңдерін емдейді, қызыл иектің қанауға бейімділігін және қабынуын азайтады, ауыздың жағымсыз иісін кетіреді. Тістердің арасындағы қуыстарды тазалау үшін арнайы тіс тазалайтын жіптерді – флостарды пайдалану керек. Қазіргі кезде тістердің арасындағы қол жетпейтін қуыстарды тиімдірек тазалауға арналған арнайы саптамалары бар электрлі тіс щеткалары қолданысқа енгізілген.

Қант пен тәттілердің мөлшерін азайтып, күніне 5-6 реттен артық жемеуге тырысу керек, себебі оларды жегеннен кейін тіс қағында қышқылдар белсенді түрде пайда бола бастайды. Құрамында фторы бар тіс пастасының тістің жылтыр қабығын еруден қорғауға көмектесетінін ұмытпаңыз. Ауыз суының құрамында фторы аз аймақтарда жай тұздың орнына фторланған тұзды пайдаланған жөн. Өзіңіздің тіс дәрігеріңізбен кеңесіп көріңіз.

Жүктілік кезінде әйелдің ағзасында айтарлықтай гормондық қайта құру үрдісі орын алады және ағзаның иммундық қорғалу қабілеті төмендейді. Бірақ бұл тістер бұзылып, қызыл иектер қабынады деген сөз емес. Тістерге құрамында фторы бар пасталармен және тіс тазалайтын жіптермен ауызды мерзім сайын арнайы шайғыштармен шая отырып күтім жасаған жағдайда тістің нашарлауына жол бермеуге болады. Жүктілік кезінде тіс дәрігеріне тіс пен қызыл иекті емдеу үшін ғана емес, тістеріңізді қаншалықты сапалы тазалап жүргеніңізді тексеру, тіс тасын кетіру, пломбаларды тегістеу үшін қаралу керек. Алайда тістеріңіз пен ауыз қуысыңыздың саулығын сақтау тікелей өзіңізге байланысты және үй жағдайларында тіске күтім жасаудың сапасымен, тамақтану тәртібінің сақталуымен анықталады.

Жүктілік кезінде әйелдер 3-4 рет жоспарлы профилактикалық тексеруден өту керек. Емделмеген ауру тістер мен қызыл иектер болашақ ананың өзіне де, нәрестесіне де зиян келтіруі мүмкін. Ауру тудыратын микробтардың ауыз қуысындағы инфекция ошағынан қанның ағысымен ұрықжолдас арқылы өтуі мүмкін екендігі дәлелденген. Бұл жағдайда баланың жатырішілік инфекциясы пайда болады. Бала дүниеге келген соң анасының ауыз қуысындағы микробтар сүйген кезде немесе бір қасықты, шынаяқты пайдаланған, емізікті жалаған кезде балаға жұғуы мүмкін.

Қатты құсып жерік болған жағдайда бірінші триместрде тамақты аз мөлшермен бөліп-бөліп қабылдайды. Асқазаннан келіп түсетін қышқылды бейтараптау үшін әр құсқаннан кейін ауызды шаю керек.

Емізетін аналарға арналған ұсынымдар жүктілік кезінде берілетін ұсынымдармен бірдей. Баланы тамақтану тәртібіне үйретудің, түнде тіпті емшек сүтімен де тамақтандырмаудың, сусындарға қант қоспаудың маңызы зор. Алғашқы тісті жарып шыққаннан-ақ балаларға арналған фторы бар тіс пастасымен өте аз мөлшерде сығып алып тазалау керек. 2 жастан асқан соң қолданылатын паста мөлшері бұршақтың көлемінен аспау керек, ал тісті күндізгі және түнгі ұйқының алдында тазалаған жөн. Бала 9 және 12 айға толған кезде, одан кейін жылына екі рет онымен бірге тіс дәрігеріне қаралу керек.

Стоматологиялық аурулардың алдын алған дұрыс. Бұл көбінесе өзіңіздің күнделікті әрекеттеріңізге және тіс дәрігеріне профилактикалық мақсатпен қаралуыңыздың жиілігіне байланысты. Өйткені тісті емдеуге материалдық шығын және уақыт қажет етіледі.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс