2017 көктеміне арналған негізгі гардероб: әлемдік трендтер

2017 көктеміне арналған негізгі гардероб: әлемдік трендтер

Көктемде барлық әйелдер тек табиғаттың ғана емес, гардеробтың да жаңарғанын қалайды! Киім ілгіште тек жаңа жадағай мен көйлектер «сән беріп», ал аяқта соңғы үлгідегі етік байқалса.


Олай болса, әлемдік дизайнерлердің биылғы маусымда қандай киім киюді ұсынатын кеңесін тыңдайық!
 
1. Асимметриялы пішім
Кейде сән көрсетілімдерінде дизайнерлер үлгіні шатыстырып, түрлі киімнің бөлшектерін біріктіріп тіккендей сезіледі – шындығында ешқандай да дұрыс сызықтар туралы әңгіме жоқ! Бұл маусымда симметрия неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы!

2. Кезбе жолақ пен тор
Егер сіз жолақ немесе торлы киімді таңдасаңыз, еш қателеспейсіз. Соңғы сән көрсетілімдері жолақты шалбарларды, көйлектерді және, тіпті, сөмкелерді, сондай-ақ торлы жадағай мен пальтоларды ұсынуымен берекелі.
3. Жасанды және табиғи былғары
Егер бұған дейін дизайнерлер былғары киімдерді ескермей келсе, енді бұл маусымда олар сол олқылықтың есесін артығымен толтыруда! Сәнге қайтадан қосылғандар ішінде былғары күртелер, жадағайлар мен шалбарлар ғана емес, сонымен қатар әдемі көйлектер мен белдемшелер де бар! Бұл ретте былғарының қара түсті болуы міндетті емес, көк, қара қошқыл қызыл және сұр түсті нұсқаларға назар аударуыңызға болады.

4. Мундирлер
Қысқартылған мундир-жекеттер мен шинельге ұқсайтын пальтолар көптеген дизайнерлердің топтамасында көрінуде. Және бұл бекер емес! Олар шалбармен де, белдемшемен де жарасымды көрінеді және бейнеге таңғажайып сүйкімділік сыйлайды.

5. Барқыт және шибарқыт
Барқыт пен шибарқытты ұнататындарға жақсы жаңалық бар! Осы игі маталардан тігілген киімге дизайнерлердің көпшілігінің көзі түсе бастады. Трендтен қалыспайын дейсіз бе? Барқыт немесе шибарқыт шалбар мен пенжектерді емін-еркін киіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

6. Қысқартылған шалбар
Қысқартылған шалбар әлемдік сән төріндегі салтанатты шеруін жалғастыруда. Сонымен бірге, егер бұрын негізінен тарылған үлгілері кездескен болса, бұл маусымда кеңдеуі сәнде! Оларды тобықты етікпен немесе биік өкшелі туфлимен үйлестіріңіз.

7. Терімен әрлеу
Тері тек сырткиімге ғана сай келеді деп ойлайсыз ба? Бұл маусымда дизайнерлер мұнымен келіспейді! Соңғы сән көрсетілімдерінде терімен әрленген көйлектер, белдемшелер мен кеудешелер ұсынылған. Өте әдемі, жаңаша және керемет көрінеді!

 
Сізге қандай көктемгі трендтер бәрінен артық ұнады? 

8march_flowers
Құттықтаймыз, сіз бесінші гүлді таптыңыз!

Гүл шоғы жиналды! Тест сұрақтарына жауап беріп, сыйлық алыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс