Тіс өңезін тиімді тазалау: тіс өңезін қалай кетірсе болады

Бүгінгі таңда ауыз қуысы ауруларымен күресте бізге ғылым көмектесуде

Тіс қағынан құтылудың мейлінше тиімді жолы бар ма? Тіс қағын өз бетіңізше кетіру амалы туралы біліп алыңыз. Тіс қағын кетірудің заманауи технологиялары.


Ресейлік стоматологиялық қоғам мүшесі, іс жүзіндегі тіс дәрігері және жақ-бет хирургы, Oral-B/Blend-a-med сарапшысы

Көптеген ғасырлар бұрын болғандай, қазір де тістен айырылудың басты себебі тіс қағы болып табылады. Тіс қағы немесе тіс түйіндігі – бұл құрамында орасан көп бактериялары бар көп қабатты құрылым. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатсақ та тістеріңіздің бетінен қақты кетіру бұл әлі де күрделі мәселе болып қалып отыр. Тіс қағы желім сияқты біздің тісімізді қаптап тұрады, сондықтан оны кетіру оңай болып көрінгенімен, шын мәнінде, әлдеқайда қиын. Алайда ол үшін уайымға салынудың қажеті жоқ, бүгінгі күнгі жаңа технологиялар бұл міндетті айтарлықтай жеңілдете алады.

Электрондық сұлбалардың кішіреюі және заманауи құрылғылардың есептеу қуатының жоғарылауы электрлі тіс щеткасының сабына күшті компьютер орнатуға мүмкіндік береді. Таңданарлық нәрсе, бірақ мұндай компьютер айға алғашқы рет қону үшін жұмылдырылған бүкіл электроникаға қарағанда әлдеқайда күрделі екен. Қазіргі заманғы роботтар инженерлерге өнімді оны әзірлеу кезеңдерінің барлығында жоғары тиімділікке қол жеткізе отырып, көп рет тестілеуге мүмкіндік береді. Бірақ, өкінішке орай, ауыз қуысының саулығына күтім жасауда жаңалықтардың пайда болғаны туралы бәрі түгел білмейді және гигиенаны жақсарту үшін ең соңғы технологияларды қолданбайды.

P&G компаниясы маған Oral-B & Blend-a-med зерттеу орталығына баруыма мүмкіндік берді. Ол жерде мен заманауи ғылыми жетістіктердің көмегімен тиімділікті қалай жақсартуға және тіс тазалаудың қолайлылық және қауіпсіздік деңгейін қалай арттыруға болатынын көру мүмкіндігіне ие болдым.

Майндағы-Франкфурт қаласына жақын жерде орналасқан орталықта Oral-B & Blend-a-med өнімінің сапасы мен тиімділігін жақсарту үшін бірігіп жұмыс істеп жатқан ондаған дипломды ғалымдар, инженерлер және біліктілігі жоғары дәрігерлер бірлескен. Соңғы зерттемелер нәтижелерінің объективтілігін растау үшін орталықтың мамандары әр түрлі мемлекеттердің зерттеу институттарымен бірлесіп жұмыс жасап жатыр. Көптеген тестілермен ілесетін осындай әрбір зерттеудің қорытындысы кәсіби журналдарда жарияланатын ресми мақала болып табылады. Бұл сияқты мақалалар алдымен қатаң іріктеуден және тексеруден өтеді, содан кейін оны әлемдік кәсіби бақылаушы ұйымдар мақұлдаған соң зерттеудің нәтижелері нақты өнімді инновациялық, қауіпсіз және сапалы деп атауға болатынын растау үшін жарияланады. Oral-B & Blend-a-med өндірушілері өз өнім тексерудің және оның тиімділігін клиникалық растаудың барлық кезеңдерін сақтаған.

Тұтынушы үшін электрлі тіс щеткасын пайдаланған кезде ыңғайлылықтың қаншалықты маңызды екендігі белгілі. Сондықтан да орталықтың барлық өнімдерінің шуылдау деңгейі оқшауланған акустикалық зертханада тексеріледі. Ол жерде мамандар дыбысының қаттылығын мейлінше азайтып, оны адамның құлағына жағымды ырғаққа дейін жеткізеді.

Бұл орталық дайын өнімдерді қолдану нәтижелерін үздіксіз зерттеумен, сондай-ақ ауыз қуысы ауруларының алдын алу аясындағы зерттеулермен айналысатын дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істейді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Инженерлерден басқа тіс қағымен күреске химиктер мен биологтар айтарлықтай үлес қосуда. Blend-a-med тіс пасталарының барлық құрауыштары мұқият тестілеуден өтеді. Қазіргі химиялық қосылыстар ауыз қуысы проблемаларымен әлдеқайда тиімдірек күресуге көмектеседі. Мысалы, «Blend-a-med PRO-EXPERT» өнімдерінің кәсіби топтамасының құрамындағы полифосфаттармен біріктірілген қалайы фторидінің тұрақтандырылған кешені (stannous complex) тістердің қақтың бактериялары шығаратын қышқылдың әсеріне қарсыласу дәрежесін көптеген тіс пасталарында қолданылатын стандартты натрий фторидіне қарағанда ұзағырақ уақытқа едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тіс пасталарының ағартатын құрауыштарының жылтыр қабықты уату қабілеті тестілуден өткізіледі және оларды халықаралық бақылау ұйымдары тексереді.

Әр түрлі белсенді заттардың химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеумен қатар орталықтың мамандары халықтың стоматологиялық саулық деңгейін арттырудың ең маңызды мәселелерінің бірі – дұрыс негіздеумен айналысады. Бір қарағанда, тісін тазалауды ұнатпайтын адамдар үшін ықпалды ынталандырма ойлап табу қиын сияқты. Алайда инновация әлеміндегі соңғы жаңалықтарды қадағалап отырған компания мамандары жаңа геймификация (нақты міндеттерді негіздеу үшін ойын элементтерін пайдалану) идеясын үйреніп алып, менің пікірімше, бүкіл әлем бойынша халықтың стоматологиялық саулығын едәуір жақсарта алатын смартфонға арналған қосымшаны ұсынды.

iOS және Android үшін қолдануға болатын қосымша барлығына ауыз қуысы гигиенасын ойнап отырып жақсартуға мүмкіндік береді. Тісті дұрыс тазалау – біз ойлағандай оңай мәселе емес, кейде жалықтырып та жібереді. Қосымша бізге тіс тазалауға жұмсайтын уақытты белгілеп қалуға мүмкіндік береді және көбінесе қақ көп жиналатын күрделі қуыстарға ерекше көңіл бөлуге көмектеседі. Таймерден басқа, қосымшада уақытының тіпті екі минутын да босқа кетіргісі келмейтін адамдар үшін соңғы жаңалықтарды, ауа райын, суреттерді және т.б. көру мүмкіндігі іске асырылған. Oral-B ұсынған Bluetooth технологиясы бар жаңа щеткамен және шамамен бір айға жететін ішіне құрастырылған жадымен қатар бұл қосымша кез келген электр щеткасымен (щетканың жұмыс істеген дыбысынан таймер автоматты түрде іске қосылады) бірге, ал таймерді қолмен қосқан кезде – жай тіс щеткасымен бірге жұмыс істей алады.

Марапаттаулар (тістерін жыл бойы күн сайын тазалағаны үшін марапат) және жасырын мадақтамалар жүйесі тіс тазалауды жалықтыратын істен көңіл көтеретін сауыққа айналдырады. Қаласаңыз оларды тіпті әлеуметтік желілерге де орналастыруға болады.

Тістің қағы әлі де проблема болып қалып отыр, бірақ тістердің саулығы мен сұлулығына мүдделі ғалымдардың әрбір жаңа зерттеуі, технологиясы, уәждемесі және идеясы бізді ауыз қуысының бактериялық ауруларымен күресте жеңіске жақындата түседі. Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алу әрдайым оңай.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.