Тістердің гиперсезімталдығы. Тіс пен кіреукенің гиперестезиясын  емдеу.

Тістердің гиперсезгіштігі

Тамақ жеген немесе тіс тазалаған кезде тістеріңіздің кенеттен аз уақытқа ауырғанын сезесіз бе? Тістеріңіздің сезгіштігінің жоғарылағанынан шағымданып тіс дәрігеріне барған дұрыс па әлде бұл мәселені шешу үшін тіс пастасы көмектесе ала ма? Осы және басқа да көптеген сұрақтарыңызға жауапты біздің мақаламыздан таба аласыз.


Стоматологиялық гигиенист, «Мамандығы бойынша ең үздік. Стоматологиялық гигиенист - 2013» Бүкілресейлік кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпазы, Стоматологиялық гигиенистер кәсіби қоғамының Нижний Новгород аймақтық филиалының жетекшісі.


Жаздың ыстығында салқын су ішкің келіп тұратыны белгілі. Алайда суды бір жұтқаннан немесе балмұздақты бір тістегеннен тістеріңіз ауырғаннан жарылып кетердей болады. Тістердің жоғары гиперсезгіштігі немесе жылтыр қабығының гиперестезиясы туралы білмейтін адам жоқ. Тістің жылтыр қабығының гиперестезиясына еліміздің шамамен әрбір екінші тұрғыны шалдығады. Ойланып көріңізші, бұл барлық тұрғындардың шамамен 50%-ын құрайды. Көбінесе науқастар бұл ауыру сезіміне көңіл аудара бермейді. Бекер-ақ, өйткені тістердің гиперсезгіштігі өз бетінше пайда болуы да мүмкін, сонымен қатар тіс жегісіне, жылтыр қабықтың эрозиясына немесе пародонт ауруына шалдыққан кезде ілесетін белгі болуы мүмкін.

Сонымен ғылыми тұрғыдан алғанда жылтыр қабықтың гиперестезиясы деген не?

Гиперестези́я — бұл тістің қатты тінінің шектен тыс сезгіштігі. Гиперестезия әр түрлі (химиялық, температуралық немесе жанасу) қоздырғыштардың әсеріне қарсы пайда болатын қысқа мерзімді ауыру сезімі түрінде пайда болады. Ауыру сезімдерінің қарқындылығы жеңіл сезгіштіктен бастап қатты ауыру сезіміне дейін құбылуы мүмкін. Дентиннің ішінен дентин түтікшелері деп аталатын көптеген өте ұсақ  түтікшелер өтетіні белгілі. Олардың ішінде тістің жұмсақ етіне жалғанған жүйке жасушаларының өскіндері орналасқан.
Дентин түтікшелері үздіксіз қозғалыста болатын сұйықтыққа толы болады. Сұйықтықтың қозғалу жылдамдығының кез келген өзгерісі ауыру сезімін тудырады. Егер тістің жылтыр қабығы жұқарып кеткен болса, бұл дентин түтікшелерінің ашылып кетуіне алып келеді және әр түрлі қоздырғыштардың әсерінен дентин түтікшелеріндегі сұйықтықтың қозғалу жылдамдығы қысқа уақытқа қатты ауыру сезімін тудырып үздіксіз өзгеріп тұрады. Нәтижесінде науқас тісінің тым сезгіштігіне шағымданады. Ерекше күрделі жағдайларда науқастар тіпті суық ауаны да ішіне тарта алмай, тек қана жылы және дәмі бейтарап тамақты іше алатын болып қалады. Әсіресе тістердің мойын маңы аймағы аса сезгіш болады, өйткені ол жердегі тістің жылтыр қабығы жұқа болғандықтан, қызыл иек тістен ажыраған кезде тіс бірден әр түрлі қоздырғыштарға орай әсер бере бастайды. Көбінесе тістің жылтыр қабығының гиперестезиясымен 25 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар ауырады.
Әдетте гиперестезия кезінде ауыру сезімі тұрақты белгі болып табылады, алайда кейде тістер қоздырғыштарға орай ешқандай әсер бермейтін немесе ауыру сезімдерінің қарқындылығы едәуір төмендейтін уақытша ремиссия кезеңдері де болады.

Тістердің жоғары сезгіштігінің пайда болу себептері алуан түрлі және жекеленген болып табылады

1. Үй жағдайларындағы ауыз гигиенасының дұрыс болмауы: тіс тазалау техникасының бұзылуы, гигиена құралдарын ретсіз агрессивті қолданылуы, ағартатын пасталарды шектен тіс қолдану, тістерді клиникалық жолмен жиі ағарту және қатты тіс щеткаларын пайдалану.
2. Жылтыр қабық бетінен құрамында патогендік микрофлорасы бар және жылтыр қабықты әлсірететін қатты және жұмсақ тіс қағын кетіру үшін стоматологиялық гигиенистке мерзім сайын кәсіби тазалау үшін жүгінбеу.
3. Тіс дәрігеріне жиі қаралмау (6 ай сайын), соның салдарынан тістің жылтыр қабығына жегінің түсуі немесе өзге зақымдардың болуы (эрозиялар, жарықтар, сынықтар), тістемнің шетке ығысуы, қызыл иектің ауыруы. Тістің жылтыр қабық қабаттары мен қатты қабаттарының түсуімен байланысты гиперестезияның себептері осылар.
4. Үй жағдайларында немесе стоматологиялық гигиенистің қарауында тістің сау жылтыр қабығының құрылымын қалпына келтіру үшін жыл сайын қайта минералдау емінің алынбауы.
5. Қышқыл жидектерді, шырындарды, газдалған сусындарды, құрамында қанты мен тістің жылтыр және қатты қабатына кері әсер ететін қышқылдары бар азықтарды ішіп-жеу әдеті. Сонымен қатар балмұздақ пен кофе сияқты температурасы қарама-қарсы азық-түлік пен сусындарды қабылдау.
6. Сырт көзге сау болып көрінгенімен тістер гиперестезиясының адамның жалпы соматикалық жағдайымен байланысты анықталуы қиын себептері: ағзадағы фосфор-кальций алмасуының бұзылуы, эндокриндік жүйе аурулары, асқазан-ішек жолының аурулары, асқазанның жиі қыжылдауы немесе құсу (жүкті әйелдер жерік болған кезде), жүйкенің қатты жүдеуі немесе күйзелістер. Сонымен қатар ағзаға иондаушы радиацияның әсер етуі де қысқа уақыттық ауыру сезімдерінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл ауыз қуысының өзінде себептердің жоқтығы анықталғаннан және тамақтану тәртібін реттегеннен кейін анықталады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Тістер гиперестезиясының алдын алу үшін төмендегілерді жүзеге асыру қажет:

  • Ауыз қуысының гигиенасын толығымен сақтау, яғни тісті күніне кем дегенде екі рет жүйелі түрде тазалау, қызыл иек пен тіс тіндерін жарақаттамайтын қаттылығы орташа немесе жұмсақ тіс щеткасымен тісті тазалау техникасын бұзбау. Тіс пастасын таңдау кезінде сезгіш тістерге арналған тіс пастасы түрлерін таңдаған жөн.
  • Күнделікті тамағыңызға құрамында фосфоры мен кальцийі бар азық-түлікті қосу (тамақтың соңынан 20 грамм қатты ірімшік жесеңіз аталған заттектерге тәуліктік қажеттілік мөлшерінің орны толтырылады), қышқыл жемістерді, жидектерді және жаңа сығылған шырындарды қабылдауды азайту. Тамақ немесе жеміс жегеннен кейін ауызды сумен шаю.
  • Стоматологиялық гигиенистке жылына екі реттен кем емес рет жүйелі түрді қаралу. Гигиенист сізге арнайы тіс ауруларының алдын алу бағдарламасын құрып, сау жылтыр қабық құрылымын қалпына келтіруге арналған қайта минералдау емін тағайындайды. Гиперестезияның алдын алу үшін маман сізге тісіңіздің жылтыр қабығын сенімді қорғайтын тіс сезгіштігіне қарсы тиімді құралды таңдап алуға көмектеседі.

Стоматологиялық нарықта тістің жылтыр қабығының гиперестезиясын үй жағдайларында емдеуге арналған алуан түрлі тіс пасталары бар. Бірақ олардың барлығы бірдей тиімді ме?

Қазіргі кезде үй жағдайларында ауыз қуысына күтім жасау үшін тістің сезгіштігінің алдын алуға және төмендетуге арналған жоғары технологиялы құрауыштары бар құралдар көп шығарылуда. Ауыз қуысының саулығын сақтауға және гиперестезияны азайтуға арналған тұрақтандырылған қалайы фториді (SnF2) мен натрий гексаметафосфаты ((NaPO3)21) жүйесінің артықшылықтарын 80 астам ғылыми зерттеулер растаған.
Профессор О.С.Гилева жетекшілік еткен ресейлік ғалымдар тобы профилактикалық стоматологияда тұрақтандырылған қалайы фториді мен натрий гексаметафосфаты үйлесімінің негізіндегі тіс пастасының қолданылуын клиникалық-сараптамалық негіздеу бойынша зерттеу жүргізді. Оның нәтижелері шетелдік зерттеулердің мәліметтерін растады. Қалайы фториді тістік жылтыр қабығының үстіңгі қабатының қайта минералдануын қамтамасыз ететіндіктен ол оның қышқыл ортасының әсеріне төзімділігін күшейтеді. Химиялық құрауыштың бактерияларға қарсыласу спектрі кең болады, тістегі қақтың азаюына жағдай жасайды және қызыл иекпен байланысты проблемаларды шешуге көмектеседі. Натрий гексаметафосфаты тіс тасының пайда болуына жол бермейтін заманауы құрауыш болып табылады. Бүгінгі таңда аталған құрауыштарды Procter&Gamble компаниясы Blend-a-med PRO-EXPERT тіс пасталарының желісінде, соның ішінде бағасы қолжетімді «Все в одном» («Бәрі бірге») жаңа тіс пастасында ұсынып отыр.
Тістің жылтыр қабығының гиперестезиясын емдеу үшін тек қана тіс пастасын пайдалану жеткіліксіз. Тіс емдеу тәжірибесінде мамандар бірқатар кәсіби құралдарды пайдаланады: лактарды, гельдерді және қатты тіндердің сезгіштігін қатты қабатты тұмшалау арқылы төмендететін десенситайзерлер. Тістің гиперестезиясын емдеу кезінде тістің ақаулары анық көрінген жағдайда зақымдалған жылтыр қабықты немесе қатты қабықты қазіргі заманғы пломбалайтын материалдардың көмегімен қаптау немесе байланыстырғыш тін трансплантатын көшіру сияқты хирургиялық отаны жасау қажет болуы мүмкін.
Егер тамақ жеген, тіс тазалаған немесе деміңізді ішіңізге тартқан кезде тісіңіздің жылтыр қабығының гиперестезиясын сезінсеңіз дереу тіс дәрігеріне немесе стоматологиялық гигиенистке жүгініңіз. Ең бастысы – қорықпаңыз! Өйткені аузыңыздың жағдайын дұрыс бағалау, гиперестезияның пайда болу себептерін анықтау және қалыптасқан жағдайдан дұрыс шығу жоспарын құру үшін сізге тек қана маманның қызметі қажет. Ертерек маманға жүгінсеңіз – емнің нәтижелі болатыны сөзсіз. Денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі аурудың алдын алу екенін  ұмытпаңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс