Белдемше ме, әлде шалбар ма?

Белдемше немесе шалбар

Айналаға қарасаң, бүгінгі таңда 80 % әйелдер көбінесе шалбар таңдайды. Заманауи өмір бізден белсенділікті талап етеді, демек, киімнің де ең алдымен функционалдылық пен ыңғайлығына аса қатты қараймыз деген сөз. Осы себептен белдемшелер шалбардың қатарына ілесе алмай, артта қалады. Бірақ белдемшелерге де назар салатын кез келген шығар?


Трендте
Әрине, әрбіреуімізде белдемше мен көйлек топтамасы бар, бірақ оларды те сирек кештерде ғана еске түсіреміз. Дерек дерек болып қалады: серуендеуге, киноға шыққанда немесе құрбыңа қонаққа барғанда, біз ең алдымен шалбарға қол созамыз. Дресс-коды қатаң компанияның өзі соңғы уақытта дәстүрлі белдемше мен пиджактың орнына жұмыс істеуге шалбар костюмді киюге рұқсат етеді. Жайлылық бүгінгі таңда танылған тренд, модельерлер кеды мен кроссовкиді балеткаға ресми түрде теңестіргені кездейсоқтық емес. Бастысы, Сізге ыңғайлы болса болғаны! Одан басқа шалбарды таңдау еліміздің климаттық ерекшеліктеріне байланысты болады: қыста, күзде және көктемнің өзінде де шалбар былай алып қарасаң жылы, оған қоса дұрыс аяқ киімді  таңдау әлдеқайда жеңіл.

Мәңгілік құндылықтар
 Әлем қанша өзгерсе де, айналамызда мәңгілік құндылықтар бар: феминизмнің барлық жетістіктеріне қарамастан, көптеген ер адамдар әдеттегідей әйелдерде шалбар емес, белдемшені көргісі келеді. Ер адамдардың пікірінше, белдемше қыздарды биязы, нәзік және еліктіргіш етіп көрсетеді. Шалбар да әйел тұлғасын толықтай әдемі етіп көрсете алады, бірақ ер адамдар өкінішке орай, өз айтқандарынан қайтпайды. Оларға белдемше киген әйелдер көбірек ұнайды, айтылған сөз атылған оқпен тең – ешқандай дәлел Сізге көмектеспейді!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Модельдер қатары
Сүйікті күйеулеріміз сияқты дизайнерлер шалбардың көшбасшыға айналғандығына қынжылады және барлық күшін салып, қазіргі тенденцияны бұзуға тырысады. Жақында подиумға белдемше-шалбар қайтып келді: бір уақытта «сымды костюмді» және «белдемшелік биязылықты» қамтамасыз ететін модель. Оған қоса, кез келген дене пішімнің кемшіліктерін жасырып, сымбатты етеді. Алайда, қазіргі маусымда модельерлер өзара келіскендей, шынымен жайлы және функционалды белдемшелердің көптеген нұсқаларын ұсынды. Көптеген модельдер қозғалысты қиындатпайды, қосымша аксессуарларды қажет етпейді және ұзақ қыстық серуендерді қоспағанда, кез келген жағдайларда орынды пайдаланылады. Қалың матадан тігілген миди белдемшелер суықтан жақсы қорғайды және жалпы алғанда, ұзындығының арқасында лайлы және шалшықты жерлерге киюге жарайды. Модельдердің стильдік алуандылығын да ескеру қажет – әрбіреуіміз еш қиындықсыз өзімізге жарасымды үлгіні таба аламыз. Сәнде стильді трапециялар, биязы қызғалдақтар, қатаң қарындаш тәрізді белдемшелер, қыста киетін кең етекті күн сияқты белдемшелер деп аталатын ескірмейтін модельдер де бар.

Басқаша айтқанда, осы жылы дизайнерлер белдемшелерге жоғары позицияларды қайтару үшін шынымен бар күштерін салды. Оларды қолдайық, оған қоса біздерге де осы ұнауы тиіс. Ал сүйікті күйеулеріміз шынымен разы болады!

Сіз өзіңізге не жақсы екенін шештіңіз бе: белдемше ме, әлде шалбар ма? Белдемшені қаншалықты жиі киесіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс