Тіс пастасында қалайы фториді бар

Тіс тасы туралы не білеміз?

Бұл мақалада біз тіс тасының қалай және неден пайда болатынын анықтауға, сондай-ақ оның қауіпті екенін болмаса тіс дәрігеріне қаралуға себептің жоқ екендігі туралы білуге тырысып көреміз.


Инна Вирабова 

Тіс дәрігері, Жас стоматологтар ассоциациясының президенті

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
Адамның өміріне көп көңіл бөлініп жүрген және медицина жылдан жылға жақсарып келе жатқан қазіргі кезде ауыз қуысының гигиенасына арналған құралдардың ассортименті көбеюде. Біздің тіс пен қызыл иекке күтім жасайтын керек-жарақтарымыздың ішінде не жоқ десеңші: дәмдері әр түрлі тіс пасталары да, тіс тазалау рәсімін жеңілдете алатын «ақылды» щеткалар да, сонымен қатар тіс күтімін бірнеше есе тиімді ететін әр түрлі шайғыштар мен флостар.

Бірақ бұны бәрі не үшін қажет? Ауыз қуысына күтім жасауға осынша көңіл бөле отырып, біз тек тіс жегісімен ғана күресеміз бе? Әрине, жоқ!
Байырғы заманда ацтектер тайпалары тістердің тіс тасы сияқты патологиялық жағдайымен қалай күрескендерін суреттеген. Ал қазіргі заманның адамы ТД мен ғаламтордағы көптеген жарнамалардың арқасында «тас» және «қақ» сөздерімен тіпті де жақсы таныс.

Доктор Марк Стонкинг (Германия) нәтижесінде әлемнің әр түкпірінде тұратын адамдардың ауыз қуысындағы бактерияларының құрамы өте ұқсас екендігі анықталған зерттеу жүргізді. Олардың бізде көптен мекендейтіні құпия емес: олар тістің бетінде мекендейтін стрептококтардың алуан түрлері және тілдің бетін қаптап кететін нейссериялар, сондай-ақ коринебактериялар және т.б. Бірақ олардың барлығы сіздің ауыз қуысыңыздың қалыпты микрофлорасының құрамдас бөліктері болып табылады. Ал егер лактобактериялар, лептотрихиялар немесе, айталық, актиномицеттер пайда болса, бұл ауыз қуысының қауіпті «тұрғындарының» саны, олармен қатар тіс қағының мөлшері көбейіп бара жатқанын көрсетеді. Олардың барлығы ауыз қуысында қышқыл ортаны құрады, демек, тіс түйіндігінің пайда болуының себепкерлері болады. Әрине, тіс қағы тіс тасына бірден айналып кетпейді, бірақ оның пайда болуына бар болғаны 4 ай ғана жеткілікті. Осы уақыттың ішінде құрамында бактериялар мен шырыш қана емес, сонымен қатар тамақ қалдықтары бар тіс түйіндігіне жұмсақ тіс қағын қатайтатын минералдық құрауыштар қосылады. Көбінесе тістің фиссураларында (тістің шайнайтын бөлігіндегі тесіктерде) пайда болатын тіс жегісі сияқты, тіс тасының да өз ерекшеліктері болады. Оның басты нысанасы – тістердің, көбінесе алдыңғы тістердің (мойны) түп жағы (тістің қызыл иекпен жанасатын беті). Өйткені тамақ жеген кезде тістердің өзін өзі тазалауы дәл осы жерде қиындатылған. Бірақ тістердің өзге бөліктерінде де аз болса да тіс тасының пайда болатыны туралы ұмытпау керек. Мысалы, бірнеше тіс жоқ болса және адам үнемі бір жақпен шайнаса, онда екінші жағының тіс тасының пайда болуына ұшырайтыны анық. Алайда, егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, онда мұндай науқастар ауыз қуысының кәсіби гигиенасына, яғни тіс қағы мен тіс тасын клиникалық жағдайларда кетіруге ерекше көңіл бөлу керек.
Тіс тасының пайда болуына себеп болатын өзге факторлар да анықталды. Бұл ас үлесі. Оның құрамында тек жұмсақ тамақ қана болмау керек – ол тістердің өзін өзі тазалау мүмкіндігінен айырады. Оның үстіне, зат алмасу факторының да маңызы зор. Себебі егер ол бұзылған болса және көбінесе тұзды заттар алмасса, онда тіс тасының пайда болуынан құтылу қиынға соғады.
Тіс тасының ауыз қуысында жылтыр қабық бетін қарайту және оның айналасында қатты қабаттарды құру сияқты косметикалық ақау келтірумен шектелмейтінін есте сақтау керек. Уақыт өте келе ол қызыл иектің астына өтіп (қызыл иек астындағы тіс тасы), оны тістен ажыратады да, қызыл иектің қабынуына және тістің босауына себеп болады.
Бірақ, әрине, ауыз қуысында тіс тасының жоқтығының басты кепілі жақсы гигиена болып табылады. Өйткені тістеріңізді күніне екі рет тазалап, ең шағын бағдарлама орындалды деп есептеу жеткіліксіз. Жақсы гигиенаның маңызды критерийі тіс пен қызыл иектің бетін жарақаттамайтын, бірақ әжептәуір тазартатын әсері бар тіс тазалаудың дұрыс техникасы болып есептеледі. Бірақ сапасыз таңдап алынған гигиена құралдарымен тазалаған жағдайда да техника нәтижелі болмайды. Сондықтан тіс щеткасын таңдап алған кезде оның атқарымдылығы мен талшықтарының құрамына ерекше көңіл бөлу керек. Тіс пастасы туралы айтар болсақ, бұл арада оның құрамдас бөліктері маңызды рөл атқарады. Мысалы, тіс тасының пайда болуына белсенді түрде кедергі болатын құрауыштардың бірі полифосфаттар болып табылады. Оған қоса, ауыз қуысына кәсіби гигиена жүргізу туралы да ұмытпау керек, өйткені соның арқасында сіз тісіңіздегі тастан құтылып қана қоймай, оны тістеріңіз бен қызыл иектеріңізді зақымдамай жүзеге асыра аласыз.

Ал егер осы кешенге қоса жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне мерзім сайын қаралып тұрсаңыз, тіс тасының Сіздің күлімдеуіңізді бұзбайтынына сенімді бола беріңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс