Полифосфаттар —тісіңіздің ақтығын сақтайтын сенімді қорғаушы.

Полифосфаттар —тістеріңіздің ақтығын сақтайтын сенімді қорғаушы

Менің өз науқастарымнан жиі еститін сұрақтарымның бірі «Сіз өзіңіз қандай тіс пастасын қолданасыз?» деген сұрақ десем болады. Өйткені тіс дәрігері қолданатын тіс пастасы – бұл науқастар үшін өзінше бір үлгі болып табылады. Алайда өзіме лайық тіс пастасын өзім қалай таңдап ала аламын?


Инна Вирабова 

Тіс дәрігері, Жас стоматологтар ассоциациясының президенті

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз


Супермаркеттердің сөрелеріндегі алуан түрлі тартымды сықпаларды көрген кезде қалай сасқалақтамайсың? Біздің мақаламыз Сізге көмектеседі деп сенеміз.

Әдетте тіс пастасын қалай таңдаймыз? Дүкенге келіп жарнамада мақталған немесе атауы әдемі ашық түсті қаптамаға салынған тіс пастасын сатып аламыз. Бірақ бұлай істегеніміз дұрыс па? Сатып алғаннан кейін қаптамсын қоқысқа лақтырып жібереміз ғой. Біздің тістеріміз бен қызыл иектерімізді тек сықпаның ішіндегісі ғана қорғайды. Пастаның құрамына көбі көңіл бөле бермейді.


Таңдап алынған тіс пастасының құрамын оқыған соң біз неге көңіл бөлуіміз керек?
Әрине, олардың кез келгенінің құрауыштары пастаның қандай мақсаттарға арналғанына қарай ерекшеленеді. Мысалы, егер оны өндірушілер ағартатын тіс пастасы деп көрсеткен болса, онда оның құрамында міндетті түрде тістің жылтыр қабығын тазартатын және жылтырататын абразивті заттектер болады. Егер пастаны қызыл иектің қабынуы (яғни гингивит) кезінде қолданылатын деп көрсетсе, онда оның қабынуға қарсы әсері бар. Мұндай пасталардың құрамында қабынудың негізгі себептерінің бірі – бактериялық тіс қағына әсер ететін құрауыштар болады. Әдетте, олар бактерияларға қарсы құрауыштар (мысалы, қалайы фториді) немесе антисептиктер (мысалы, хлоргексидин) болып табылады. Тістің жылтыр қабығын қалпына келтіру үшін ұсынылған пастаның құрамына міндетті түрде бірқатар қайта минералдаушы (мысалы, фтор) заттар енгізіледі. Бірақ ауыз қуысына арналған гигиена құралдарын өндірушілер қол жеткізген мақсаттарында тоқтап қалмай, бір сықпаның ішіне тістер мен қызыл иектердің саулығы үшін қажеттінің бәрін біріктіру арқылы өнімінің сапасын жақсартуға тырысады. Мысалы, қазіргі кезде стоматологиялық емханалар науқастарында кездесетін ең көп тараған проблемаларды қамтуға мүмкіндігі бар кешенді тіс пасталары шығарылып жүр. Бұл пасталардың құрамы өте бірегей және оның себебі мынада. Американдық ғалымдар бірқатар зерттеу жүргізіп, тістің жылтыр қабығын тұрақтандырылған қалайының, фторидтердің және полифосфаттардың есебінен қорғайтын тіс пастасы құрамының бірегей технологиясына бірнеше патент алды. Нәтижесінде тіс жегісінің бактерияларымен тиімді күрес жүргізу және тіс қыртыстарының пайда болуының алдын алу үшін тұрақтандырылған қалайы фториді мен полифосфаттар (мысалы, натрий гексаметафосфаты) қажет екендігі анықталды.

Полифосфаттардың функциясын толығырақ қарастырайық. 

Бұл химиялық заттар пастаның құрамында суға түскен кезде жандануға және тіс тасы мен пигменттелген тіс қағына әсер етуге қабілетті суда ерігіш бөлшектер (пастаның құрамындағы бөлшектерді жанасу арқылы сезінуге болады, олар «құмға» ұқсас, бірақ бұны абразивті заттармен шатастыруға болмайды – полифосфаттар суда 100 пайызға ериді және тістің бетінің түсіне және тіс тасына физикалық емес, химиялық жолмен әсер етеді) түрінде болады. Тістің бетіне түскеннен кейін полифосфаттар тістің жылтыр қабығының бетінен хромогендерді (тіс қағының пигменттелген бөлшектері) ысырып жіберіп, орнын басады да, тістің түсін кетіріп, түсінің өзгеруінің алдын алады (тістеріңіз ағарған болып көрінеді). Сонымен қатар бұл заттектер кальций иондарымен бірігіп, жұмсақ тіс қағының минералдануына («қатып қалуына») кедергі болады және тіс тасының пайда болуына жол бермейді. Ол полифосфаттардың және олардың қалайы фторидімен әрекеттесуінің арқасында тұрақталады және тіс жегісінің, гингивиттің және т.б. пайда болуына себеп болатын бактериялардың көбеюін басу механизмі іске қосылады.
Осылайша, ауыз қуысынан да, қоршаған ортадан да факторлардың агрессияшыл әсерлеріне кедергі болатын ауыз қуысының қатты және жұмсақ тіндері үшін қолайлы орта пайда болады. Бұл тістің жылтыр қабығының зақымдалуына жол бермейді және оны тәулігіне 24 сағат бойы қорғайды. Оның үстіне, кешеннің құрамындағы судың мөлшері аз болғандықтан, құрауыштардың әсер ету әрекеті жылдамырақ, әрі  тиімдірек жүзеге асырылады. Дүкендерде бұл пастаны blend-a-med PRO-EXPERT желісінен табуға болады.
Бірақ, ауыз қуысының гигиенасына арналған құралдарды шығаратын өндірушілердің бар күшін салып жатқанына қарамастан әрқайсымыз өз тісіміз бен қызыл иектеріміздің саулығы үшін жауапты болуымыз керек. Ол үшін қарапайым ережелерді есте сақтап жүру керек: тіс дәрігеріне жылына екі рет қаралып тұру, тіс тазалаудың дұрыс техникасын сақтау, флосс пайдалану, тісті күніне екі рет тазалау және дұрыс тамақтану. Осы құралдардың барлығы және ауыз қуысы гигиенасының қарапайым ережелері тістеріңізді сау, ал күлкіңізді жарқын күйде сақтап қалуға көмектеседі.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.